Ойын-сауық порталы

Таһмина Әшімбекова – Екі жұлдыз ТЕКСТ

Таһмина Әшімбекова – Екі жұлдыз

Түннің қай уақ болғанын да кім білген,
Сөніп жатты жұлдыз біткен бір-бірден.
Сөніп жатты үмітімдей бәрі де,
Жаным ысып, жалын құшып тұрдым мен.

Екі жұлдыз – екі бақыт көктегі,
Төбемізде тұрып алды, кетпеді.
Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз,
Біздер де екеу едік, өйткені.

Үнсіз ғана, бізге, жаным, еленбей,
Уақыт, шіркін, өте берді бөгелмей.
Екі жұлдыз тұрды аспанның жүзінде,
«Екеуіңді қимай тұрмыз» дегендей.

Екі жұлдыз – екі бақыт көктегі,
Төбемізде тұрып алды, кетпеді.
Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз,
Біздер де екеу едік, өйткені.

Өз жолынан жаңылмайтын мәңгілік,
Келе жатты көкжиектен таң күліп.
Екі жұлдыз сөне берді ақырын,
Көкірегімде ақ сәулесін қалдырып.

Екі жұлдыз – екі бақыт көктегі,
Төбемізде тұрып алды, кетпеді.
Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз,
Біздер де екеу едік, өйткені.

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, тахмина ашимбекова, еки жулдыз
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments