...

Кетпе/Ketpe

Добро пожаловать на развлекательный портал Кетпе

РУЛАРДЫҢ ТАҢБАСЫ

Үш жүздің жүздеген руларынан тұратын қазақ халқының басқа ұлт, ұлыстардан өзіндік бір ерекшелігі күн жүйесіне қатысы бар, бейнесі мағынаға бай рулық жеке таңбаларының болуы. Ол жартастарға қашап жазылып, есейдің ғылыми мұрағаттық комиссиясының зерттеулерінде жинақталып, шежіреші, тарихшы ғалымдарымыздың қолжазбаларында сақталып бізге жетті. Әр тайпаның, рудың таңбаларына байланысты болжам, аңыз әпсаналар аз емес. Соның бәрі де таңбаның ерекше белгі, қасиетті рәміз екенін айғақтайды.
Таңба дегеніміз не?
Түркі ұлыстарында таңба ежелгі заманнан-ақ қолданылған. Зерттеушілер оны қазақ даласының әр түкпіріндегі жартастар мен үңгірлерден, өзен аңғарларындағы малта тастардан, дала төсіндегі балбалбардан, ескі қорымдардан тауып, мұнда қашап, егеп жазылған идеограммалар мен геометриялық түрлі белгілер арқылы оны бізге анықтап беріп отыр.
Ғалымдардың пайымдауынша, таңбалардың өзіндік эволюциялық даму жолы бар. Ол пиктографиядан басталып, ғылыми біртұтас жүйеге бағынған рулық таңбалардың руникалық тұжырымдамасына, бағзы түріктердің ортақ тұтынған руна жазу үлгісіне дейінгі мерзімді қамтиды. Таңбаларда көшпелі түркілердің дүниетанымы, дәстүрі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, ырымы мен ақыл-ой даналығы, білімі мен білігі, рухани мәдениеті мен тарихи тағлымы тұнып тұр. Бұл құндылықтардың бәрі де таңбаға көшіріліп, құпиясы жасырын сақталған. Сол себепті, ежелгі түркі мәдениетінің сыр-сипатымен танысқысы келген адам ең бірінші, таңбатану ілімін меңгеруге тиіс.
Қазақстан. Ұлттық энциклопедия кітабының сегізінші томында таңба хақында былай деп жазылыпты: Әлемдік хат мәдениеті тәжірибесінде құпия сақтау мақсатында туған код пен шифр арқылы жазу үлгілерімен салыстырғанда көшпелі түркілердің рулық таңбалары мен руникалық тұжырымдамасы жер бетінде қайталанбайтындығымен ерекшеленеді. Ғылыми әдебиеттерде идеографиялық жазудың айрықша түрі ретінде таңбаны атайды.
Сонымен, таңба дегеніміз не? Оған талантты ақын ағамыз Бақыткерей Ысқақтың Таңба деп аталатын мына бір жыр-толғауы нақты жауап қайтарғандай:
Әр тайпаның, сан рудың

болған жеке таңбасы,

Сол таңбаның құлпытастан,

Малға түскен жалғасы.

Жат халықтың таңбасынан,

Жерін, малын қорғаған,

Жарлы болсын,

арлы болған, ол заманның баласы.

Қиялымен өлшеп ойын,

Топшылаған ақылмен,

Санасында шырағы бар

адал жанның алды кең.

Келін алып, қыз ұзатып,

батыс, шығыс, оң, солға

Жүрек шаншыр мұңын ғана,

Тек бөліскен жақынмен.

Тағдыр – өзен тасығанда,

Кеңге жаяр арқасын,

Жат мекеннен сауға сұрап,

Жер, су, қоныс табарсың,

Құштарлықтың алапаты,

көтерсе де билікке

қорқытып та, күшіңмен де

ала алмайсың таңбасын.

Мөр, жалауда, анықтағыш,

Таңбасы бар аңның да,

Өзен, тауы бояуымен,

шыққан күн мен таңның да.

Елдің даңқын көтереді,

Шоқтай зерлі жалаулар,

Патша, Батыр, Антын берген,

тізе бүгіп алдыңда!

Ел таңбада

тарихы бар алмағайып ғасырдың,

Қол таңба да

Жан сыры бар, салт-өнері асылдың.

Ел таңбада

Ырыздығы, тірлік көзі, байлық бар,

Сүйегіме таңба салмай,

Мен де намыс асындым.

Қасиетті, Ұлы Бақыт,

Қадыр, Атақ, Айбын да,

Махаббаты, Сұлулығы,

аясында, бойында.

Ұлытауда, қашап салған,

тұр Абылай таңбасы…

Көк ғарышта Алла берген,

Таңбасы бар Айдың да!

Неміс ғалымының қателесуі
Дешті Қыршақ ұрпақтарының таңбасы көп халықты, көп ғалымды қызықтырғаны мәлім. Орынбордың ғылыми мұрағат комиссиясы башқұрт, қырғыз (қазақ, М.С.) таңбалары туралы зерттеу еңбек жазды. Германия ғалымы Иоганнес Фридрих таңбалар жөнінде тарихи-танымдық түсініктеме жасады. Алайда бірқатар зерттеушілер таңбалар дүние-мүлік, төрт түлік малды ажырату үшін ғана салынды, – деп жаңсақ, жеңіл ойлы пікірлерді айтып, таңбаның көшпелі түркі халқының өміріндегі маңызын түсінбеді.
Неміс ғалымы Иоганнес Фридрих те таңба хақында қатты қателесті. Ол: Көшпелі халықтарда бүгінгі күнге дейін сақталған идеографилық жазудың айрықша бір түрі таңба үй жануарларының құлағына ен ретінде салынып, күйдіріліп теріге басылып немесе бұйымдарға бояумен кескінделеді. Таңба өркениетсіз халықтардың барлығының қолданысында бар (История письма, М., 1979, 40 стр).
Біздің білетін шындығымыз, өзіндік көзқарасымыз: көшпелі түркілерде таңба әмбебап қызмет атқарған. Таңба ұғымының бастапқы мағынасының өзі Ойлап табу, тану. Оның мәдени-рухани астары қат-қабат. Тек, уақыт көші алға жылжып, түрлі қоғамдық саяси жағдайлар қалыптасқандықтан, таңбалардың бұрынғы құпиясы, қадір-қасиеті ұмытылып, қосалқы ру тайпа таңбасына, символикалық белгісіне айналып кеткен. Сол кезде таңбаның мал-мүліктің иесін аңғартатын мағынасы ғана назарда болып, соған ғана мән берілген. Тіл мамандарының болжамынша, таңбадан теңге, тамғашы таңбашы ұғымдары пайда болған. Көшпелі түркілердің мәдени ықпалы көрші елдерге күшті болып тұрған заманда теңге танга деньги, тамғашы таможня сөздері славян тілінің акустикалық артикулляциялық ерекшелігіне сәйкес бейімделіп, сөздік қорына әбден берік орныққан көрінеді.
Таңбалардың табиғатпен байланысы
Ру, тайпалардың таңбаларын жеке-жеке алып, талдап-таразыласақ, олардың екі белгі негізінде жасалғанын аңғарамыз. Біріншісі қысқа, шағын таяқша сызық. Екіншісі шағын дөңгелек сызық бейнесі. Мұны жекелей тостаған деп те атап жүр. Көне халық түсінігінде, түзу сызық әліп көлденеңінен де, тігінен де жазық даланы білдіретін белгі. Әл-Фарабидің материалдық дүниені бөлу теориясы бойынша, дөңгелек сызық күн таңба-шеңберлік тізбекте қозғалатын уақыт іспеттес, ал таяқша сызық оң (әліп) кеңістік. Жалпы, қазақша әліптің жұлдыздық мағынасы да бар. Оқ генеалогиялық (шежірелік) тізбекке жиі енетін белгі. Оғыз қаған туралы аңызда садақ пен алтын оқтың тайпа белгісі ретінде пайдаланылғаны айтылады. Таяқша сызық дара күйінде көсеу деп аталып, оған түрлі қосымша сызықтар қосу арқылы сан алуан туынды жаңа таңбаларды жасай беруге болатыны белгілі. Соған сәйкес оның жаңа түріне ұқсас жаңа атаулар да өмірге келеді: ашамай, босаға, балға, түйемойын, тарақ, бақан, тұмар және тағы да басқалары. Олар қазақ халқының этногенезін құрайтын бір-бір рудың, тайпаның таңбасы болып саналады. Және де көптеген ру таңбаларының графикалық бейнеленуі күннің идеограммасы тәрізді.
Таңбалардың шифры бейнелерден, яғни, мифиологиялық, космологиялық ойлау ерекшеліктеріне байланысты болып анықталғаны айтылып жүр. Ә. Марғұланның айтуынша: Күнге, айға көп табынған елдің бірі қаңлының таңбасы күн, ай, үшкіл. Мұндағы үшкіл таңба да ғарышқа қатысты. А.Машановтың зерттеуінде: Жер Күн Жұлдыз үшеуі тікбұрышты үшкіл бейнесін жасап тұр. Осы бұрыштың ең қысқа қабырғасы Жер мен Күн арасының қашықтығы. Ал, үшкілдің сүйір басы жұлдызда. С.Ақатаевтың жазуынша: Шапырашты руының Сұраншы және Бағыбай батырларының найзасының сабына қасқырдың басы бейнеленген ұшбұрыш алтыннан құйылған. Осы рудың таңбасы үшбұрыш қасқыр басының идеограммасы. А.Машанов: Үшкіл жазық бет, – дейді. Оны көлемді түрде алсақ, ол үш өлшемді болады (ұзындығы, ені, биіктігі). Екі өлшемді жазық (ұзындығы мен көлемі): Бір өлшемді сызық (ұзындығы). Осыған сәйкес наймандардың ортақ таңбасы екі өлшемді жазық болып келетін көрінеді. Сөз орайы келгенде айта кететін жағдай, наймандарда тотемдік бұқаға табыну да болды. С.Аманжоловтың пайымдауынша, наймандарда бағаналының таңбасы мүйізге ұқсас. Ол қарсы қарап тұрған бұқаның басы бейнесінің идеограммасы.
Таңбалар туралы құнды еңбектер
Көшпелі түркі халықтарының рулық таңбалары, оларға байланысты аңыз әңгімелер аз емес. Бұлар Рашид әд-Диннің, Г.Н.Потаниннің, А.И.Левшиннің, Н.И.Гродековтің, Н.А.Аристовтың, Ш.Құдайбердіұлының, М.Тынышбайұлының және тағы да басқалардың еңбектерінде кеңінен баяндалған. Соған сәйкес әртүрлі ғылыми болжамдар да жасалып, таңбалардың шығу тегі туралы да әр деңгейде талдап, көрсетілген. Солардың ішінде алғашқылардың бірі болып Қазақтың рулық таңбалары белгілі бір жүйеге бағынған деген пікір айтып, оны дәлелдеуге тырысқан зерттеуші Н.А.Аристов.
Ең бастысы, Е.Д.Поливанов Орхон бойынан табылған ежелгі түркі руникалық жазуының генезисі рулық таңбалардан бастау алған деп, нақты мысалдармен оны дәйектеп берді. Ғалымдар мұның түркітану ғылымын жаңа бағытқа бұруға оң ықпалының тигенін айтады. Тіпті, Т.Досанов таңбаның жүйесі мен мән-маңызын айқындайтын ғылыми әдістемесін өмірге әкелді. Бұл рулық таңбаларды жаңа қырынан танып білуімізге жарқын жол ашып отыр. Н.А.Баскаковтың русские фамилий тюркского происхождения атты еңбегінде орыстанған түркі текті әулеттердің гербтері туралы айтылады. Сонда осы гербтердің негізі бағзы рулық таңбаларымыздан алынғанын айқын аңғара аламыз.
Таңбалар жойылып кетпейді ме?
Түркі халықтарының тектік қасиетінің белгісі рулық таңбасы екендігі ақиқат. Одан әрбір рудың интелектуалдық деңгейінің өрісін де айқындауға, танып-білуге болады. Оны терең түсінген түркі халқының дұшпандары бұл ерекшелігімізді біржолата жойып жіберуді мақсат тұтып, тарихи жадынан өшіруге күш салуда. Соның салдары, түркі тектес халықтардың ішінде түріктер, ұйғырлар, өзбектер, әзербайжандар және т.б. этностар өз руларын ұмытып та қалды, рулық белгілерін таңбаларын жоғалтып та алды. Оған таңбаны меншікті мүлкін ажырату үшін бір сызыққа екінші сызықты жалғау деген тар түсінік те себеп болды.
Қазір қазақтың үш жүзі, оның рулары, шежіре туралы әңгіме қозғалса, кітапшалар жарық көрсе кейбір пысықайлар оны руға, жүзге бөлінгендік санап, дабыл қағады, сөйтіп, қырағылық танытып, патриот болып шыға келеді. біздің ше, оларды рулық таңбаларымыздың жойылып кетуі, мәні мен маңызын жоғалтып алуы мүмкін екендігі ойландырмайды.
Ардақты ағайын, біз рушылдықтан сақтанамыз деп руымызды ұмытып, рулық таңбаларымыздан айырылып қалмаймыз ба, ойланайықшы…
рулық таңба түркілік төлқұжат, өмір шындығын танып білудің даналық құпиясы, ақпараттық жүйе, қоғамдық дамудың интеллектуалдық қуатын танытатын қасиетті рәміз, ұлттық ойлаудың айнасы. Рулық таңбалар қазақтың шығу тегі барша рулардың бірігуінен шыққанын дәлелдейтін тарихи құжат, жәдігер. Тек соның құпия сырларының кілтін таба білуіміз қажет.

Таңба туралы деректер

* Таңба, таңма, тамға ерекше белгі.

* Таңбалар ежелгі заманнан-ақ қолданыста болған.

* Көшпелі түркілердің дүниетанымы, рухани мәдениеті, тарихы таңбаға көшіріліп, құпиясы жасырын сақтаулы тұр.

* Түркі таңбалары туралы Рашид әд-Диннің, Г.Н.Потаниннің, А.И.Левшиннің, Н.И.Гроздековтің, Н.А.Аристовтың, Ш.Құдайбердіұлының, М.Тынышбайұлының еңбектерінде айтылған.

* Қазақтың рулық таңбалары белгілі бір жүйеге бағынған.

* Таңбатануда Е.Д.Плотниковтің еңбегі өте құнды.

* Орыстанған түркі тектес әулеттердің отбасылық гербтерінің негізі рулық таңбаларымыздан алынған.

* Түркі тектес халықтардың ішінде түріктер, өзбектер, ұйғырлар, әзербайжандар т.б. этностар руларын және рулық таңбаларын жоғалтып алды.

* Ежелгі түркі руна жазуы таңбаларынан ортақ модель шығады, сол арқылы күллі ғаламның нысандарын белгілейтін таңбалар жаратылады.

рулардың таңбасы, рулардын танбасы, шежире туралы, шежіре, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
4.4 5 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.