Кетпе/Ketpe

Развлекательный портал

Қарыздан құтылу үшін

Сұрақ: “Мына дұғаны оқысаң кедейліктен құтыласың” деп айтылып жатады. Дұға оқумен кедейліктен қалай құтылуға болады?

Жауап: Дініміз еңбек етіп күн көріс қаражатын табуды әмір еткен. Хазреті Омар: “Еңбек етіңдер, ақша табыңдар, жұмыс істеместен ризық күтпеңдер. Аллаһу та’ала аспаннан ақша жаудырмайды ” деген. Хазреті Лұқман Хаким: “Еңбек етпей мұқтаждықта болған адамның діні мен ақылы нұқсан” деп айтқан. Ризық үшін алаңдамау керек. Құран кәрімде: «Барлық тіршіліктің ризығы Аллаһқа тән» делінген. (Худ 6) Хадис шәрифтерде де былай делінеді:

«Ең жақсы ризық халалға және харамға мән беріп маңдай термен табылған табыс.» (Нәсаи)

«Ғибадат он бөліктен тұрады. Оның тоғыз бөлігі еңбек етіп халал жолмен табыс табу.» (Дәйләми)

«Ризық үшін қамықпа, тағдырыңда болған ризық сені табады» (Исфахани)

«Ата-анаға, бала-шағаға қарау үшін, ешкімге мұқтаж болмау үшін еңбек ету – жиһад.» (И. Асакир)

«Мұқтаждығын адамдарға айтатындар мұқтаждықтан құтыла алмайды. Ал Аллаһқа салғандар мұқтаждықтан құтылады.» (Хаким)

“Мынадай дұғаны оқысаң кедейліктен құтыласың” дегені, ол дұға қабыл болса, сол дұғаны оқыған адамға бір жұмыстың көзі ашылады немесе ойламаған жерден ризыққа қауышады деген сөз. Ауруға шалдыққан адам сол ауруы үшін дұға ететін болса, жазылуына себеп болатын дәрі-дәрмекті табады немесе тағы басқа бір себеппен сауығады. Жұмыс істеу ризықты көбейтпейді. Ризықты Аллаһу та’ала береді. Жұмыс істеу сол ризықтың себебіне жабысу болып табылады. Себепке жабысу – сүннет. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«“Өмір-жасым ұзақ, ризығым мол болсын” деген адам туыстарынан хабар алсын, оларға қамқор болсын » (И. Ахмед)

«Таңғы ұйқы ризыққа кедергі болады» (Бейһақи)

«Кімде кім Аллаһтан қорқуды өміріне негіз қылып алса, ризыққа сауда-саттықсыз және капиталсыз қауышады. Құран кәрімде “Кім Аллаһтан қорықса Аллаһ оған шығу жолын ихсан етеді және ойламаған жерден ризық жібереді.” деп бұйырылған.» (Талақ 2,3 – Табарани)

«Үйге кірерде Ихлас сүресін оқыған адам кедейшілік көрмейді» (Т. Қуртуби)

«Қиыншылыққа түскен немесе қарызданған адам мың рет “Лә хаулә уә лә қууата илла биллаһил алиилазыйм” десе Аллаһу та’ала ісін жеңілдетеді» (Шира)

Қарыздан құтылу үшін: «Аллаһуммә әкфини бихалаликә ан харамикә уә ағнини би фадликә аммән сиуәкә» дұғасын оқу керек.

Сұрақ: Пайғамбарымыздың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” Сахабалардан болған хазреті Әбу Умамәге үйреткен дерттен және қарыздан құтылу дұғасы бар екен. Ол қандай дұға?

Жауап: Сахабалардан Әбу Саид Худри баяндайды:

Бір күні пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” мешітке кіріп ол жерде Әбу Умамәні көрді. Одан «Ей Әбу Умамә! Мен сені неге мешітте намаз уақытынан тыс уақытта көріп тұрмын?» деп сұрады. Әбу Умамә: «Мені қаптаған дерттер мен қарыздарымның кесірінен Йа Расулаллаһ.» деп жауап берді. Пайғамбарымыз: «Саған бір дұға үйретейін, бұл дұғаны оқығаныңда Аллаһ дертіңе дауа береді, қарыздарыңнан құтылдырады. Таңертең және кешке осы дұғаны оқы.» дейді. Ол дұға мынадай:

«Аллаһуммә инни әузу бикә минәлһәмми уәлһазән уә әузу бикә минәл ажзи уәл кәсәл уә әузу бикә минәл жүбни уәл бухл уә әузу бикә мин ғаләбәтиддәйни уә қаһрир-рижал.»

(Йа Раббым! Қайғы-қасіреттен, дерттен, қабілетсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қарызымды қайтара алмаудан және адамдардың қысымынан саған сиынамын.)

Хазреті Әбу Умамә: «Осы дұғаны оқыдым, дертім де жоғалды, қарызымды да төледім» деді. (Әбу Дауд)

Сұрақ: Қарыздан құтылу үшін дұға бар ма?

Жауап: Қарыздан құтылу үшін оқылуы білдірілген бірнеше дұға бар солардың екеуін келтірейік. Бір хадис шәрифте былай делінген: «Ей Муаз! Саған бір дұға үйретейін бе? Ухуд тауындай қарызың болса да Аллаһ сол қарыздарыңды қайтаруды нәсіп етеді. Былай дұға ет: Аллаһуммә мәликәл-мулки ту’тил мулкә мән тәшә-у уә тәнзиул мулкә миммән тәшә-у уә ту’иззу мән тәша-у уә тузиллу мән тәшә-у биядикәл-хаир иннәкә ала кулли шәйин қадир. Тулижул-ләйлә финнәһари уә тулижуннәһара фил-ләйли уә тухрижул-һаййә минәл мәйити тухрижул-мәйитә минәл-һайи уә тәрзуқу мән тәшә-у биғайри һисаб (Бұл жерге дейін жазылған бөлігі Ал-Имран сүресінің 26-27 аяттары. Түпнұсқасына қарап оқу керек.) Рахмәнәддуниа уәл ахирәти уә рахимәхума ту’тиһимә мән тәшә-у уә тәмнәу минһумә мән тәшә-у ирхамни рахмәтән ту’нини биһа аммән сиуакә» (Табарани)

Хазреті Абдуллаһ Қурәши былай деген:

Бір күні ұстазым Әбур Раби маған: “Саған бітпейтін, таусылмайтын бір қазына үйретейін бе?” деді. Мен “үйретіңіз” дедім. Ұстазым маған: “Мына дұғаны үнемі оқып жүр!” деді. Ол дұға мынадай еді:

«Йа Аллаһ, йа Уаһид, йа Мужид, йа Жәуад, йа Басит, йа Кәрим, йа Уәһһаб, йа зәт-Таул, йа Ғани, йа Муғни, йа Фәттах, йа Рәззақ, йа Алим, йа Хайй, йа Рахман, йа Рахим, йа Бәдиассәмауати уәл ард, йа зәлжәләли уәл икрам… Йа Ханнан, йа Мәннан инфәһни минкә би нәфһати хайрин туғнини биһа аммән сиуак… ин тәстәфтиху фәқад жә’акумул-фәтх… Иннә фәтәхнә ләкә фәтхән мубинә… Насрун миналлаһи уә фәтхун қариб… Аллаһүммә йа Ғани, йа Хамид, йа Мубди, йа Му’ид, йа Уәдуд, йа зәларшил Мәжид, йа Фә’алән лимә йурид, икфини бихәлаликә ан харамикә уә ағнини би фадликә аммән сиуакә уәхфазни бимә хафизтә биһиззикр… уәнсурни бимә насартә биһиррусүл… иннәкә ала кулли шәй’ин қадир…»

Одан кейін маған: “Кімде-кім бұл дұғаны әр намаздан кейін, әсіресе жұма намазынан кейін оқыса Аллаһу та’ала ол адамды әр түрлі жамандықтардан сақтайды. Дұшпандарына қарсы жеңісте болады, ол адамға ойламаған жерден ризық береді, өмір сүруін оңайлатады. Қарыздары таудай көп болса да Аллаһу та’аланың мейірімімен, ұлылығымен және қолдауымен қарыздарынан құтылады.” деді.

Сұрақ: Қарызды қайтаруды кешіктіру күнә бола ма?

Жауап: Қарызын уақытылы қайтармаған адам, қарыз берушіден қайтару мерзімін ұзартуын сұрау керек. Жағдайы бола тұра қарызын қайтармау күнә болады. Хадис шәрифте: «Кімде-кім жағдайы бола тұра қарызын қайтаруды кешіктірсе, күн сайын (қарызын қайтарғанға дейін) ол адамның амал дәптеріне “зұлым ету” күнәсі жазылады.» (Табарани)

«Қайтармау ниетімен қарыз алған адам, қиамет күніне ұры деген атпен жетеді.» (Ибни Маже)

«Алған қарызын қайтарғысы келмеген адамға Аллаһу та’ала, қиямет күнінде, “Бұл адамның ақысын, сенде қалдырады деп ойладың ба?” дейді де, ол адамның жақсы амалдарын алып, қарыз берген адамға береді. Егер қарызын қайтармаған адамның жақсы амалдары жоқ болса, оған қарыз берген адамның жаман амалдарын, күнәларын жүктейді. (Табарани)

«Бай адамның (қайтаруға жағдайы бар адамның) қарызын төлемей, өтірік алдап жүруі зұлым болып есептеледі.» (Бұхари) (Қарызын уақытылы қайтармауға зұлымдық, қайтармаған адамға залым деп айтылған.)

«Аллаһу та’ала залым байды жақсы көрмейді, оны жек көреді.» (Бәззар) Қарызы бар адам қарызынан құтылмай тұрып садақа бермеуі керек. Себебі хадис шәрифте: «Қарызы бар адамның садақасы қабыл болмайды» делінген. (Бұхари)

Берілмеген зекет де қарыз болып есептеледі. Қарызды қайтару, зекет беру парыз болып табылады. Зекеттен қарызы болған адамның берген садақасы қабыл болмайды. Әууелі осы қарыздарын өтеуі керек. Сол сияқты парыз намазынан да қарызы (қазасы) бар адамдардың нәпіл намаздары қабыл болмайды. Сүннет намазы да нәпіл намаз деген сөз. (Н. Фиқһийа)

Қарызданбауға тырысу керек! Хазреті Лұқман Хаким: «Қарыз жүгінің астында езілгенше, тас тасыған жақсы» деп айтқан. Себебі қарыздану, адамды күпіршілікке дейін апарады. Сүйікті пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” «Я Раббым, күпіршілікке түсуден және қарызға кіруден саған сыйынамын.» деп қарыз болудың өте жаман екендігін білдірген. (Нәсаи)

казакша,қазақша,дугалар,дұғалар,карыздан кутылу ушин дуга
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.