Сыңарым деп білгесін бір өзіңді,
Жанұям сен туралы біле жүрді.
Маматай ол қыз өзіңізден аумайды деп,
Анама сенің мақтадым мінезіңді.
Сен көйлек, мен ақ жейдемен,
Есімде кештер билеген.
Билеген қызды сүйгенем,
Мен сүйген қызға үйленем.
Ханшаға лайық сыйменен,
Апарам елге күймемен.
Бір хабар беріп үйге мен,
Қайтсемде саған үйленем.
Бірісің жүректегі бөлшектердің,
Өмірді күлкіңменен өлшеп келдім.
Сырласып жүріп әкеммен бақ ішінде,
Суреттен сұлу бейнеңді көрсеткенмін.
Сен көйлек, мен ақ жейдемен,
Есімде кештер билеген.
Билеген қызды сүйгенем,
Мен сүйген қызға үйленем.
Ханшаға лайық сыйменен,
Апарам елге күймемен.
Бір хабар беріп үйге мен,
Қайтсемде саған үйленем.