Ойын-сауық порталы

ҚОНЫС ТОЙЫ

Өрісің кеңіп үй болдың,

Ие боп жаңа пәтерге.

Құлпырып тұр ғой көңілің,

Жуылғандай ақ нөсерге.

Шаттана ұстап кілтіңді,

Шалқайдың, досым, шат күліп.

Ұмыт боп күндер былтырғы,

Жұлдыз боп жанды тәтті үміт.

Көңілінде күй күмбірі,

Жарың да жайраң қағадай.

Түзелер енді тірлігің,

Қуанттың бала-шағаны.

Баспана болмай күй де жоқ,

Қажытар кісі есігі.

Дос-жаран тұрсын үйге кеп,

Тербетіп шаттық бесігін.

Көңілін тапқын көршінің,

Туыстай болар жұптассаң.

Қанатты қаққын серпіліп,

Еркің бар енді бассаң.

Өркендей берсін өренің,

Естіліп “іңгә” – әсем үн.

Кеңісін керегелерің,

Құт әкеп жаңа пәтерің!

коныс тойы, қоныс тойы, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments