Ойын-сауық порталы

Шегір қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша Ұлы жүз дулат тайпасының жанысынан тарайды. Шын аты Өтей. Шегірден Аманта, Маңлай, Әлібек, Дүкен, Серке, Айт, Қарқара, Жиенқұл, Байсақал ұрпақтары өрбиді. Н.Аристовтың жазбаларына қарағанда Шегірден тараған ұрпақ 19 ғ-дың 2-жартысында Шымкент уездінің Ленгер, Сарыағаш, Түркістан елді мекендерінде, Ташкент уездінің Бостандық, Шыршық деген жерлерінде жартылай отырықшы болып, бау-бақша егу мен мал өсіруді кәсіп еткен. 20 ғасырдың бас кезіндегі межелеуден кейін басым бөлігі қазіргі Төле би ауданы жеріне қарай ығысқан. Біраз аталары Өзбекстанда тұрады. Ұраны Бақтияр, Жаныс, Төле; таңбасы үшкіл.

шегир, улы жуз, он сегизинши гасыр, он тогызыншы гасыр, орта жуз, шежире, шежире туралы, киши жуз, дастур, текст создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments