Алыс сапардағы сағынышым,
Жамандықты жасыратын қорғанышым.
Жақсылықты асыратын қолдап ісім,
Досым.
Күндерді арқалап жеңіл ауыр,
Боласың шатырым тұрса дауыл.
Мен үшін болып кеткен туған бауыр,
Досым, Досым.
Жалғыздықта қалдырмайтын жан серігім,
Мұңайғанда тауып берер әр себебін.
Сырласуға маған тек сен керегі,
Досым.
Заманымда өзіміздің көрдік талай,
Қанша рет жыртылса да кері жамай.
Сағынамыз сол кездерді казір қалай,
Досым, досым…