ТАЗ
Ұраны Бақай, таңбасы:
Таз және Телеу атын біз бірінші рет А. Тевкелевтен кездестіреміз. Алайда, мұның өзі бұл рулар XVIII ғасырда ғана пайда болды деген сөз емес. Табындар сияқты, бұл екі руда башқұрттар құрамына кіреді, дегенмен де олардың тайпалар мен рулар құрамында қазіргі Қазақстан аумағында мекендеп, әлде бір бөлігі ғана башқұрттарға кеткені күмәнсіз. Мұның қашан болғанын айту қиын. Таз (тазлар) руының құрамы абдал, шарғы, жастабан деген үш тармақтан тұрады.
Мұнда абдал тайпалық атауы зор ықылас туғызады, оның түп тамыры, яғни эфталдар (эфталиттер) дәуірінде жатыр, олардың атауынан А. Ю. Якубовский түркімен абдалдарының бабаларын көреді. Қазақ және түркімен абдалдарының бір кезде ірі болып, екі бөлікке бөлінген, бірі түркімендерге қосылып, содан соң түркімендер арқылы қазақтардың құрамына енген эфталиттер тайпасының қалдықтары болуы да әбден мүмкін. Сонымен, эфталиттер түркімендердің ғана емес, Кіші жүз қазақтары абдалдарының да арғы бабалары болып табылады.
Түркімен абдалдары XIX ғасырда-ақ Маңғыстауды мекендеген. Бұл арада жай ғана сәйкес келу екенін немесе мұның қазақтардың Таз руына қосылған абдал руының шынында да әлдебір түркімен тобы болғанын айта қою қиын. Мұның осындай болуы да ықтимал, өйткені XVIII-XIX ғасырдың өзінде-ақ түркімен рулары, соның ішінде сол кезде Маңғыстау мен Үстіртте қыстап жүрген абдал руы жаз жайлауы солтүстікке көшіп, онда қазақ руларымен жанасып жатқан. Ал қазақ рулары да қыс өте қатты болған кезде оңтүстікке барып, онда түрікмендермен көрші қоныстанған. Оның үстіне таз руы әрқашанда Жайық өзенінің төменгі ағысын және Каспий теңізінің жағалауын бойлай, Гурьевтен оңтүстік шығыс жағындағы жерлерді мекендеген.
Абдал руы дегеніміз өзбекноғайлар. Таздар руының сарыбағыш атты қырғыз тайпасының құрамында болу фактісінің де қызықты болуы күмәнсіз. Таз руының таңба белгісі жауынгерлік ұраны «Бақай».