Ойын-сауық порталы

Қышыма сөз таптары

Мен алғашқы рет жан-тәніммен сол бір жанға өлердей ғашық болдым. 2010 жылдың 8 қыркүйекте КВН де бір, ауылынан келе жатқанда бір,телефонда сөйлесіп жатқанда бір және 15 қыркүйекте бір,не бәрі 4 рет қана көріп жүре бастадым. Мен ол жанның ішкі жан дүниесімен таныс болмай, қыр-сырын білмей қателікке жол қойдым. Бірақ сонда да оны сүйгеніме өкінбеймін. Талай уақыт ұрысып та, жарасып та келдік. Ал қазіргі жағдайымыз өте өте нашар.Мен кінәні ешкімнен іздемеймін, кінәнің бәрі мүмкін өзімде.Мейлі мені сүймесін, ойламасын тым құрығанда бір сәтке есіне алып жүрсе соның өзі жеткілікті. Ол мен үшін үлкен қуаныш. Сол кездегідей ләззәтқа батқым келді бірақ өзіне айта алмадым, қасына барғанымда сөйлей де алмай қаламын сүйгенім соншалық екен.Мені көргісі келмейтінін айтқанда өзімді әлемдегі ең жаман адам секілді сезіндім. Үйден оқуға баратын шақта сол баяғы сөздері қайта-қайта естілетін. Амалсыз оқуға да бармасам болмайды,сүйгенімді көрмесемде болмайды. Мен сол жанның келуін тағатсыздана күтудемін, әттең бірақ кеш. Махаббатымды қолымда ұстай алмай қалдым.Тек өтінерім мені ұмытпасын. Күндіз-түні ойымда және түсімде. Мен сүюді де, ләззәтқа бөленуді де сол жаннан үйрендім. Алғашқы да соңғысы да жүрегімнің иесі сол ғана бола алады. Жүрегіме есімі жазылған,өшіру қолымнан келмейді. Бір жердеміз бірақ қас дұшпандай. Жүрекке әмір жүрмейді десе сенбеп едім. Алғашқы рет сүйемін деген де, жас балаша қуандым мен де, неге тағы сүйемін дегенде сенбеймін неге, сенбеймін неге??? Қасымда созсам қолым жетпейді,жақында қадам бассам өтпейді. Жүректі тағы күйдіріп, елестен неге тағы кетпейді. Мейлі сүйме мен сүйемін сені,мейлі жүрме мен іздермін сені. Сүйген жан ешқашан сезімін жасыра алмайды екен. Мен бәрібір сені сүйемін жаным!

кышыма соз таптары,казакша махаббат хикаялары,қазақша махаббат хикаялары,махаббат жайлы ангимелер,романтикалык хикаялар,романтикалық хикаялар,гашыктар ангимеси,жылататын хикаялар
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments