Арман қуып ауылдан асып
Келді көп қыз, көп ұл
Жатақхана шағын қалашық
Болды-ау ма екен өмір
Көбелектей жауынға қашық
Алып ұшқан көңіл
Көңіл тойған қарындары ашық
Студенттік өмір
Студенттік өмірді сағындым
Бастауындай бағымның
Студенттік өмір ең соңғы кезені
Ерке шағымның
Студенттік өмірді сағындым
Бастауындай бағымның
Студенттік өмір ең соңғы кезені
Ерке шағымның
Өмірден алары мейірім ананың
Ақылы ағаның
Содан соң басылар мектепке қадамың
Өсесін өнесін жадырап жанарын
Өзіннің қалауын болашақ маманың
Өмірін көңілің
Бір күні қуаныш
Бір күні талабың
Эй қарағым көресін көнесің
Мойнына артылған өмірдің талабын
Айырып шындығын
Ағымен қараның
Жақсы мен жаманның
Адалмен арамның
Жасалар амалын көп асып мерейің
Жер басып табаның
Біліммен бұза бер
Тағдырдың қамалың
Ұшталсын қаламын
Ашылсын қабағың
Бұл сенің заманың
Қадірің ұғынсан
Тәлімін беретін
Сыйла бер өзіңді
Үйретер сабағын
Мейірімді мұғалімдерім
Бізге берген барын
Құрдастарым қыраным менің
Қайдасындар бәрін
Сырларым көп айта бермейтін
Жабырқайды жаным
Сағынғанмен қайта келмейтін
Студенттер шағым
Студенттік өмірді сағындым
Бастауындай бағымның
Студенттік өмір ең соңғы кезені
Ерке шағымның
Студенттік өмірді сағындым
Бастауындай бағымның
Студенттік өмір ең соңғы кезені
Ерке шағымның