Тамара Асар – Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек
Әні мен сөзі: Ш. Құдайбердиев
1. Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек,
Бұған – ұйқасты өлең, сөз керек,
Өзіне орайлы.
Денең – жан нұрлы болса жөнделмек,
Өлең – әнге өлшеп айтса өңделмек,
Ұйқасқа қолайлы.
Қ-сы:
Ән өлшеуіш, өлең күміс,
Қоспаңыз мыс аралас.
Артық елу, не кем салу,
Әрпі қалу жарамас.
2. Ауыр – осы әнге тұщы сөз салмақ,
Тәуір – татымды ұйқас жиналмақ,
Тереңнен толғанып.
Сырын бұл әннің айтып қарайын,
Түрін – сипаттап тізіп санайын,
Өлең тап ойланып!
Қ-сы:
Буыны сегіз, алтауы егіз,
Үш ем деңіз, екеуі,
Кім дәл басты, кілтін ашты,
Жақсы ұйқасты нешеуі?