Ойын-сауық порталы

Шағай қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша Ұлы жүз құрамындағы дулат тайпасының ботбайынан тарайды. Шағайдан Байкүшік, Есенгелді, Кішкентай өрбітіледі. Алғашқы екеуінің ұрпақтарын ел аузында Кішкентай ботбай, ал кейінгісін Шоң ботбай дейді. Олардың әрқайсысынан екі ұлдан өрбіп, алты немересінен тараған ұрпақтарды Алты арыс шағай дейді. Атақты Сыпатай батыр Шағайдың Байкүшігінен, Сәмен батыр Кішкентайдан шыққан. Сәмен батыр ботбай рулар бірлестігінің ұранына айналды. Би әрі батыр Тойшыбек, Кенесары Қасымұлы басқарған қозғалысқа қатысқан. Ел арасында Шағайдан тараған рулардың өкілдері Андас, Диқанбай, Байсейіт, тағы басқа батырлардың ерлігі туралы әңгімелер көп тараған. Шағай ұрпақтары Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағын қоныстанған. Ұраны Ботбай, Сәмен, жалпы таңбасы дөңгелек сипатта.

шагай, улы жуз, он сегизинши гасыр, он тогызыншы гасыр, орта жуз, шежире, шежире туралы, киши жуз, дастур, текст создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments