Ойын-сауық порталы

Сәулем-ай ТЕКСТ

Сәулем-ай

Аяғыма кигенім былғар етік сәулем-ай
Табанымнан барады ызғар өтіп сәулем-ай
Жақсы болсаң келерсің судан өтіп сәулем-ай
Жаман болсаң қаларсың суға кетіп сәулем-ай

А-хоу
Сәулем, сәулем, сәулемсің
Басымдағы дәуремсің
Жақсы болсаң сәулемсің
Жаман болсаң әуремсің
Жақсы болсаң сәулемсің
Жаман болсаң әуремсің

Ағынында алманың көгі жақсы сәулем-ай
Барынында жаманның жоғы жақсы сәулем-ай
Бір сөз айтсаң жаманға теріс қарар сәулем-ай
Қорғасындай балқыған қайран жақсым сәулем-ай

А-хоу
Сәулем, сәулем, сәулемсің
Басымдағы дәуремсің
Жақсы болсаң сәулемсің
Жаман болсаң әуремсің
Жақсы болсаң сәулемсің
Жаман болсаң әуремсің

Сенде сері сәулем-ай, менде сері сәулем-ай
Шын сүймесең көңілімді бермес едім сәулем-ай
Томағасын алдырған лашындаймын сәулем-ай
Сен болмасаң бұл жерге келмес едім сәулем-ай

А-хоу
Сәулем, сәулем, сәулемсің
Басымдағы дәуремсің
Жақсы болсаң сәулемсің
Жаман болсаң әуремсің
Жақсы болсаң сәулемсің
Жаман болсаң әуремсің

А-хоу

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, саулем ай
5 2 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments