Кетпе/Ketpe

Развлекательный портал

Ұлы жүз шапырашты тайпасынан тарайтын рулар бірлестігі. Шежіре бойынша Шыбылдан ораз, байыс, жәдік, ибақ, сары ұрпақтары тарайды. Басқа бір деректерде одан қарабайыс, сарыбайыс, құлжұдырық, жәдік өрбітілген. Шыбылдардың ерте кездегі мекені Шу, Талас өзендері бойы болған. Әулиеата, Сайрам маңында да тұрған. Кейіннен жоңғар хандығы талқандалып, Жетісу жаудан азат етілгеннен кейін Шыбыл руының көпшілігі қазіргі Алматы облысындағы Қарашеңгел, Ақши, Түрген, т.б. елді мекендердің аумағына көшіп келіп, мал өсіріп, егіншілікпен айналысқан.
Ұлы жүз албан тайпасындағы рулар бірлестігі. Шежіре бойынша одан қызылбөрік (бөде), қоңырбөрік (өтей), құртқамай (боти), мамай (бойдақ) рулары өрбіген. Кейбір дерек көздерінде Шыбыл қызылбөрік (бөтей), қоңырбөрікке (өтей) бөлінеді. Зерттеушілердің көпшілігі Шыбыл атауын Махмұт Қашқари еңбегіндегі, қытай жазба деректерінде чигил (жікіл) деген көне тайпамен (7, 12 ғасырлар) байланыстырады. Шапырашты мен албанның ішіндегі Шыбылдардың туыстығын таңбаларына қарап та білуге болады. Кейбір деректерге қарағанда, көне чигил тайпасының орталығы шапыраштылар мекендеген Тараз қаласына жақын болды, ал өзге тобы албан рулары тіршілік еткен Ыстықкөлдің солтүстік-шығысында еді. Шыбыл жайында Жүсіп Баласағұн, Мақдиси, ас-Самани, Әбу-л-Фида, Шихаб әд-Дин, т.б. ортағасырлық шығармаларда айтылады.

басентиин, улы жуз, он сегизинши гасыр, он тогызыншы гасыр, орта жуз, шежире, шежире туралы, киши жуз, дастур, текст создери
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь родные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которое вам поможет сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб?