Ойын-сауық порталы

Саржетім

Саржетім Орта жүз арғын тайпасының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша Саржетім тоқал арғын аталатын жеті момын бірлестігіне кіреді. Саржетімнен ақымбет, бегімбет, шымболат және жауғашты аталары тарайды. Ақымбеттен Құлқай руы, Бегімбеттен Өтей руы, Жауғаштыдан Мадияр, Алдияр (Таз) рулары тарайды. Қоныстанған мекендері Қостанай облысына қарасты Обаған, Торғай өзендерінің бойында орналасқан жайылымдары. Саржетімнің кіндігінен шыққан атақты ру басы, батыр, билер: Мадияр би, Өтей батыр, Қарабалуан батыр, Бекбаулы би, Шоқай би, Барақ батыр, Жазы би, Қалыбай батыр және тағы да басқалар. улық таңбасы (00) төмен шекті яғни бүкіл арғынның көз таңбасы дөңгелегінің төменгі жағынан сызық тартумен ерекшеленген, ұраны Ақжол.

саржетим, улы жуз, он сегизинши гасыр, он тогызыншы гасыр, орта жуз, шежире, шежире туралы, киши жуз, дастур, текст создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments