Кетпе/Ketpe

Развлекательный портал

Тобықты – Орта жүз Арғын тайпасының руы. Ол Арғынның екінші әйелі Момыннан туатын төртеудің бірі – Ақсопыдан тарайды. Тобықты ұрпақтары 17 ғасырдың ақырында Балқаш, Тоқырауын, Қусақ маңын, 5 болыс ел қазіргі Семей облысының жерін мекендеген. Тобықтыдан сөзге шешен, ұрыста қайратты батыр, билер көп шыққан. Ұлан-ғайыр алып жатқан жеріне сай халқы да көп әрі дәулетті, жуан сіңір ел болған. Қалың Тобықтының ішінде өсіп, ел арасындағы дау-дамайға еріксіз араласқан Абай өз өлеңдерінде сол кезеңде атқа мініп, әкімшілік жұмыстарына араласқан би-болыстардың, халықты алдап-арбап, арын сатқан арамза қулардың оғаш мінездерін қатты сынайды. Ақын Патша кұдай, сыйындым… деген өлеңінде: Қайран сөзім қор болды, Тобықтының езіне деп напыса, Кежек байға арналған Бөтен елде бар болса… деп басталатын Ұзақ толғауында бірді бірге айдап салып, ел ішін алатайдай еткен алаяқ пысықтарға ренішін жасыра алмай: Ел бүлігі Тобықты, Көп пысыққа молықты деп ашына айыптайды. Бірақ, бұған қарап Абай бүкіл Тобықты жұртын даттап отыр деуге әсте болмайды. Ақынның қадапа сынап, қаһар төгіп отырғаны сол қалың елдің тыныштық-берекесін кетіріп біткен ездер мен пысықтар. Іргелі ел атанған Тобықтының жақсылығы мен жақсыларын ақын қатты құрметтеген. Сүйікті баласы Әбдірахман мезгілсіз қайтыс болып, көңілі қайғы-шерге толған ақын Бермеген колға, қайтесің… деген жұбату жырында арғы қажы атасын: Тобықтыны ел қылып, Басын жиып қурапты деп мадақ тұтады, жаралы жүрегіне содан медеу тапқандай болады.

тобыкты, улы жуз, он сегизинши гасыр, он тогызыншы гасыр, орта жуз, шежире, шежире туралы, киши жуз, дастур, текст создери
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь родные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которое вам поможет сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб?