...

Кетпе/Ketpe

Добро пожаловать на развлекательный портал Кетпе

Қиыншылықтан құтылу үшін не істеу керек

Жауап: Қиыншылықтан құтылу үшін себептерге жабысу керек. «Еңбек етпей дұға еткен адам, қарусыз соғысқа аттанған адаммен тең» деген хадис шәриф те себептерге жабысуды әмір етуде. Құран кәрімде «Әрбір қиыншылықтың бір жеңілдігі (оңайлығы) де бар» делінеді. Қиыншылықтан құтылудың да шарасы бар. Еш бос уақыт өткізбеу керек, өзіне пайдалы бір кәсіп табу керек. «Сабыр – құтылудың кілті» деген сөзге амал етіп, еңбек етіп сабыр етіп, қиындықтан шығудың жолын іздеу керек.

Психологтар қиыншылықтан құтылудың ең басты шарасы “бос отырмау” деп білдіреді. Өзіңіз жақсы көріп істейтін, өзіңізге ұнайтын істер тапсаңыз жеңілдейсіз. Сонымен қатар кейбір дұғаларды оқу да өте пайдалы.

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Күнде таңертең және кешке жеті рет “Хасбиаллаһу лә илаһә иллаһу аләйһи тәуәккәлту уә хуә раббул аршил азыйм” дұғасын оқыған адам дүние және ақырет қиыншылығынан құтылады.» (Ибни Сүнни)

«”Лә хаулә уә лә қууәта иллә биллаһ” кәлимасын оқу 99 дертке дауа. Бұлардың ең жеңілі қиыншылық.» (Хаким)

«Бір қиыншылыққа тап болғанда “Бисмилләһиррахманиррахим уәлә хаулә уәлә қууәта илләбиллаһил алиилазыйм” деген адамды Аллаһу та’ала қиыншылық және бәлелерден қорғайды.» (Дәйләми, Ибни Сүнни)

«Ризыққа қауышқан адам көп “әлхамдулилләһ” десін. Ризығы азайған адам көп истиғфар (әстағфируллаһ) айтсын. Ренжіп көңілі түскен адам “Лә хаулә уә лә қууәта иллә биллаһ” десін.» (Бәйһақи, Хатиб)

«Қиыншылыққа түскен немесе қарызданған адам мың рет “Лә хаулә уә лә қууәта иллә билләһил алиил азыйм” десе Аллаһу та’ала ісін жеңілдетеді.» (Шира)

«Ясин сүресін оқыған адамның қиыншылығы кетеді.» (Дәйләми)

«”Лә илаһә иллаллаһ қаблә кулли шәй-ин, лә илаһә иллаллаһ ба’дә кулли шәй-ин, лә илаһә иллаллаһ ябқа Раббунә уә яфни куллу шәй-ин” деген адам қиыншылығынан құтылады.» (Табарани)

«Жұма намазынан кейін Ихлас, Фәләқ және Нас сүрелерін жеті реттен оқыған адам бір апта қаза, бәле және қиыншылықтан құтылады.» (И. Сүнни)

«”Лә илаһә иллә әнтә субханәкә инни кунту минәззалимин” деген адам ұшыраған бәлесінен құтылады.» (И. Сүнни)

«Қиыншылықтан құтылу үшін мына дұғаны оқыңдар: “Лә илаһә иллаллаһулазыйм-улхалим лә илаһә иллаллаһу раббул-аршилазыйм лә илаһә иллаллаһу раббуссамауати уә раббул-әрди раббул аршил-кәрим.”» (Мүслим)

«Қиыншылыққа түскен адам 7 рет “Аллаһ, Аллаһу Рабби, лә ушрику биһи шәй-ә” десін!» (Нәсаи)

«Қиыншылықта “Аллаһ, Аллаһ Раббунә лә шәрикә-ләһ” деңдер!» (Бәйһақи)

Қиыншылықтан құтылу үшін Аллаһу та’алаға көңілден, жүректен жалбарынып 14 сәжде аятын (жатқа, түрегеп тұрып) оқып, әрбірінен кейін дереу сәжде ету керек. (Нур-ул изах)

“Бисмилләһиррахманиррахим уә лә хаулә уә лә қууатә иллә биллаһил-алиил-азыйм” деп оқу жүйке ауруына және бүкіл қиыншылықтар үшін жақсы болады.

Имам Жафар хазреттің қиыншылыққа түскенде оқып қиыншылығынан құтылған дұғасы мынадай: «Йа уддәти ъиндә шиддәти уә йа ғауси ъиндә қурбәти! Ухрусни би айникәлләти лә тәнаму уәқфини бирукникә әлләзи лә йураму» Мағынасы: Ауыр күнде қолдаушым, қиындықта көмегіме келетін, әр сәтте көріп білген Раббым мені құтқар, шексіз құдіретіңмен маған көмек бер!

Хазреті Хасан Басри жұттан, кедейліктен, бала көтере алмаудан шағымданып келгендердің бәріне истиғфар (әстағфируллаһ) айтуын бұйырды. Себебін сұрағанда мына аяти кәриманы оқитын: «Өте кешірімді болған Аллаһу та’алаға истиғфар (әстағфируллаһ) айтыңдар, көктен мол жаңбыр жаудырсын, сендерге мал-мүлік және балалар беріп жәрдем етсін, сендер үшін бақшалар, өзендер берсін.» (Нұх 10-12)

Бір хадис шәрифте былай делінеді:

«Истиғфар айтып жүрген адамды Аллаһу та’ала барлық қиыншылықтан, қайғыдан, дерттен, күн көріс тапшылығынан құтқарады, бақ-берекеге қауыштырады ойламаған жерінен ризықтар жібереді.» (Нәсаи, Әбу Дауд, Ибни Мажә)

Қалтада алтын алып жүру де қиыншылыққа қарсы пайдалы. Садақа беру және 70 рет «Әстағфируллаһ мин кулли мә кәрихаллаһ» деп айту қиыншылықтарды кетіреді. Бұл истиғфардың мағынасы: Йа Рабби разы болмаған нәрселеріңнен не істеген болсам бәрін кешіре гөр, жасамағандарымды жасаудан сақта!

Қиыншылықтан құтылу үшін мыналарға да мән беру керек. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Садақамен қиыншылықтарыңның алдын алыңдар.» (Дәйләми)

«Тарақ қолдану мұңды кетіреді» (Дәйләми)

«Әдемі иіс су және таза киім қамды азайтады.» (Бостан)

«Дәреттен қалған суды ішу дертті кетіреді.» (Дәйләми)

«Ақиқ тастан жүзік тағу қиыншылықты кетіреді» (Уқайли)

«Өзгенің қиыншылығын, мұңын кетірген адамның қиыншылығы кетеді.» (И. Ахмет)

«Қиыншылық кезінде дұғам қабыл болсын деген адам амандық, молшылық кезінде көп дұға етсін!» (Тирмизи)

«Ең үстем ғибадат қиыншылыққа сабыр ету» (Тирмизи)

Құран кәрімде былай делінеді:

«Сабыр және намазбен Аллаһқа сиынып көмек сұраңдар.» (Бақара 45)

«Ей иман келтіргендер, сабыр және намазбен Аллаһтан көмек сұраңдар. Өйткені Аллаһ әлбетте сабыр еткендермен бірге.» (Бақара 153)

«(Дұрыс оқылған) намаз мункәр және фахшадан (әдепсіздіктен, ақылға және дінге жат болған, наша, арақ, зина, ливата секілді әр түрлі жамандықтардан, күнәлардан) сақтайды.» (Анкәбут 45)

Барлық қиыншылықтың шарасы бес уақыт намазды дұрыс оқу болып табылады. Намаз дұрыс оқылса, бүкіл қиыншылықтар жойылады.

казакша,қазақша,дугалар,дұғалар,киыншылыктан кутылу ушин дуга
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.