Ойын-сауық порталы

СОҒЫМ БАСЫ

Өзгелер таңдай қағып, елеңдейтін,

Халқымның дәстүрі бар көнермейтін.

Жатқа да құрақ ұшар жік-жапар боп,

Аттан түс, қонағым бол, төрем дейтін.

Сақтаған салт-сананы, жораны да,

Мейірбан адамына, қоғамына.

Соңғы асын, сыбағасын сақтап қояр,

Ұсынар ең дәмдісін қонағына.

Жоқ біздей меймандос ел жұмыр жерде,

(Көрінер жомарт жүрек үңілгенге).

Үйіне қонақ келсе мерейі өсіп, |

Ұқсайды жеті атасы тірілгенге.

Ежелгі жақсы дәстүр жалғасқан көп,

Жарқылдап өткен бабам алдаспан боп.

Қадірлі қонағына жамбас тартып,

Бас сыйлап, өткен екен ол қастерлеп.

Береді соғым сойса соғымбасы,

Тартынып қалмас қолда барында асы.

Бүгінгі бұл қазақтың ұрпағы да,

Белгілі дәстүрінен жаңылмасы.

асаба, тамада, согым, соғым, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments