...

Кетпе/Ketpe

Добро пожаловать на развлекательный портал Кетпе

Шымыр Дулат тайпасының құрамындағы төрт рудың бірі. Ру атауының шығуы нақты тарихи тұлғаның есімімен байланысты. Шымыр Ата туралы ауызша аңыздар халық арасында сақталған, оның мазары да белгілі. Шымыр ата Ташкент аймағында өмір сүріп, сонда жерленген. Шымырата мазары Ташкент қаласы, Сабыр ақымов ауданы, Фараби көшесі, мазардың жалпы ауданы 4 га., ішінде Шымырата кесенесі және мешіті бар, ХІІ-ғасырдан бері белгілі тарихи орын.
Ұраны

Шымырлардың рулық ұраны Қойгелді, Қойгелдіге дейін шымырлардың ұраны Шымыр болған, жалпы үйсіндік Бақтияр ұранын да қолданған. Қойгелді батыр (шамамен 1702-1795 ж. деп қабылданған) шымырлардың рубасы, қолбасы батыры. Қойгелді батыр қазақтардың жоңғар қалмақтарымен, ташкенттік Жүнісқожа қолымен, қырғыздармен соғыстарында дулаттарды ұйымдастырып, қол бастаған. 18-ғ. қазақ – жоңғар соғыстарында жоңғарларға қарсы күресті бастаған. Кейін оның есімі ру ұранына айналған.
Таңбасы

Шымырлардың таңбасы Н.И.Гродеков бойынша ятамга деп көрсетеді. Қазіргі бұл таңбаның аталуы Айшық таңба.
Шежіресі

Шымырдың руының шежіресі: Шымыр руы – Шынқожа, Бекболат, Темірболат ру бөлімдерінен тұрады. Үшеуінің атауын Шынболат, Бекболат, Темірболат деп бірыңғай айту да кездеседі.

Шынқожа ру бөлімі

Шежірелік деректер бойынша Шымыр руының ішінде жолы үлкені Шынқожа. Ауызша тарихи аңыздар оның алғашқы есімі Шынболат еді, кейінірек оның нағашысы және түп нағашысы (әкесінің нағашысы) да қожа әулетінің қыздары болғандықтан халықтың дуалы аузымен Шынқожа деп аталып кетіпті дейді. Шынқожаның таңбасы Н.И.Гродековтың деректерінде көрсетілген. Н.Аристовтың Ұлы Жүз рулары туралы құнды мәліметтер беретін еңбегінде: по г-ну Южакову у Чемыра показаны сыновья Чинходжа, у него Темиръ и Чокай деп жазады. Бұл деректі 1867 ж. Шымкент өңірінің қазақтарын аралап, шежіресін жинаған Ю.Д. Южаковтың жасап кеткен шежіре кестесінен алғанын айтады . Тағы сол Н.Аристовтың дерегінде 1865 жылғы Алатау тізімі деп аталған құжатта Шымыр болысында басқа көптеген тармақтарын қосқанда үш бөлім тұрады – Күнту, Сәмбет және Көкірек деп жазады. Әрине бұл деректердің ғылыми маңыздылығы бар, бірақ Шымыр руының көптеген тармақтары ішіндегі кейбірінің ғана аты аталған. Шынқожа бөлімінің тарқатылуы туралы назар аударарлық нұсқа Кененбай Бірімқұлов шежіресінде беріледі ол бойынша: Бәйбішеден Қобыланды мен Марсым, тоқалынан Бозқозы мен Бозан тарайды. Қобыландыдан Алдияр, одан Сүгірәлі атты жалғыз ұл туылады. Ел аузында ол Мерген Сүгір немесе Шоқай аталып кеткен. Шоқай Шынңқожа бөліміндегі жолы үлкен ру болғандықтан, Шынқожадан тараған басқа ру тармақтарына аға рудың атын тіркеп айту қалыптасқан. Мысалы, Күнту-Шоқай, Қарағай-Шоқай, Құттық-Шоқай, Шымыр-шоқай, Көкірек-Шоқай тағы басқалары. Шынқожаның Марсымынан Қырғызалы, Қонақбай, Садыбай батыр атты үш кісінің ұрпағы тарайды. Бозқозыдан – Күнту ру тармағы шағады. Күнтулардың ұраны “Қанкөшек”. Бұл осы рудан шыққан әйгілі батыр, бай-бағлан кісі болған. 1910-1911 жылдар шамасында орыс статисттері Алматы қаласы маңында өмір сүрген Күнтудың Қанкөшек аталығының шежіресін жазып алған. Бұл тарихи дерек. Ғылым Академиясының кітапханасында сақталынған. Сондағы Күнтудың Қанкөшек атасының шежіресі былай таратылады: Чимырь – Чингожа – Кунту – Маргозы – Айтимбет – Тенегь – Куттыгадам – Канкучукъ.

Бекболат ру бөлімі

Бекболат Шымырдың ортаншы баласы, одан бес ұл туылған – 1.Жиеш, 2.Жиенбет (Боққайнат), 3.Қарымбет, 4.Шілменбет, 5.Мырзамбет (Бестерек). Олардың әрқайсысын біз жеке ру бөлімшелері ретінде тарқатамыз. Алғаш рет орыс зерттеушісі Н.Аристов өз зерттеуінде Бекбулат с сыновьями Клы, Чильмамбет, Бок-кайнатом – деп Бекболаттың Құли, Шілмембет, Боққайнат деген үш бөлімінің барлығын естігенін жазады. Бекболаттардың таңбасын зерттеуші Н.Гродековтың деректері бойынша анықтап көруге болады. Жиештен – Жаңабай руы шығады.

Темір ру бөлімі

Темір ру бөлімі туралы айтылатын ауызшы аңыз әңгімелер көп. Соның бірі – шын аты Темірболат екен, кейін болаты қалып Темір атала бастаған – дейді. Темірші ата, Темір әулие туралы бірқатар аңыздар да осы рудың шығуына байланыстырады. Рудың аты темір ұсталығына байланысты шығуы да мүмкін. Бұл туралы зерттеулер жоқтың қасы. Темір руының шежіресі туралы Ш.Құдайбердіұлының еңбегінде, М.Тынышбаeвтың еңбегінде, Х.Арғынбаев, М.Мұқанов, В.Востровтардың еңбегінде де ештеңе айтылмайды. Бұл авторлар Шымырдың Темір деген бір бөлімі бар екенін естігенімен таратылуын білмеген соң, одан ары қарай жаза алмаған. Темір руының аталары туралы бізге мәлімет берген дерек, Н.Аристовтың Опыт выянения этнического состава киргиз-казаков Большой Орды и Каракиргизов атты еңбегінде: по г-ну Южакову у Чемыра показаны сыновья Чинходжа, у него Темиръ и Чокай – деп жазады. В.В. Радловтың Из Сибири еңбегінде Западное крыло Большой орды: сихым около Чимкента, джамыс, темиръ, шымыръ, ботпай у Аулиеаты делінеді. 1915 жылы шыққан статистикалық зерттеулер жинағында Темір руының аталарының аты жеке-жеке аталады. ХХ ғ. басындағы Материалы по киргизскому землепользованию статистикалық жинақ бойынша Темірдің мына аталарының аты аталынған: Ердес-темир, Худайсугур-темир, Уркунчи-темир, Акберди-темир, Кран-темир, Кедей-темир. Соған қарағанда Темірден таралатын ең негізгі аталар да осылар. Темірлердің негізгі бөлігі Шымкент уезінің Сарыбұлақ болысында жинақталып отырған. Ташкент уезінде біраз Темірлер мекендеді, олар өзін кейде Темірші деп те атаған. Темірлердің жауынгерлік ұраны мен таңбасы, малына салған ені туралы бір мәлімет Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының Түркістан бөлімі экспедициясының мәліметінде кездеседі. Сол бойынша Ташкент уезінде Атшыбұлақ, Кемербастау деген жерлерде отырған дулаттың Темір руының ұраны Дулат болған. Сонымен қатар басқа да өзіндік ішкі рулық аталық ұрандары болғаны айтылады .

басентиин, улы жуз, ,, орта жуз, шежире, шежире туралы, киши жуз, дастур, текст создери
3.5 2 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.