Жас жұбайлар, кездессе не күндер,
Мұқалмаңдар мұратыңа жетіңдер.
Бір-біріңе дәл бүгінгі сезіммен,
Өмір бойы ғашық болып өтіңдер.
Сүйген жүрек сөнбесін, жалындасын!
Сүйген жүрек өзгені сағынбасын!
Жас жұбайлар қосағымен қоса ағарып,
Бақыттары алдарынан жарылқасын.
Қымбатты жас жұбайлар!
Сіздерді бүгінгі некеге отыру салтанатымен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымызда “Отан отбасынан басталады” деген сөз бар. Сіздер бүгін мемлекеттің кіші моделі – отбасын құрып, өз алдарыңызға отау тіктіңіздер. Яғни, бүтіндей бір мемлекеттің тәуелсіздігін жарияладыңыздар. Сіздер құрған жас мемлекеттің Отанымыз Қазақстан секілді бай-қуатты, іші тату, сырты қауіпсіз, өмірі бейбіт, бар мүшесі бақытты болуына тілектеспін.
Үйлену – тек неке қию емес, маңызды әлеуметтік оқиға, үйлену – екі жастың бір-біріне тағдырларын сеніп тапсыруы. Жас отау иесі – осы сәттен бастап, өзі сүйіп қосылған. жұбайының болашағына тікелей жауап беретін болады. Отбасын құру – өте үлкен жауапкершілікті жүктейтін іс. Жұмыста өзін жауапкершілігі мол қызметкер ретінде көрсеткен Жарқын, жанұяда да осындай қасиетімен дараланатынына сенімім кәміл.
Алла Сіздердің сезімдеріңізді мәңгілік жас, жүректеріңізді егіз, тілектеріңізді бір ете көрсін! Жұптарыңыз жазылмасын. Ата-ана, туыс-туған, дос-жарандарға сыйлы, үлгілі жанұя атаныңдар. Махаббат айдынындағы сапарларың сәтті, бақыттарың баянды болсын!
Бүгінгі тойыңыз ырыстың бұлағы болсын. Отбасыңыз үбірлі, шаруаңыз дүбірлі болсын. Алдыңызда ақ мол болып, басыңызға бақ келіп қонсын.
“Келіні жақсы үйдің керегесі – алтын” немесе “Келін келді дегенше, керегені алтын қылып ұстар адам келді” деп жатады, сол келініміздің ақ жүзінен тек күміс күлкіні көруге жазсын.
Ырыс-дәулет шаңырағыңыздан кетпесін, несібелеріңіз әрдайым мол болсын.
Жастарға айтарым, сүрінгенде асқар таудай сүйеніш болып, құлағанда қолдап, демеп жүрер әке-шеше әрдайым тіректерің. паналарың болатынын есте сақтаңдар.