Кетпе/Ketpe

Развлекательный портал

XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА

XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА КІШІ ЖҮЗ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУЫ
Сырдария облысы
Сырдария облысы 1867 жылғы 11шілдедегі «Далалық облыстарды басқару туралы уақытша Ереже» негізінде құрылып, Түркістан өлкесінің құрамына кірді. Ол 818 479 халқы бар 8595 шаршы шақырым жерді алып жатты. Облыс құрамына Қазалы, Перовск, Шымкент, Әулиеата, Ташкент уездері мен Әмудария бөлімі кірді. Облыста қазақтардан басқа, орыстар, қарақалпақтар және басқа халықтар тұрды. Алдыңғы төрт уездің негізгі халқы барлық үш жүздің қазақтарынан құралған.
Қазалы уезі
Қазалы уезі Сырдария облысының солтүстік батысы бөлігінде орналасқан. Ол солтүстігі мен солтүстік батысында Торғай облысымен шектесіп жатты. Уездің батыс шекарасы Арал теңізінің жағалауын бойлай өтетін. Оңтүстігінде ол Әмудария бөліміне, оңтүстік шығысында Перовск уезіне шектесетін.
1872 жылғы деректер бойынша, уезд 89 966 халқы бар 1610 шаршы шақырым жерді алып жатты. Табиғи климаттық жағынан шұғыл континенталды. Уезді оңтүстік шығысынан солтүстік батысына қарай кесіп өтетін Сырдарияның жағасын қопа қамыс пен тоғай көмкерген. Ал одан әрі шөлейт дала басталады. Қызылқұм мен Арал өңірі Қарақұмының едәуір алқабы соның аумағында жатыр. Арал теңізінің жағалауы да қамыс қопасына бай.
Жергілікті қазақ халқының негізгі кәсібі ежелден экстенсивті көшпелі мал шаруашылығы болып келеді. Сырдарияның жағасында ғана егіншілік учаскелері болған. Кедей және орташа қазақ қожалықтары Сырдария өзені мен оның салалары аңғарларында, өздерінің азын аулақ малы толық жайыла алатын жайылымдарда қыстаған. Жаз кезінде бұл қожалықтардың көпшілік бөлігі Сырдариядан өтіп, одан көп ұзамаған. Шынына келгенде, көктемгі және жазғы қоныстарының арасында айырмашылық болмады, өйткені бір суаттан (құдықтан, көлден) екіншісіне көшіп бару жолы 510 шақырым болатын. Кедейлердің болмашы бөлігі ғана (батырақтар ретінде немесе кедей туыстар құқығында) мал иеленуші байлармен бірге Орынбор және Сібір ведомстволары өңіріндегі жазғы жайылымдарға кететін. Мал иеленуші байлар өздерінің жер қайысқан мал табындарын қыстату үшін Сырдария аңғарындағыға қарағанда неғұрлым қолайлы оңтүстікке, Қызылқұмға жіберіп отырды. Өйткені құм ішінде кең көлемді жайылым бар еді және климат жағдайлары да солтүстіктегіден гөрі жұмсағырақ болатын.
XIX ғасырдың екінші жартысынан көшіп қону жолдарының шектелу үрдісі басталды, мұның өзі қазақ даласына капиталистік қатынастардың енуі нәтижесінде өндіргіш күчнтер дамуының, қазақ қоғамының таптың жағынан жіктелуінің салдарынан болған еді. XIX ғасырдың аяғында Орталық Ресейден шаруаларды қоныс аудартудың күшейе түсуі де айтарлықтай рөл атқарды. Шаруалар арқылы отарлау үрдісі Қазақстанның басқа аудандары арасында топырағы құнарлы Торғай және Ақмола облыстарын да қамтыды, ал Сырдария қазақтарының көптеген жайлаулары солардың жерінде болатын. Жер алабының шектелуі қазақтардың отырықшылануы мен көшіп қону қашықтығының қысқаруына әкеп соқты. Халықтың бір бөлігі біржола отырықшылыққа көшті, ал: басқа бір бөлігі егіншілікпен көшпелі тұрмыс салтын сақтай отырып айналысты.
Бұдан бұрын көрсетілгеніндей, Қазалы уезінің аумағында Кіші жүз рулары мекендеді, олардың көпшілігі Әлімұлы ру бірлестігіне, Шекті, Қарасақал, Төртқара, Шөмекей және Кете руларына жататын.
Құланды түбегінен (Арал теңізінің солтүстік батыс жағалауы) оңтүстік шығысқа қарай Қазалыға дейінгі кең байтақ аймақта үш болыста: Қаракөл, Қостам және Райым болыстарында тұратын Шекті руының қыстаулары шашырап жатты. Райым болысында Шекті руының өкілдері 73,6% болды. Қалған халық Төртқара, Қаракесек, Қарасақал рулары мен т. б. рулар болып бөлінеді, олардың әрқайсысының үлесі 3 проценттен аспады.
Қаракесек руының саны аз рулық топтары Қаратал түбегінде (Арал теңізінің солтүстік батыс жағалауы) орналасты. Қаракесек руы халықтың басым көпшілігін құраған Ырғыз уезі Қабырға болысының бір мүйісі сияқты болатын. Олардың батысынан Қазалы уезінің аймағына негізінен Ырғыз уезінің Толағай, Теректі, Талды және Қызылжар болыстарында орналасқан Төртқара руының иеліктері сыналап кіріп тұрды. Шекті руының өкілдері Қостам болысында 81,4%, Қаракөл болысында 50 проценттен астам болды. Сөйтіп, Қаракөл, Қостам және Райым болыстарында негізінен Шекті руы мекендеді (шамамен 75%, 4693 отбасы). Қаракөл болысының құрамында (Қазалы маңында) Қаракесек руының 456 қожалығы қыстап жүрді, бұл болыс халқының 14,8 проценті болатын.
Әлімұлы бірлестігінің шекті, қаракесек рулары мен басқа да көптеген топтарының қыстаулары Құланды, Қаратал түбектерінде, Сырдарияның жағасын бойлай және Аманөткел, Райым, Қаракөл, Жалаңаш деген жерлерде, Қамыстыбас, Мақпал, Тұщыбас көлдерінің айналасында және Қосқұдықтан бастап Арал теңізінің солтүстік шығыс жағалауына қарай және Боскөл шығанағына дейін орналасты. Шекті руының иеліктерінен оңтүстік шығысқа қарай жатқан Сарытоғай болысында негізінен (70 процентке жуық) Төртқара руы мекендеді. Бұл болыста Шекті, қаракесек рулары мен басқа да рулар кездесті (0,9 проценттен 3 процентке дейін).
Төртқара руының қыстаулары Сырдария аңғарын бойлай Қазалыдан шығысқа қарай Төретам деген жерге дейін, Сырдарияның екі жағындағы көлдердің маңында, Жуанқұм құмында, Сарытоғай болысының оңтүстік жағындағы құдықтар маңайында және Қызылқұм құмдарында шашырап жатқан. Бұл рудың құрамында 1182 қожалық болды. Одан әрі Төртқара руының оңтүстік шығысында уездің едәуір аумағын алып саны көп Шөмекей руының қыстаулары орналасқан, ондағы қожалықтар саны 5646 болатын.
Шөмекен руының қыстаулары төменгі Сырдария жағасы бойында, оның солтүстік жағындағы Қараөзен өзенінде, Қарадүзгенқабақ және Қарасу сайларында, Сырдариядан оңтүстікке таман Тарнабай Тегіс және Жосалы сайларында, Наурызбай, Жарма арналарының маңайында, сансыз көп құдықтар маңында және сайларда тура Қызылқұмға дейін шашырап жатты.
Шөмекей болыстарының шығыс шетінде Байұлы рулық бірлестігінен Алтын руының 400дей шаңырағы көшіп жүрді. Уезд аумағында Қарасақал руының небәрі 789 қожалық болатын үш ауылы көшіп жүрді. Түркістан статистикалық басқармасы ұйымдастыру комиссиясының Қазалы өңірінде Қарасақал руының небәрі 32 қожалығы көшіп жүрді деген мәліметтері дәл емес.
Қазалы уезінің аумағында «қожа» діни сословиесінің 94 шаңырағы көшіп жүрді.
Уездің оңтүстік батыс бөлігінде қарақалпақтардың 39 отбасы көшіп жүрген. Ұйымдастыру комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, уезде 3 сұлтан мен 11 төлеңгіт болған. Өз төлеңгіттерін ерткен бұл сұлтандар солтүстік батыстағы үш болыстың шекті рулары арасында көшіп жүрген.
Егер уезд бойынша әр түрлі рулардың проценттік арақатынасына қарайтын болсақ, ол мынадай болып шығады: шекті 40, төртқара 15, шөмекей30, қаракесек 4, қарасақал 7, «қожа» сословиесі, сұлтандар, төлеңгіттер, қарақалпақтар 4 процент.

Қыстаудан жазғы жайылымдарға көшудің бірнеше жолы болған. Көшудің бірінші жолы Сырдариядан Ырғыз уезінің Аманқұл болысы арқылы Егізқара тауына дейін өткен; екінші жол (Ырғыз уезінің шегіне кіріп) Толағай және Қызылжар болыстары арқылы Буратал және Ащыбұлақ өзендеріне дейін жетті; үшіншісі Толағай болысы арқылы Үшқамшы, Жарбұлақ және Қандай өзендеріне дейін барды.
Шекті руы Ырғыз уезі шегіндегі жазғы жайылымдарға екі жолмен беттеген: біріншісі Толағай, Аралқи болыстары арқылы Қызылжар болысы шегіне, Ащысай өзеніне дейін барған; екіншісі, Арал теңізі жағалауынан Сақпартөбе және Обалы тауларына дейін жеткізген. Шөмекей руы да Қарақұмнан шығып, Ырғыз уезіне екі жолмен беттеген. Бірінші жол Тауын және Кенжеғара болыстары арқылы солтүстік шығысқа беттеп, Торғай уезіне. Әйке көліне жеткізген. Ру осында жайлап қалған. Қаракесек және қарасақал сияқты саны аз топтарға келетін болсақ, олар жайлауға өздері кірген әкімшілік қауымдардағы рулармен бірге көшіп барған.
Сонымен, жоғарыда аталған рулар солтүстіктегі жазғы жайылымдарға, Ырғыз, Торғай, Тобыл өзендері мен Мұғалжар тауларына беттей отырып, Сырдария ведомствосы мен Орынбор қазақтары облысының әкімшілік шекараларынан өткен. Арал теңізінің солтүстік батысында қыстайтын Шекті, Төртқара және Қаракесек рулары Ырғызға, Мұғалжар тауларына және Жем өзеніне дейін жайлауға көшіп барған.
Перовск уезі
Перовск уезін (Ақмешіт қазіргі Қызылорда облысы) Сырдария өзені қақ бөліп жатыр. Қазалы уезімен оңтүстік шығысынан шектеседі. Жергілікті тұрғындар Кіші жүздің Жетіру, Байұлы, Орта жүздің Қыпшақ, Найман және Арғын руларынан тұрады. 1872 жылғы деректер бойынша, уезде 107 567 адам тұрған.
Табиғат жағдайы іргелес Қазалы уезіндегідей, шаруа жайы да, жерді пайдалануы да ұқсас. Жергілікті халық негізінен мал шаруашылығымен шұғылданады. Оның жер жағдайы да соған ыңғайлы. Жаз бойына шыбын шіркейі, қаптаған масасы болмаса, Сырдарияның қалың қамысы, шүйгінді даласы, төрт түліктің еркін жайлар жайылымы. Сондықтан жаз шығысымен малшылар мүмкін болғанынша солтүстік жаққа, жайылымға бай Арал Ертіс су айырығына дейін ұзап баруға ұмтылатын. Оған екінің бірі емес, әлді, ауқаттылар өріс ұзатар еді де, кедейкепшік мал аяғы жетер Сарысу өзенінен әрі аспайтын. Мал бабын білетін іргелі байлар қоңыр салқынды солтүстіктен сонау жерге қырау түскен қыркүйектің орта шенінен бастап Сырдарияға қайтып, ызғарлы аязға ұрынбай, сол жағалауындағы ықтасынды қыстауға оралар еді. Көшпелілердің қыстаулары бұйрат бұйратты Қызылқұм және Қарақұм қойнауларында қоныс тебетін. Мұндағы ел мал шаруашылығымен қатар егіншіліктен де құралақан еместі, оның үлес салмағы ең кедей және ішінара дәулеті орташа қожалықтар арасында ерекше айқын сезілетін.
Қазақстанның басқа да өзен аңғарларындағы сияқты, Сырдарияда да суармалы егіншілікке ден қойылды. Ол бүкіл егіс алқабының 60 процентін алды. Әдетте егістік жеке адамдардың қауым жүйесі есебінде қолдан қазылған арналар мен арықтар пайдаланылған. Жер мемлекеттік меншік ретінде қожалықтарға пайдалануға берілгенімен, XIX ғасырда-ақ ол рубасыларының билігіне көшті. Айтқанына көніп, айдауына жүрмеген қожалықтар судан айырылатын да, содан олардың еккендері қурап, босқа арамтер болатын. Отбасынан өскен жаңа қожалық үшін суармалы учаске бөліп беруге көптеген алым салынды, Жер учаскелерінен айыру немесе оларды беру, суландыру жүйесі жоғарыда айтып өткеніміздей, кімде билік бар, солардың қолында болды.
Торғай облысы
Торғай облысы 1868 жылы «Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» бойынша құрылды. Облыс құрамына Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездері кірді. Облыстың негізгі халқы Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарынан құралды. Орыстар мен басқа халықтар мұнда аз болған. Облыс аумағы ежелден қазақтардың жері болып келген. Олардың қыстаулары Торғай, Ырғыз өзендері аңғарларында, Үлкен және Кіші Борсық құмдарында, Қарақұмда, Арал теңізінің солтүстік жағалауларында, тіпті Сырдария өзенінің төменгі ағысында, яғни көбінесе Торғай және Ырғыз уездерінде орналасқан. Қостанай және Ақтөбе уездерінің жерлері Сырдария қазақтары үшін жайлау және күзгі көктемгі жайылымдар болды.
XVIII ғасырдың аяғында Кіші жүзде пайда болған жер тарлығы қыстау алқабын кеңейту қажеттігін туғызды. Сондықтан бұрынғы жайлайтын жерлердің бір бөлігі біртіндеп қыстауға айналдырыла берді; бұл үрдіс бір ғасыр бойы дерлік, яғни XIX ғасырдың аяғына дейін жүріп жатты.
Қостанай уезі
Қостанай уезі Торғай облысының солтүстік шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде ол Үй өзенінің сол жағалауына ұласып жатыр, солтүстік батысы мен батысында «миллион үлеске бөліп беру» деп аталатын жерлермен, яғни бұрын қазақтар иеленіп келген, бірақ олардан тартып алынған жерлермен шектесті. Қостанай уезі оңтүстігінде нақ сол облыстың Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерімен, ал шығысында көршілес Ақмола облысымен шектесіп жатты. Табиғаты жағынан уезд негізінен алғанда кей жерлерінде аздаған төбелері бар, сансыз көп сайжыралар айқыштап тастаған жазықтық болып табылады. Оның бүкіл солтүстік батыс және солтүстік шығыс аумағын тікенді ағаштар, ал кей жерлерде үлкен орман алқаптары (Аманқарағай тоғайы) алып жатыр.
Уезде сансыз көп өзендер мен көлдер түріндегі су көздері мол. Уезд арқылы ағып өтетін ең ірі өзендер салаларымен қоса алғанда Тобыл, Алабұға, Жарлыбұтақ және басқалар; көлдер Обаған, Қарақамыс, Шалқар, Егізқара, Әйеке, Кіндікті Қожа және басқаларды атауға болады.
Уезде егістікке жарамды жер көп. Толып жатқан өзен, көл аңғарлары мен жайылмалар мұнда шөп шабу үшін қолайлы. Осы жағдайлардың бәрі Қостанай уезі қазақ халқының мал шаруашылығымен қатар егіншілікпен де, шөп шабумен де кеңінен айналысуына әкеп соқты. Бастапқы кезеңде (XVIII ғасырда қоныстанғаннан кейін) уезд аумағында қазақ халқының негізгі бұқарасы көбінесе мал шаруашылығымен айналысты. Бұл орайда жер пайдалану сипатында табиғи жайылымдарды белгілі бір ру топтарының дәстүрлі пайдалану нысандары үстем болды. Шөп шабудың дамуына байланысты ең жақсы шабындық учаскелерін мейлінше күшті рулардың жыл бойы оқшауланып, пайдалануға басып алуы басталады.
Уездің жеделдете қоныстандырылуы, егіншіліктің дамуы, әдетте шабындық алқаптарымен қатар қыстау маңындағы аумақта жатқан егіске жарамды учаскелерді одан әрі басып алу мен оқшаулануға әкеп соқты. Қазақстанның барлық жерлеріндегі сияқты, негізгі шаруашылық бөлінісі шаруашылық ауылы болды. Ауылдар жер қауымына бірікті, онда бұрынғы рулық байланыстар бірте-бірте жалпы шаруашылық мүдделерге орын бере бастады. Орта есеппен алғанда, уезде шаруашылық ауылдарының саны 1ден 10ға дейін ауытқып отыратын қауымдар басым болды. Олар барлық қауымдардың 83,9 процентін құрады. Ауылдардың көлемі де нақ осылайша ауытқып отыратын. Негізгі көпшілігі 2660 қожалығы бар ауылдардан тұрды.
Уезде қауымдық жер шекаралары барлық жерде бірдей бола берген жоқ және олар онша қатаң күзетілмеді. Ал қауымдар ішінде, ауылдар арасында, әсіресе егіншілік қайта дамыған болыстарда, жайылымдардың шекарасы қатаң сақталды. Шабындықтар ауылдар арасында бөлінді, олардың жекелеген қожалықтардың пайдалануына көшуі жиі кездесетін. Жалпы пайдаланудағы жайылымдардың, әсіресе жазғы жайылымдардың рулық шекаралары болмады, алайда әрбір ру немесе оның бір бөлігі жыл сайын бір ғана суатқа барып жайғасуға ұмтылды.
Сонымен, уезде жерді пайдаланудың бірыңғай принципі болған жоқ, ал тұтас алғанда белгілі бір алқаптың құндылығы, шаруашылықтың сипаты, егіншілік пен шөп шабудың даму дәрежесі және т. б. сияқты факторларға байланысты болды. Жалпы алғанда жер пайдаланудың бұрынғы түрлері XIX ғасырдың аяғына қарай елеулі өзгерістерге ұшырады.
Әкімшілік жағынан Қостанай уезі 10 болысқа: Меңдіғара, Кеңарал, Арақарағай, Обаған, Қарабалық, Аманқарағай, Дамбар, Бестөбе, Жітіқара, Құмақ болыстарына бөлінді. Бұл болыстарда 81 441 қазақ тұрды. Олардың ішінде Керей, Арғын, Қыпшақ (Орта жүз) тайпаларының өкілдері бар еді. Кіші жүзден мұнда Жағалбайлы, Телеу, Тама және Жаппас рулары мекендеген, олардың ішінде алғашқы үшеуі Жетіру рулық бірлестігіне кіретін де, Жаппас Байұлына жататын.
Жазбаша деректемелер мен Қазақ КСР ҒА Тарих институты этнографиялық экспедицияларының даладан жиналған материалдарының дәлелдегеніндей, уезд аумағының бір бөлігі (Бестөбе және басқа болыстар) бұрын Сырдария бойын қыстаған қазақтардың жазғы жайылымдары болатын.
XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында Тобыл өзенінің, орта және төменгі ағысы бойында Орта жүз тайпалары қыпшақтар (Торайғыр, Қарабалық, Көлденең, Торы, Ұзын рулары) мен арғындар (Бәсентиін, Жоғары Шекті, Төмен шекті, Қаракесек рулары) қыстаулар сала бастады. Жайық және Тобыл өзендерінің кеңбайтақ су айырығында оңтүстікте Ырғыз уезі шегіне дейін көшіп жүрген Жағалбайлы руының қыстаулары орналасқан. Ал XIX ғасырдың орта шенінде мұнда Жаппас руының өкілдері пайда болады, олар мұнда (өздерінің бұрынғы жайлауына) Сырдария облысынан көшіп келген еді.
Қостанай уезіне ең соңы болып Телеу руының (Жетіру) қазақтары қоныстанды. Уезді зерттеу материалдары (XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы) уезді қоныстанудың уақыт бойынша барысының да, мұнда пайда болған қыстауауылдардың аумақтық орналасу ретінің де едәуір айқын көрінісін береді. Уезде XVIII ғасырдың орта шеніне дейін негізі қаланған қыстаулар 14,3% болады, бұл ретте олардың негізгі бөлігі (67,2%) Кеңарал болысында, сонан соң Қарабалық (26,5%) және Меңдіқара (21,4%) болыстарында құрылған.
Қыстаулар XVIII ғасырдың аяғынан бастап, XIX ғасырдың ортасына дейін едәуір көп (34,6%) салынды. Бұл қыстаулар негізінен алғанда Обаған (84,4%), Аманқарағай (54,5%) және Меңдіғара (36,4%) болыстарында орналасты. Қалған (51%) қыстаулар XIX ғасырдың ортасынан бастап, XX ғасырдың басына дейінгі кезеңде пайда болған. Оның үстіне уездің барлық ауылдарының 7,1 проценті соңғы 20 жылдың үлесіне тиеді.
Сонымен, бұл деректер бәрінен бұрын солтүстік шығыс, шығыс және оңтүстік шығыс болыстар, яғни біздің бұдан әрі көретініміздей, XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында керейлер, қыпшақтар мен арғындар мекендеген болыстар қоныстандырылғанын тағы да дәлелдейді.
XIX ғасырдың аяғына қарай Қостанай уезінің аумағында қазақтардың қоныстануы мынадай түрде болған. Бүкіл оңтүстік батыс бөлігін (Жетіқара, Құмақ болыстары) Жетіру рулық бірлестігінің Жағалбайлы руы алып жатты. Бұл ру қыстауларьшың негізгі көпшілігі Қарағанды, Қарабұтақ, Жарлыбұтақ, Шортанды, Тобыл (оның салаларымен қоса), Бүйректал өзендерінің бойында және Шалқар, Шалқар Егізқара, Әйеке, Қарасор көлдерінің төңірегінде орналасты. Оның үстіне күзгі көктемгі және ішінара жазғы жайылымдары да осы аумақтар төңірегінде болатын. Бұл жерлердің бәрі оқшауландырылған еді және оларды Жағалбайлы руы қауымдарының белгілі бір топтары ғана пайдаланатын. Мұнда оқшауланған жерлермен қатар жалпы пайдаланылатын учаскелер де болды, оларды Жағалбайлы руының жекелеген қауымдары жайлап жүрді.
Жалпы пайдаланылатын негізгі жайлау Ақтөбе уезімен шекарада, Кіндік Қарасу, Көкпекті өзендерінің бойында, Шөптікөл көлінің шығыс жағында және т. т. орналасты. Жетіру ұрпақтарынан Жағалбайлы руымен Телеу және Тама руларының өкілдері аралас қоныстанды. Уезде олардың екеуі де аз. Телеу руының қауымдары уездің оңтүстік шығыс түкпірінде, Кіндікті қопа, Қайыңдысор, Таңдыс көлдерінің төңірегінде және Ащысор көлінен шығысқа таман мекендеді. Уезде Тама руының қазақтары одан да аз. Олардың қожалықтарының болмашы саны Сасықсор көлінің төңірегінде, уездің солтүстік шығыс бөлігінде мекендеді.
Жетіру ұрпақтарының арасында Жаппас руынан шыққан байұлылықтар да мекендеді. Олардың қыстаулары Тама руынан алыс емес, Желқуар өзенінің бойында, сондай-ақ, даладағы Сандықсор, Айқамыс, Соналы, Қаракөл, Қоянды және басқалары сияқты көптеген көлдердің төңірегінде орналасқан.
Уездің қалған бөлігінің бәрінде Орта жүз қазақтары, соның ішінде керей, қыпшақ, арғын тайпаларының көптеген рулары алып жатты. Керей руларының қыстаулары уездің солтүстігі мен солтүстік шығысында, Қарақамыс көлінің төңірегінде және Алабұға өзенінің екі жағасын бойлай орналасқан да, олардың бір бөлігі біршама оңтүстікке қарай, Алакөл өзенінің төңірегінде қыстаған. Уездің бүкіл шығыс және оңтүстік шығыс бөлігін арғындар мекендеді. Олардың негізгі қыстаулары орыстардың Степновский, Ивановский және Михайловский кенттерінің төңірегінде, Ақмола облысының шекарасына дейінгі жерде, ал оңтүстігінде Обаған өзенінің оң жағасын бойлай Обаған көліне дейінгі жерде, Жалтыр, Қарақамыс көлдерінің төңірегінде, Ащы өзенінің бойында, Аманқарағай орманының төңірегінде және уездің оңтүстік шығыс түкпірінде, Торғай уезі мен Ақмола облысының шекарасында болды. Арғындардың батыс жағында қыпшақ тайпаларының қысқы жайылымдары жатты. Олар негізінен Тобыл, Аят өзендерінің бойында және уездің солтүстік батыс бөлігіндегі көптеген көлдердің төңірегінде орналасқан еді.
Жаппас руы Орта жүз қазақтарының арасында да қоныстанды. Бұл рудың бірқатар қауымдары Обаған көлінің батыс және оңтүстік жағалауында арғындар арасында тұрды. Қарасу өзенінің оң жағасын бойлай және одан әрі солтүстікке қарай, Алқасор, Жаңғызкөл, Майтау және Қаражалтыр көлдерінің төңірегінде, солтүстігінде Тобыл өзенімен шектесетін жерлерде арғындар мен қыпшақтардың арасында да Жаппас руының едәуір үлкен тобы мекендеген. Сондай-ақ Жаппас руы қауымдарының тағы бір тобы Қостанай қаласының шығыс жағында, Өзен, Мамыр, Үшқамыс көлдерінің төңірегінде қыстады.
Уездің оңтүстік бөлігіндегі сияқты, мұнда жеке пайдаланылатын жерден басқа жалпы пайдаланылатын едәуір алқап та болған, онда жаз кезінде әр түрлі рулық тайпалық топтардың қазақтары өз малын жайып отырған. Жалпы пайдаланудағы жайлаудың негізгі алқаптары Қоскөл, Жалжарған, Қарақопа көлдерінің төңірегі мен басқа да жерлерде орналасқан.
Жайлаудың басқа бір алқабы УстьУйск станицасының оңтүстік шығыс жағында, керей және қыпшақ тайпаларының қысқы жайылымдарының арасында болған. Жалпы пайдаланылатын жайлаудың едәуір бөлігі уездің шығыс бөлігіндегі арғындар мен жаппастар көшіп жүрген жер арасында, Торғай уезімен шекарада, Дөңгелек, Жанқора көлдерінің төңірегінде орналасты. Сонымен катар уездің солтүстік және орталық бөлігінде шашырап жатқан, жалпы пайдаланылатын, айтарлықтай шүйгін деуге келмейтін жайлау алқаптары да болған.
Ақтөбе уезі
Торғай облысының Ақтөбе уезі солтүстігі және солтүстік батысы жағынан Жайық өзенінің бойымен, Орынбор казактарының жерімен, солтүстік шығысында Қостанай уезімен, шығысында Ырғыз уезімен, оңтүстік және оңтүстік батысында Орал облысымен шектесіп жатты. Уездің аумағы Орал жотасының оңтүстік сілемдерінен басталып, оңтүстік шығысқа қарай созылып жатқан дала болып табылады. Бұл далада көптеген өзендер ағып жатыр, олардың көпшілігі Жайықтың салалары. Ең алдымен бұлар көптеген салаларымен қоса Тамды өзені, (Ойсылқара, Қамсақты, Мамыт және басқалар) Кіші және Үлкен Қобда, Бөрті және басқа көптеген салаларымен қоса Елек өзені.
Уезде қазақ ауылының экономикасында мал шаруашылығымен қатар егіншілік ежелден бері елеулі орын алып келді. Егіс алаптарының ұлғаюы, шаруашылықтың неғұрлым прогресшіл түрлерінің дамуы, тамаша жайылымдар бірте-бірте бірқатар рулардың көшіп қонатын аумағының қысқаруына, олардың табын құрамының өзгеруіне әкеп соқты. Көшпелі ауылды отырықшы және жартылай отырықшы қоныстар және дала облыстарының басқа да көптеген уездеріндегіден гөрі едәуір көп қожалықтары бар ауылдар ауыстырды. Мәселен, XIX ғасырдың аяғында ауылдың орташа көлемі 85 жаны бар 14 қожалықтан тұрды, сол кезде көршілес Қостанай уезінде ауылдар 53 жаны бар 9 қожалықтан, ал Көкшетау және Атбасар сияқты уездерде ауылдар тиісінше 8 және 5 қожалықтардан тұратын. XVIII-XIX ғасырдың басында уезд аумағында мекендеген қазақ қауымдарының саны болмашы болатын. Жайылымға қолайлы алқаптар көп болғандықтан қауымдар арасында қандай да бір жер шекарасы қажет болған жоқ. Уезд халқы табиғи өсім есебінен де, осында көшіп келген өзге қауымдар есебінен де көбейді. Отырықшылық қоныстар негізінің қалануы, шөп шабудың өріс алуы, жақсы жайылымдар үшін күрес және оларды қауымдардың феодалдық тобының жеке пайдалануға тартып алуы, Қазақстанның барлық жерлеріндегі сияқты жекелеген қазақ қауымдарының жер пайдалану шекарасын белгілеу қажеттігін әкеп соқты. Алайда, бұрынғы рулық жер қауымы әлі де бірсыпыра уақыт бойы одан әрі тіршілік етіп, жазғы, ішінара көктемгі күзгі жайылымдарды пайдалануға өзінің қауымдық рулық құқығын таратып отырды. Ал, қыстау маңындағы аумақ, егістіктер мен шабындықтар әрбір ауыл қауымының немесе осындай қауым ішіндегі әрбір қожалықтың пайдалануына көшті.
Л. Чермактың деректеріне қарағанда Қазақстанның жер жеріндегі сияқты, Ақтөбе уезінде де жер қауымының дағдылы түрі жайылым аумағының ортақтығына байланысты шаруашылық ауылдарының топтары болды. Мұндай ауылдар тобының ортақ жайылымдық жері болды, әрбір шаруашылық ауылы оған өз малый кедергісіз жая алатын еді. Ал шабындықтар мен егістіктердің ауылдар бойынша шекарасы белгіленіп, ауылдар ішінде оларды үй басына бөліп пайдаланды.
Әкімшілік жағынан Ақтөбе уезі он екі болысқа: Аралтөбе, Ойсылқара, Теректі, Ақтөбе, Бестамақ, Бөрілі, Бүрты, Қаратоғай, Елек, Қарақобда, Тұзтөбе, Қобда болыстарына бөлінді. XIX ғасырдың аяғында уезде қазақ халқының саны 104 411 адам болған.
Көршілес Қостанай уезінен айырмашылығы. мұнда халықтың негізгі көпшілігі Кіші жүз қазақтарынан, барлық үш рулық бірлестіктің өкілдерінен құралды. Мұнда Жетірудан Табын, Тама, Жағалбайлы және Кердері рулары мекендеді. Халықтың басым көпшілігі де солар болатын. Одан кейін Әлімұлы рулық бірлестігінен Шекті, Шөмекей, Қаракесек, Кете және Төртқара рулары тұрады. Ақырында, Байұлының Жаппас руынан шыққан азынаулақ қауымдар болды. Сондай-ақ Орта жүзден Уақ тайпасының қазақтары мекендеді.
Уездің Ор өзені мен оның салалары бойындағы бүкіл шығыс және солтүстік шығыс бөлігін, Жайықтың сол жағасын бойлай, ал оңтүстігінде Қарағайлы, Қостік және Дамбар өзендерінің бойын Жағалбайлы руының қауымдары алып жатты. Жағалбайлы қоныстарының батыс жағында жалпы пайдаланылатын жазғы жайылым жатты. Алып жатқан жері бойынша Жағалбайлы руынан кейінгі орында Табын руының қазақтары болатын. Бұл рудың қыстаулары негізінен уездің оңтүстік батыс және едәуір азы орталық бөлігінде орналасты. Олардың қыстауларының ең көбі Қобда, Қара Қобда, Кіші Қобда және Сары Қобда өзендерінің бойында, сондай-ақ Терісаққан, Тамды, Қарағанды, Елек өзендерін бойлай, ал уезд орталығында Жаманқарағайлы өзенінің бойында орналасты.
Тама руының қыстаулары көбінесе Жайық өзенінің сол жағасын бойлай (уездің солтүстік-батыс бөлігінде), Бөрті, Орта Бөрті өзендерінің бойында және Қиялы Бөрті өзенінің бас жағында шоғырланды. Уездің оңтүстігінде олар Елек, Орта аша, Көктөбе, Елубай өзендерінің жоғарғы салаларын бойлай және басқа жерлерде қоныстанды. Тама руының аздаған қауымдары уездің басқа жерлерінде де, ең батыста жағалбайлылар арасында және Ақтөбе қаласының солтүстік шығысында Табын руы арасында да жүрді.
Жетіру ұрпағынан тағы бір ру Кердері. Ол мұнда едәуір аз, Қобда өзенінің бас жағында және Елек өзенінің сол жағасында, Богословская станицасының тұсында мекендеді. Әлімұлы ұрпақтарынан ең елеулі топ уездің орталығында, Ақтөбе қаласынан оңтүстікке таман, Шолақсай, Пішенсай, Табантал, Жайлаусай өзендерінің бойында орналасты. Бұл топ Кете және Шекті руларынан тұратын. Кете руы қазақтарының бір бөлігі уездің оңтүстігінде мекендеді, ал шектілер уездің бүкіл дерлік шет жақтарында, атап айтқанда, Ор өзенінің бойында, ең шығысы мен ең оңтүстігінде Қара Қобда өзенінің ең бас жағында, ал қиыр батысы мен солтүстік батысында Елек және Жайық өзендерінің бойында және Бөрті өзенінің орта ағысында шашырап жүрді. Мұнда олар барлық жерде дерлік басқа рулардың арасында: орталықта Шөмекей руы мен Қаракесек руының арасында, шығыста Шөмекей, Қаракесек және Төртқара руларының арасында тұрды.
Уезде Кіші жүз өкілдерінен басқа, біздің бұрын да айтқанымыздай, Орта жүздің уақ тайпасының қазақтары тұрған, олардың қауымдары бүкіл уезде шашырап жүрді. Олар Тамды өзенінің бас жағы мен уездің ең батысында мейлінше көп болды.
Ырғыз уезі
Торғай облысының оңтүстік шығыс бөлігі Ырғыз уезі болды. Ол солтүстік шығысында Торғай, солтүстігінде Қостанай және солтүстік батысында Ақтөбе уездерімен шектесіп жатты. Оңтүстігінде бұл уезд Сырдария облысы мен Арал теңізіне ұласты. Облыстың басқа уездері сияқты, Ырғыз уезінің біржола қоныстануы туралы азды көпті дәл мәліметтер XVIII ғасырдың аяғына жатады. Бұл кезеңде уездің бір бөлігі қалмақтардың қолында болып, оның ең шеткі оңтүстігінде ғана қазақтар мекендеген еді.
Уездің жері ерте кезден-ақ Сырдария облысы қазақтарының жазғы және күзгі көктемгі жайылымдары болған. Жекелеген қысқы қоныстар бұрын да болған, бірақ жаппай қыстау салу XIX ғасырдың орта шенінде ғана басталды. Табиғат жағдайларының сипаты бойынша уездің солтүстік бөлігі алуан түрлі шөпке бай дөңесті дала болып табылады, өл уездің орталық бөлігі Торғай мен Ырғыз өзендерінің бойындағы жазыққа ұласады, ал одан әрі оңтүстік жағында едәуір кең алқаптағы ыспа құм (Үлкен және Кіші Борсық, Арал маңы Қарақұлын және басқалар) басталады. Уездің Қостанай уезімен шектесетін жерінде көлдер көп, солтүстік жартысы ғана су көздеріне бай.
Уездің оңтүстік шығысында солтүстіктен Шалқар Теңіз көліне құятын Ырғыз өзені кесіп өтеді. Шығыс шекарасында Ұлқияқ өзені жатыр, ол Торғай өзеніне барып құяды. Оның төменгі ағысы Ырғыз уезінің аумағын қамтиды.
Уездің солтүстік бөлігінің, сондай-ақ Ырғыз бен Торғай өзендері аңғарының топырақ климат жағдайлары егіншілікке қолайлы, сондықтан да мұнда отырықшы мал шаруашылығымен қатар егіншілік те дамыған. Уездің шөбі шүйгін, құмдауыт оңтүстік бөлігі ерте кезден уездің көптеген қожалықтарына қысқы тұрақ болып келген. Санақшы П. Хворостаискийдің деректерінде, егер уездің солтүстік бөлігінде егіншілікпен қожалықтардың 47 проценті айналысса, оңтүстігінде 1,5 проценті ғана айналысқаны көрінеді. Бұл сандар Ырғыз уезінің әр түрлі бөліктерінің шаруашылық жағынан сараланғанын тағы да айқын көрсетеді.
Бастапқы кезеңде қазақтар уездің ірі-ірі құмды алқаптары Үлкен және Кіші Борсық, Қарақұмда басым болған оңтүстік болыстарын, сондай-ақ көшпелі мал шаруашылығы мен қысқы уақытша қоныстар жасау үшін мейлінше қолайлы өзендер мен Арал теңізінің қамысы көп жағалауын мекендеген болатын. Содан соң қоныстар солтүстікке қарай, салаларымен қоса Төменгі Торғай және Ырғыз өзендерінің аңғарларына, ендігі жерде жартылай отырықшы немесе тіпті отырықшы мал шаруашылығы мен егіншілік жүргізуге мүмкіндік беретін, кеңбайтақ сұлы шабындықтары бар көптеген көлді жерлерге қарай жылжыды. Сол жерлерде қоныстар пайда бола бастады.
Ақырында, уездің солтүстік өңірінде егіншілік неғұрлым кең көлемде дамыды. Сонымен бірге бұл жерде шөбі шүйгін тамаша табиғи жайылым алқаптары бар еді. Уездің бұл бөлігінде отырықшы мал шаруашылығымен қатар егіншіліктің де тез таралып, мұнда тұрақты үлкен қоныстардың жасалуына әбден табиғи жағдай қалыптасты. Сөйтіп, оңтүстік болыстардың көшпелі малшылары құм арасында қыстап шығып, көктемде солтүстік және орталық болыстардың бос жатқан көктемгі жазғы жайылымдарына көшіп барған. Демек, мұнда қыстау маңындағы аумақ қана межеленген де, көктемгі жазғы және жазғы жайылымдар жалпы пайдалануда болған.
Орталық болыстардың қазақтарының ішінара бөлігі солтүстікке жайлауға барып отырған. Ал, басым көпшілігі өз орындарында қалған. Мұнда екінің бірінде күзгі көктемгі және жазғы жайылымдар да кіретін қыстау маңындағы аумақпен қатар шабындық жерлер мен егістіктер қауым ішінде де, ауыл ішінде де бөлініп отырған. Солтүстік болыстарда тұрақты қоныстардың негізі қаланғаннан кейін қыстау маңындағы аумақтардың бұрынғыдан да қатаң межелене түсуі орын алды.
Оқшауланған аумақтар мұнда едәуір көп еді. Олардың әрқайсысының ішінде қыстау маңындағы алқап, егістік, шабындық жерлер, күзгі көктемгі және жазғы өрістер болды. Ауылдар арасындағы шекара қатаң сақталды, сөйтіп қожалықтар малын өздерінің қыстау маңындағы өрістерінде ұстап, ешқайда көшіп бармады.
Әкімшілік жағынан Ырғыз уезі он төрт болысқа: Талдық, Бақсай, Қызылжар, Аманқұл, Кенжеғара, Теректі, Толағай, Тәуіп, Темірастау, Қарасай, Жыңғыл, Қабырға, Ордақонған, Құланды болыстарына бөлінеді.
Жалпы алғанда, XIX ғасырдың басында уезде қазақ халқынан 105 446 адам тұрды. Негізгі халқы Кіші жүздің Шөмекей, Төртқара, Шекті, Қаракесек, Телеу және Алтын руларының қазақтарынан тұрды. Орта жүзден мұнда уақ тайпасының азынаулақ қауымдары тұрды. Шөмекей руы шығыстағы бірнеше болыстың (Кенжеғара, Тәуіп және Аманқұл) аумағын алып жатты. Рудың қыстаулары Ырғыз өзенінің төменгі ағысының екі жағын бойлай, Боққара, Қонысбайтам, Жаманқұм, Сасыққұм, Аманқұм, Әулиеқопа, Бектаскөл, Құмөткел алқаптары мен басқа да жерлерде орналасты.
Қауымдардың бір бөлігі Шалқар Қарасу және Мешіт Қарасу көлдерінің жағалауларында қыстады. Басқа бір қауымдар Торғай уезімен шекараға жақын, Ұлқияқ өзені мен Торғай өзенінің (оң жаға) бойында, Баршақұм, Мамыт, Бәребіқұм, Бөрілі құмдарында және ШалқарТеңіз көлінің төңірегінде орналасты.
Төртқара руының саны көп қауымдары Қызылжар, Бақсай, Балдақ және Темірастау болыстарын қыстады. Олардың қыстаулары шығысында шөмекейлердің қыстауларымен, солтүстігінде Ақтөбе уезімен жапсарлас жатты. Бұл ру қауымдарының тағы бір тобы уездің оңтүстігінде (Теректі және Толағай болыстарында) қыстады. Төртқара қауымдары солтүстігінде Ырғыз өзенінің жоғарғы және төменгі ағысы (екі жағасын бойлай) мен оның көптеген салаларын, сондай-ақ даладағы шағын көлдердің жағалауларын алып жатты. Оңтүстігінде рудың қыстаулары Кіші Борсық құмдарында, Арал өңірі қамыстарында және Бәрібіқұмда орналасты.
Қаракесек руы Қабырға және Қарасай болыстарын мекендеді. Бұл ру қауымдарының бір бөлігі Арал теңізінің жағалауы маңындағы қамыстар арасында, Паскевич шығанағынан Тұщыбас шығанағына дейінгі аралдарда, Қабырғакөл, Таңатар, Тораңғылысай, Шөмішкөл, Аңбасты, Қаражиде алқаптары мен Көкарал аралында қыстап шығатын. Бұл рудың басқа бір қауымдары Мұғалжар тауларының солтүстік шығыс сілемдері мен Шет Ырғыз, Қарасай, Қайыңды өзендерінің бас жағында, Сырлыбай, Шүкірқұм, Жолши, Қопасор алқаптары мен басқа да алқаптарда қоныстанды.
Шекті руы уездің солтүстік батыс болыстары (Құланды және Ордақонған) аумағын алып жатты. Бұл ру қауымдарының негізгі көпшілігі Арал теңізі жағалауындағы қамыстар арасында, Құланды түбегі мен оған жақын жатқан аралдарда, сондай-ақ Үлкен Борсық құмдары мен Шошқакөл тауларында қыстайтын. Ру қожалықтарының азынаулағы Мұғалжар тауларының оңтүстік шығыс сілемдерінде қыстап шығатын.
Қарасай және Жыңғыл болыстарының көпшілік бөлігін Телеу руы алып жатты. Бұл рудың қауымдары Торғай өзенінің сол жағасында да (оның төменгі ағысында) мекендеді. Алайда, олардың негізгі көпшілігі Үлкен Борсық құмының солтүстік жағы мен Мұғалжар тауларының шығыс беткейлерін мекендеген еді.
Алтын руы азынаулақ екі көпшілік болып Торғай өзенінің сол жағасы мен оң жағасында (оның төменгі ағысында) қыстады. Оның қыстаулары шөмекейлер мен Телеу руының қыстауларымен шектесіп жатты. Және ақырында, уақ тайпасы (Орта жүз) қауымдарының шағын тобы Арал теңізінің жағалауын бойлай, Құланды түбегіне жақын жерде және жағалауға жақын аралдарда шектілер арасында қыстап жүрген.
Торғай уезі
Торғай уезі шығысында Ақмола және оңтүстігінде Сырдария облыстарымен шектесіп, облыстың ең оңтүстік шығыс бөлігін алып жатты. Ол солтүстігінде Қостанай, ал батысында Ырғыз уездерімен шектесетін. Торғай уезінің аумағы солтүстігінде жазық дала болып, оңтүстігіне қарай шөлейт далаға ұласады. Уезд аумағында, әсіресе оның оңтүстік жартысында едәуір көп құмды алқаптар кездеседі, олардың ең ірілері Мойынқұм, Тосын, Сарықұм құмдары және басқалары.
Уезде суы тұщы, көбінесе көлемі едәуір үлкен көлдер (Сарықопа, Шұбартеңіз, Арыскөл, Сарымойын т. б.) және толып жатқан салаларымен қоса (Ұлқияқ, Мойылды, Қабырға, Жыланшық және т. б.) Торғай сияқты өзендер көптеп саналды.
Уездің солтүстік бөлігінде Наурызымқарағай, Сынсық және басқа да орманды алқаптар бар.
Уездің топырақ климат жағынан өзіне тән ерекшеліктері жергілікті қазақ халқы шаруашылығының ерекшеліктерінен де өз көрінісін тапқан. Көршілес Ырғыз уезіндегі сияқты, мұнда да уезде басым болған мал шаруашылығының дамуына қолайлы, кең байтақ, тамаша табиғи жайылымдар бар. Егістік жері мол көптеген өзен аңғарлары мен көл жағалаулары суармалы егіншіліктің кеңінен дамуына игі әсер етті.
Белгілі бір қауым жерінің көрші қауымдарымен қатаң шекаралары болды. Ал, қауым ішінде қыстау маңындағы жер мен егістік жер бөлінді. Шабындықтар жекелеген қожалықтардың пайдалануында болғандықтан, бірлесіп шөп шабу сирек кездесті. Көптеген рулық қауымдардың қыстау маңындағы жері ішінде күзгі көктемгі, тіпті жазғы жайылымдары болды. Мұның өзі көшіп қонудың едәуір азаюына елеулі ықпал етті. Сонымен қатар уезде көптеген рулар жалпы пайдаланылатын жазғы жайылымдар да болды.
Уездің солтүстігінде жалпы пайдаланылатын жайлаудар Қарағайлытау, Қызбелтау таулары мен жақын маңайдағы далаларда орналасып, оңтүстікке қарай 80-100 шақырымға дейін созылып жатты. Бұл жайлаулар негізінен Арғын руларынікі болатын. Жалпы пайдаланылатын жайлаудың тағы бір үлкен алқабы Жалдама (солтүстік батыста) және Қарақұдық (оңтүстік шығыста) өзендерінің арасында жатты. Ол солтүстігінде Ашутасты Торғай өзенімен жанасып, оңтүстігінде Қараторғай өзеніне дейін жетті. Бұл жайлауды арғындар да, қыпшақтар да пайдаланды. Шұбартеңіз көлінің маңында орналасқан кеңбайтақ жер алқабы да жазғы жайылым болатын. Білеуті, Бұланты, Байқоңыр, Қарғалы өзендерінің аңғарларымен қоса алғанда, Шұбартеңіз көлінің ауданы қыпшақтарға қарайтын.
Көршілес Ырғыз уезімен қатар, Торғай уезі тіпті XX ғасырдың басында да орыс қоныстанушыларымен қоныстандырылмады деуге болады. Тек 1912 жылға қарай оның ең солтүстігінде ғана азынаулақ көлемде қоныстанушыларға учаскелер бөлініп, олардың көпшілігі ұзақ уақыт бойы бос жатты. Мұны уездің темір жолдан көп алыс жатқанымен, қандай да болсын қатынас жолдары мен құралдарының болмауымен түсіндіруге болады.
Соның нәтижесінде XX ғасырдың басына дейін уезде толығымен Орта жүздің және ішінара Кіші жүздің қазақтары ғана қоныстанды. Әкімшілік жағынан уезд он екі болысқа: 1ші Наурызым, 2 ші Наурызым, Майқара, Тосын, Сарықопа, Шұбалаң, Қараторғай, Сарыторғай, Қайдауыл, Ақкөл, Қызылжыңғыл, Қарақоға болыстарына бөлінді, Уездегі қазақ халқының жалпы саны 93 242 адам болды. Уездегі халықтың негізгі көпшілігі Орта жүздің арғын және қыпшақ тайпаларының қазақтары болды. Кіші жүзден мұнда Жаппас, Шекті, Алтын және Тама руларының аздаған қауымдары мекендеді. Олардың ішіндегі саны көбі Жаппас руы болатын. Кіші жүздің қалған рулары қожалықтарының саны болмашы еді.
Арғын тайпасы қыстауларының негізгі алқаптары уездің батыс және орталық бөлігіндегі аумақты алып жатты. Тоғыншы руының қыстаулары Үлкен және Кіші Қосқопа, Мерген көлдерінің төңірегінде, Сарыторғай өзенінің оң жағасында (оның орта ағысында) орналасты. Уездің оңтүстік батыс бөлігінде, Ұлы Жыланшық өзенінің төменгі ағысы бойында, Жақсыкөл, Жаманкөл көлдерінің төңірегінде, Тосын құмдарында, Қарақамыс көлінің төңірегінде, Ұлқияқ пен Шортандының жоғарғы және орта ағысында да Мерген, Ақташы, Тоғыншы, Қарамылтық руларының арғындары мекендеді. Торғай өзенінің сол жағасы оның орта ағысында Мерген руының арғындарына, ал Сарықопа көлінің төңірегіндегі аумақ Тоғыншы руына қарады.
Одан әрі Арғын руларының қыстау алқаптары Қосқопа көлінен шығысқа қарай Қарынсалды өзенінің оң жағасына дейін созылып жатты. Арғындардың тағы да біршама шағын екі тобы уездің солтүстігінде, Ақсуат көлінің төңірегінде және солтүстік шығысқа қарай Терісбұтақ, Сарыторғай, Үлкентамды өзендерінің жағасын бойлай, одан әрі Жыланды өзенінің сол жағасына дейін қыстап жүрді.
Қыпшақтар уездің солтүстігінде Жыланды өзенінің сол жағасын бойлай, ал оңтүстігінде Ақмола облысының шекарасы бойында, Қарынсалды, Тасты және Үлкенқайыңды, Торғай өзендерінің жоғарғы ағысы бойында мекендеді. Уездің Бұлаңты, Білеуті өзендерінің бойындағы және Төменгі Сарысу өзенінің оң жағасы бойындағы бүкіл оңтүстігін де қыпшақтар алып жатты. Уездің орталық бөлігінде қыпшақтар Үлкен Торғай өзенінің орта ағысы (оның сол жағасы) бойындағы аумақты мекендеді.
Бұл айтылғандардан арғын және қыпшақ тайпалары қазақтарының қыстаулары өте қолайлы жерлерге, атап айтқанда, жайылма сулы шабындықтарға бай өзендерінің аңғарларында және су басатын және қопа қамысы бар көптеген өзендер төңірегінде орналасқаны көрінеді. Арғындардың едәуір көп бөлігі Торғай өзенінің бойындағы Тосын құм алқабында қыстаған.
Кіші жүздің Жаппас руы уезд шегінде жатқан Арал маңы Қарақұмының солтүстік бөлігінде мекендеді. Солардың маңында, біраз оңтүстік шығысқа таман Алтын руының қыстаулары жатты. Уездің ең оңтүстігінде қыпшақтармен қатар, Арыс көлінің жанында тама руының аздаған қожалықтары қыстады.
Сарықопа көлінің солтүстік шетінде Шекті руы қауымдарының қыстаулары бытырап жатты. Азынаулақ шектілер уездің солтүстік бөлігінде, Сарымойын көлінің батыс жағында да мекендеді. Олардың қыстаулары көптеген дала көлдерінің жағалауларында шашырап жатты.
Торғай облысының аумағында қазақтардың рулық тайпалық орналасу көрінісі осындай. Қорыта келгенде, Торғай облысын шартты түрде екі бөлікке бөлуге болатынын атап айту керек. Торғай және Ырғыз уездері, әсіресе олардың оңтүстік өңірлері ежелден Орта жүз бен Кіші жүз қазақтарының қысқы жайылымдары, ал олардың солтүстік өңірлері осы қауымдар үшін көктемгі күзгі және жазғы жайылымдар болып келген. Олар Сырдарияның төменгі ағысында қыстаған қауымдар үшін де қысқы жайылымдар болған.
XX ғасырдың басында да орыс қоныс аударушылары бұл уездерге тіпті қоныстанбаған деуге болады. Сондықтан XX ғасырдың басына қарай мұнда қалыптасқан көшіп қонатын жерлер мен көшу жолдары елеулі өзгерістерге ұшыраған жоқ. Сонымен бірге бұрын бір бөлігі оңтүстік қауымдарының жайлаулары болып келген, ал бір бөлігі бос жатқан Қостанай және Ақтөбе уездері XVIII ғасырдың аяғынан бастап қана қысқы жайылым ретінде игеріле бастағанын және біз XIX ғасырдың орта шеніне қарай қазақ руларының орналасуы біршама тұрақтанғанын аңғарамыз. Алайда, көп ұзамай-ақ отарлауға орай қоныстану учаскелерінің кесіп алына басталуына байланысты, бірқатар қазақ қауымдарын мейлінше қолайлы жерлерден ығыстырып шығару, мұнда қалыптасқан көшу жолдарын бұзу басталды.
В. Тревятскийдің мәліметтеріне қарағанда, 1906 жылға дейін ғана, яғни шаруаларды қоныстандырудың негізгі кезеңіне дейін-ақ Торғай облысында қазақтардан ең жақсы 1 022 167 десятина жер тартып алынған. Мұның негізгі бөлігі Қостанай және Ақтөбе уездерінің үлесіне тиетін еді. Сайып келгенде, мұның бәрі қазақ қауымдары қыстауларының едәуір тығыздалуына, жалпы пайдаланылатын (жазғы және күзгі көктемгі) алқаптардың тарылуына әкеп соқты.
Орал облысы
1868 жылы құрылған Орал облысы әкімшілік жағынан төрт уезге: Орал, Ілбішін, Гурьев, Темір уездеріне бөлінді; біршама кейініректе (1874) оған Маңғыстау приставы кірді. 1897 жылғы «Жалпыға бірдей халық санағына» сәйкес, облыста 645 121 адам, соның ішінде 460 173 қазақ халқы болған.
Облыс аумағында Кіші жүз қазақтары мекендейді. Мұнда оның барлық үш бірлестігінің Байұлы, Әлімұлы және Жетіру рулары бар.
Орал уезі
Уезд орал казактары қоныстанған оң жаға және қазақ рулары мекендейтін сол жаға етіп Жайық өзені бейнебір екі бөлікке бөлгендей, облыстың солтүстік бөлігін алып жатыр. Уездің қазақ бөлігіне ғана ден қоюымызға байланысты, біз ендігі жерде тек соны ғана қарастырамыз. Уездің солтүстік батыс және солтүстік жағынан Жайық өзені жапсарласып жатқан бұл бөлігінің шекарасы шығысында Елек өзенінің бойымен, ал оңтүстік шығысында Қобда өзенінің бойымен өткен.
Оңтүстігінде Орал уезі Ілбішін және Темір уездерімен шектесіп жатты. Уездің қазақтар бөлігі мынадай сегіз болыстан тұрды: Жиренкөпе, Қарағаш, Шілік, Қарашығанақ, Шыңғырлау, Бөрлі, Жымпиты, Қараоба.
1897 жылғы санақтың деректері бойынша, уездегі халық саны 293 619 адам, соның ішінде қазақтар 150 901 адам болған. Облыстың болыстары топырақ климат жағдайларының сипаты жағынан, демек, шаруашылықта пайдаланылуы жағынан да бірдей емес. Солтүстік болыстар (Шыңғырлау, Қарашығанақ, Қараоба және Бөрлі) егіншілік үшін өте қолайлы, мұнда (әсіресе алғашқы екі болыста) шаруашылықтың негізгі саласы егіншілік. Оңтүстік және оңтүстік шығыс болыстар негізінен алғанда мал шаруашылығына қолайлы, бұларда егіншілік тек қосалқы сипатта ғана болды. Әлбетте, мұның бәрі жерді пайдалану нысанына да, қазақ халқының орналасу сипатына да өзінің ізін қалдырды.
Алғашқы төрт болыста егіншіліктің біршама кең дамуы, оларда көшпелі мал шаруашылығының мүлдем дерлік болмауы XIX ғасырдың аяғына қарай мұндағы барлық қазақ халқының отырықшылыққа көшуіне әкеп соқты. Бұрынғы рулық қауымның орнына селолық қауым келді. Бұл қауымдар өз халқының тұрақтылығы жөнінен, жерді пайдалану нысандарының ерекшеліктері жөнінен орыстың селолық қауымына өте жақын болды. Шынында да, бұл болыстарда егіншіліктің кеңінен дамуы соларда тұратын халықтың отырықшылануына, көбінесе тұрақты тұрғын контингенті бар тұтас қазақ қоныстарының пайда болуына әкелді.
Олар үшін шаруашылықтың негізгі саласы ендігі жерде егіншілік болды. Аздыкөпті жарамды жерлердің бәріне егін салынды. Ал аумақтың қалған бөлігі шабындық пен жайылым етілді. Шалғынды шабындықтарда үй салынып пайдалануға көшірілді немесе жыл сайын қайта бөлісіліп отырды, бірақ егістік сияқты бүлдіруден қатаң күзетілді. Себебі, мұндай жағдайларда көшпелі мал шаруашылығына үлкен зиян келетін еді. Уездің бұл солтүстік болыстарына көрші уездерден бірдебір мал шаруашылығы қожалығының жайлауға келмегені кездейсоқ емес. Өрістер мен табиғи жайылымдар аталған болыстарда қауымдық пайдалануда қала берді. Дегенмен де, мұнда бұрынғы рулық қауымның өзі де айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Бұрынғы рулық қауымның әлеуметтік экономикалық өмірдің орталығы енді шаруашылық ауылға ауысты.
Оңтүстік шығыстағы мал өсіретін болыстардан айырмашылығы, шаруашылық ауылдар отырықшы немесе жартылай отырықшы халық тұрмысы себепті, нақ осында қожалықтардың едәуір санын (150200) біріктірді. Өз кезегінде бұл болыстардың жер қауымдары да шаруашылық ауылдарын көп мөлшерде қамтығаны соншалық, көбінесе тұтас болыс іс жүзінде бір-екі қауымнан құралды. Мысалы, Қараоба болысы нақ осындай бір қауымнан, Бөрілі, Шыңғырлау және Қарашығанақ болыстары екі-екі қауымнан тұрды және т.т.
Уездің оңтүстік шығыстағы өзге төрт болысында жердің пайдаланылу нысандары жөнінен істің жайы біршама басқаша болды. Жоғарыда айтылғанындай, мұнда шаруашылықтың негізгі саласы мал шаруашылығы болды, дегенменде XIX ғасырдың аяғына қарай, егіншілік пен шөп шабу да одан әрі дами түсті. Рас, оны табиғи жағдайлардың қолайсыз болуы шектеп отырды.
Мұнда егіншілік шаруашылықтың қосалқы саласы болғандықтан, бұл болыстарда егістікке жарамды учаскелер алғашқы (солтүстік) болыстар тобындағыдай бағалы болған жоқ. Сондықтан егістік жерлер үй басына бөлінбей, қауымдық меншік болып, қауым мүшелері пайдаланды, олар қай жерді қаласа және қанша қаласа, сонша егін салды. Шөп шабудың дамып, мал шаруашылығының тауарлы шаруашылыққа айналуы, айтар болсақ, бұл болыстарда біршама аз болған шабындық учаскелердің құны зор болуына әкеп соқты. Сондықтан да олардың бәрі түндік басы болып пайдалануға көшті немесе жыл сайын қайта бөлініп отырды. Табиғи жайылымның бәрі (дала) қауымдық пайдалануда қала берді. Бұл болыстардағы қауым да онша үлкен болған жоқ. Әкімшілік ауылда екі және одан да көп қауым болды. Сондықтан болыстардың әрқайсысындағы осындай қауымдар саны 10нан 18ге дейін жетті.
Уездегі қазақ руларының орналасу сипаты олардың шаруашылығының ерекшеліктері мен жерді пайдалану нысандарына тығыз байланысты еді. Осы бөлімнің басында көрсетілгеніндей, Орал уезінде 150 901 қазақ тұрды. Бұлар Табын, Тама, Кердері, Байбақты және Масқар руларының өкілдері болатын. Алғашқы үш ру Жетіру рулар бірлестігіне жататын да, Байбақты және Масқар рулары Байұлына кіретін.
Мұнда Табын руынан бозым және жаманкерей (тарақты табын) бөлімшелері мекен етті. Бұл ретте алғашқылары аз болса, жаманкерейлердің мұнда бес бөлімшесінен екі бөлімшесі амандәулеттер мен туатайлар ғана болғанымен, олардың саны едәуір еді. Солай бола тұрса да, бұл екі бөлімшенің өкілдері төрт (Жиренкөпе, Қарағаш, Шілік және Қарашығанақ) болысты алып жатты. Бұл ру қыстауларының негізгі көпшілігі көптеген өзендердің, атап айтқанда, Жайық және Елек өзендерінің аңғарларында орналасты. Уездің солтүстігінде қыстаулар Қобда, Утва өзендерінің бойында, сондай-ақ Қуағаш, Қалдығайты, Бұлдырты өзендерінің жоғарғы ағыстарында және олардың салаларында шашырап жатты. Көктемгі күзгі жайылымдары қыстауларынан алыс болмады, ал жазғы өрістері сол өзендердің жоғарғы ағыстары мен солардың маңайындағы далаларда орналасты. Қалай дегенмен де, мұнда XIX ғасырдың аяғында-ақ жалпы пайдаланудағы жайлаудың азды көпті елеулі алқаптары болған жоқ.
Жымпиты болысында Байбақты және Масқар рулары мекендеді. XIX ғасырдың басына дейін бұл болыстың жерлері бос жатты деуге болады, тек мұнда Жайық өзенінің сол жағасында, Мерген форпостысының жанында қыстап шыққан Байбақты руының қазақтары ғана анда санда жайлауға келіп жүретін. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Жайық өзенінің бойында қожалықтардың шоғырлануы себепті жер тарлығына ұшыраған бұл рудың бір бөлігі өздерінің жайлауына көшіп барып, сонда қыстап қалған. Шалқар көлінің жағалауы мен КөпірАңқаты өзендерінің қамыстары қыстау етілді. Осында қыстап қалатын қожалықтар саны жылдан жылға, әсіресе қазақтар Жайық өзенінің жағалау өңірінен тоғыз шақырымға көшірілгеннен кейін біртіндеп өсе берді. Қыстаулар орындары Өлеңті және Шідерті өзендерінің құйылысында да пайда болып, содан соң олардың бүкіл бойына таралды. Мұнда көктемгі күзгі жайылымдар мен жайлаулар сол өзендердің жоғарғы ағыстары мен айналасындағы далаларда да болды. Өткен ғасырдың 80 жылдарында мұнда сол кезге дейін Ілбішін уезінің оңтүстік болыстарында (Индер және Қарасу) қыстап келген Масқар руының қожалықтары көшіп келді. Олар өз қыстауларын Аңқаты өзенінің жоғарғы ағысына, Байбақты руының жайлауына орналастырып, сол арқылы Жымпиты болысының бүкіл солтүстігін қаратып алды.
XX ғасырдың басында (1907) Жымпиты болысы екі болысқа: атап айтқанда, бұрынғы болыстың оңтүстік шығыс бөлігінің жері енген Жымпиты және Шідерті болыстарына бөлінді. Соңғысына Шідерті өзенінің бойындағы (солтүстік батыс бөлігі) аумақ енгізілді. Бірінші болыста Байбақты руының, ал екіншісінде Масқар руының халқы басым болды.
Шыңғырлау және Бөрлі болыстарын мұнда екі бөлімшесінің де (есенгелді және жабал) өкілдері болған Тама руы мекендеді. Бұл рудың қыстаулары мен қоныстары көбінесе уездің солтүстік бөлігінде, яғни Жайықтың тоғыз шақырымдық өңірі шетінен тыс жағалауын, Утва өзенінің төменгі ағысы бойында, сондай-ақ даланың шағын өзендері (Солянка, Қараөба, Бесағаш, Улысай және т. б.) жағалауы мен сайларын бойлай орналасты. Ақырында, уездің ең шеткі солтүстік батыс түкпірінде (Қараоба болысы) өзінің екі бөлімшесімен (жабағы және смайыл) бірге Кердері руы мекендеді. Көршілес (Шыңғырлау және Бөрлі) болыстарындағы сияқты, мұнда да қыстаулар Жайықтың жағалауында, сондай-ақ Барбастау өзенінің оң жағасында орналасты. Жазғы өрістері осы өзеннің сол жағасы мен іргелес жатқан далада болды. Жоғарыда аталған болыстардағы сияқты, мұнда да егіншіліктің кең дамуы себепті, біздің мал шаруашылығымен айналысатын болыстардағыдай шүйгін жайлаулар болмады. Бұл өрістер тікелей қыстаулар мен егістіктерге жапсарлас жатты.
1920 жылы Орал уезі екі уезге Орал және Елек уездеріне бөлінді. Рулардың қоныстануында да бірсыпыра өзгерістер болды. Революцияға дейін ең жақсы жерлер (Жайық өзенінің оң жағасының бойы), атап айтқанда, Шыжы, Көшім, Балықты және т. б. өзендерінің жайылмаларындағы тамаша шалғынды өрістер Орал казактары әскерінің қолында болып, қазақтарды жібермейтін еді. Қазақстанда Кеңес өкіметі жеңіп, жер пайдаланудағы ұлттық артықшылықтар жойылғаннан кейін Жайықтың оң жағасындағы жерлер қазақ халқының пайдалануына көшті. Орал уезі қожалықтары да ішінара осында көшіп келді.
Ілбішін уезі
Уезд Орал облысының солтүстігінде, ал шығысында Темір уездерімен шектесіп, нақ сол облыстың батыс бөлігі аумағын алып жатты. Оңтүстігінде Ілбішін уезі Гурьев уезімен шектесетін. Бұрын қазақ рулары қыстауларының едәуір бөлігі Жайық өзенінің суармалы шабындықтар мен ормандарға бай сол жағалық жайылмасында орналасқан болатын. Алайда XIX ғасырдың орта шенінде Орал казактары әскерінің әкімшілігі сол жаға бойында он шақырымдық өңір жасап, қазақтарды одан сыртқа көшіріп жіберді. Соның нәтижесінде өзеннің бүкіл жайылмасы шұрайлы жайылымдарымен және қыс кезіндегі малға ықтасын жерлерімен қоса қазақтардан тартылып алынды. Оларға малын Жайықтан суару үшін айдап апаруға белгілі бір жерлерде шағын орындар қалдырылды. Көршілес Орал уезіндегі сияқты Ілбішін уезінің де бүкіл оң жаға бөлігі Орал казактары әскеріне ғана тиесілі болды, ал оның көлемі сол жағасына орналасқан жартысына тең болатын. Қазақтардың ол жаққа кетуге құқықтары болмады. Сонымен бірге тамаша егістік жерлер мен көшім және шыжы жайылымдарының кең шалғындары нақ оң жағада жатқан еді.
Уездегі халық саны 169 673 адам, соның ішінде қазақтар 144 257 адам болды. Осы халықтың бәрі 154 ауылы бар 15 болыста тұрды. Бұлар мына болыстар: Жұбанышкөл, Шалқар, Құройыл, Қарасу, Бұлдырты, Өлеңті, Мәтеш, Сабынкөл, Суналы, Қызылжар, Жақсыбай, Қаракөл, Индер, Қалдығайты.
Уезд халқы болыстарда біршама біркелкі орналасты. Тек Жұбанышкөл және Сабынкөл болыстарының ғана кейбір ерекшелігі болды. Уездің әр түрлі болыстарының табиғи ерекшеліктері жер пайдалану нысандарына әсер етті, мұның өзі өз кезегінде ру топтарының қоныстану сипатына да әсер етпей қоймады.
Топырақ климат жағдайлары қолайлы солтүстік батыс болыстар (Өріктікөл, Жұбанышкөл және Қалдығайты) уездің астықты өңірі болды. Мұнда барлық жерге егін салынды деуге болады, халық тұрақты қоныстарда немесе қыстауларда отырықшы және жартылай отырықшы өмір сүрді. Жазда көшу мүлде дерлік болмады, сондай-ақ мұнда басқа уездер мен болыстардан көшіп келуге рұқсат етілмеді. Көршілес Орал уезінің солтүстік батыс болыстарындағы сияқты, барлық егістік жерлер үй басына бөлініп беріліп, мұраға қалдырылып пайдаланылды. Шабындық алқаптар не үй басына бөліп берілді немесе көктем сайын қайта бөлініп отырды. Оңтүстік шығыс болыстардың (Қаракөл, Жақсыбай, Сабынкөл, Бұлдырты) көп бөлігін едәуір ауқымды құмды алқап алып жатты (Көкөзек, Тайсойған, Бүйрек, Есерқамыс және басқалары). Құмдарда су мен шөптің мол болуы оларды тамаша қысқы жайылым етті. Бүкіл құм ішін Ілбішін уезінің осы болыстары ғана емес, көршілес болыстарының да қазактары қыстау еткені кездейсоқ емес. Қыстаулар жанындағы барлық алқаптар, сондай-ақ оларға жақын жатқан көктемгі күзгі жайылымдар қожалықтар арасында бөлінді. Негізінен уездің орталық болыстарында жатқан жазғы жайылымдар қауымдық пайдалануда болды.
Уезде Кіші жүздің барлық үш рулық бірлестігінің өкілдері мекендеді. Алайда халықтың негізгі көпшілігін Байұлы рулары (9 ру), содан соң Жетірудың Табын және Кердері рулары мен Әлімұлының Кете руы құрады. Уездегі саны ең көп рулар Алаша және Байбақты рулары болатын. Алаша руы қауымдарының қыстаулары Өлеңті Ащысай өзендерінің орта ағысын, даладағы Соркөл, Есентеміркөл көлдері мен басқа да көлдердің жағалауларын алып жатты. Бұлдырты өзенінің орта ағысы мен Шұбаркөл көлінің жағалауы да Алаша руының қарамағында болды.
Бұл рудың басқа бір едәуір үлкен тобы Жайық бойындағы он шақырымдық өңірі шекарасында, Котельный, Кругловский форпостылары тұсында және жапсарлас жатқан далада, Итмұрынкөл, Тұздыкөл көлдерінің жағалауларында, Қоскөл алқабында т. б. жерлерде қыстады. Алаша руының тағы бір үлкен тобы Қалдығайты, Жақсыбай өзендерінің төменгі ағыстарында, Жамбай, Сұлукөл, Жақсыбай көлдерінің жағалауларында, Есерқамыс құмдарында мекендеді.
Байбақты руы Шалқар көлінің солтүстік батыс жағалауын бойлай, Жайық өзеніне құятын Солянка өзенінің бойында, шағын Дуан көлі мен оған солтүстік жағынан құятын жылғалардың жағасын бойлай Қурайлысайдың бойы мен Ащы Өлеңтінің төменгі ағысында қыстап жүрді. Байбақтылардың қыстаулары Қамыстыкөл, Ащыкөл, Тұздыкөл көлдері мен оларға жақын жатқан басқа көлдердің жағалауы маңындағы қамыстары ішінде де орналасты. Рудың бірқатар қауымдары Қалдығайты өзенінің орта ағысын алып жатты. Байбақты ауылдарының едәуір бөлігі Жайық өзенінің сол жағасында (он шақырымдық өңірден тыс) Калмыковский форпостысынан Орловский форпостысына дейінгі жерлер және Индер өзенінің жағалауын мекендеді.
Ысық руының қыстаулары Жайық, Қалдығайты (оның жоғарғы ағысында) өзендерінің бойында, Бүйрек, Тайсойған, Көкөзек және Жаманағаш құмдарында болатын. Бұл рудың қоныстану ерекшелігі оның біршама жинақылығы еді. Көріп отырғанымыздай, бұл уезде рудың барлық қауымдары екі жерде шоғырланған, оның үстіне қыстауларының негізгі көпшілігі құм ішінде орналасқан.
Уезде Тама руының өкілдері көп болған жоқ және олардың қыстаулары да жинақы, екі жерде орналасты. Рудың бірнеше қауымы Өлеңті өзенінің жоғарғы ағысында жатты, ал басқалары Көкөзек құмының батыс бөлігінде қыстады. Сонымен бірге, ру қауымдарының бір бөлігі Жайық өзенінің бойындағы Кулагин және Гребенщиков бекіністерінің маңында қыстаған байбақтылармен келісім бойынша, солардың арасындағы қыстауларда қоныстанды.
Уезде ондаған қожалығы бар Масқар руының қыстаулары уездің ең солтүстік шығыс түкпірінде, Шідерті өзенінің оң жағасы бойында, оның орта ағысында Есентемір, сондай азынаулақ қожалықтары көлдер төңірегінде, Соркөл алқабында, Үлкенащы және Жаманащы өзендерінің төменгі ағыстарында қыстап жүрді. Беріш руы қожалықтарының қыстаулары да осында болатын. Бұлдырты өзенінің оң жағасы бойында, оның орта ағысында есентемір руы қыстауларының тағы бір шағын тобы болды.
Ілбішін уезінде табын қожалықтарының саны едәуір көбірек еді. Олардың қыстауларының негізгі көпшілігі Бұлдырты өзенінің орта және жоғарғы ағысын бойлай орналасқан. Табындардың шағын тобы Жайық өзенінің сол жағасын бойлай, Кожехаровский форпостысының тұсында қыстап жүрді. Жайықтың ағысы бойымен олардан жоғарырақта, Орал уезімен шекараға дейін және Шалқар көліне құлайтын Қарағайғаты, Сарыөзек өзендерінің аңғарлары бойында Кердері руының қыстаулары жатты. Жақсыбай өзенінің жоғарғы ағысында Кете руының аздаған қожалықтары қыстады.
Ақырында, уездің ең оңтүстігінде, Ойыл өзенінің ең төменгі ағысында Шөптікөл, Ақтөбе, Жалтырсор, Қарасор көлдерінің төңірегінде және одан әрі оңтүстікке қарай көптеген көлдердің маңы мен Булықияқ өзенінің бойында адайлардың қыстаулары болды.
Темір уезі
Темір уезі Орал облысының оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан. Ол оңтүстігінде Закаспий облысының Маңғыстау уезімен жанасып, шығысы мен солтүстік шығысында Торғай облысымен, солтүстігінде Орал облысының Орал, ал батысында Ілбішін уездерімен шектесіп жатты.
Уезд он жеті болыстан: Қарағанды, ҚиылОйыл, Қайыңды, Қазыбек, Ойыл, ҚұмдыОйыл, Қалмаққырған, ТемірҮрқаты, ЖемТемір, Жем, ЖиделіСағыз, Жетікөл, ОймағұтЖелтау, ДоңызтауАққолқа, Қошқарата, Ұлысам, Самматай болыстарынан құралды.
Уезд халқын Кіші жүздің барлық үш рулық бірлестіктерінің Әлімұлының, Байұлы мен Жетірудың қазақтары құрады; орыстардың, украиндар мен татарлардың шағын тобы ғана болды. Уезд бойынша 95 071 адам болатын. Жалпы халық санының 94 094 адамы қазақтар еді.
Табиғаты жағынан уезді шартты түрде екі бөлікке бөлуге болады. Алғашқы 12 болыс кірген бөлігінде біршама қолайлы топырақ климат жағдайлары және едәуір мөлшерде су көздері, атап айтқанда, көптеген салаларымен қоса алғанда Ойыл, Қиыл, Темір, Жем және басқа өзендер болды. Бұл бөліктің оңтүстік шекарасы Жем өзенінің орта ағысы еді. Уездің басқа бір бөлігі ДоңызтауАққолқа, ОймағұтЖелтау, Ұлысам, Самматай болыстары су көздері аз немесе мүлде сусыз шел және шөлейт дала болатын.
Уездің бірінші бөлігінің болыстарында мал шаруашылығымен бірге қазақтардың шаруашылығында егіншіліктің де ежелден зор маңызы болғаны түсінікті. Бұл болыстардың халқы XIX ғасырдың алғы XX ғасырдың басында қыстыгүні тұрақты үйлерде тұрып, жаздыгүні онша алысқа ұзамай, өз болыстары өңірінде көшіп жүрді. Облыстың солтүстік уездерінен айырмашылығы, Темір уезінде егіншілік пен отырықшылық біршама нашар дамыды. Мұның өзі қыстау маңындағы алапты ғана үй басы пайдалануына қаратып алуға әкеп соқты. Егістік, жазғы және көктемгі күзгі жайылымдар жалпы пайдалануда болды. Әрбір қауым мүшесі қай жерге егін салғысы келсе, сонда егіс екті және өз малын жалпы пайдаланудағы алапқа жайып жүрді. Уезд қыстауларының негізгі көпшілігі, біздің бұдан әрі көретініміздей, оның нақ солтүстік бөлігінде орналасты. Мұнда жайлайтын жайылымдар да аз болмайтын.
Бөлімнің басында-ақ айтылып өткеніндей, уездің халқы Кіші жүздің барлық үш рулық бірлестігінің өкілдерінен құрылды. Солтүстік болыстар (Қарағанды, ҚиылОйыл және Қайыңды) XIX ғасырдың 80 жылдарына дейін көбінесе осында Темір уезінің оңтүстік болыстарынан, сондай-ақ Гурьев және Маңғыстау уездерінен келетін Адай және Табын руларының жаз жайлауы ретінде пайдаланылды. Осы және басқа рулар қожалықтарының бір бөлігі осында қыстап қалатын. Бір жағынан, егіншілік пен шөп шабудың одан әрі дамуына, екінші жағынан, бұл болыстарға орыс халқының қоныс аударуына байланысты бұл жерлердің, әсіресе қыстау маңындағы және шабындық жерлердің құны арта түсті. Егістік және шабындық жерлердің кеңеюі табиғи жайылымдар есебінен жасалды. Шұрайлы жерлердің басым бөлігі қоныстанушылар учаскелеріне де бөліп берілді. Мұнда Масқар (Қарағанды өзенінің бойында және Қиылдың жоғарғы ағысында), Кете (Батпақты өзенінің бойында, Қиылдың орта ағысында, Сегізсай алқабында) және Шекті (Ойыл мен Қиылдың жағасын бойлай, соңғысының Ойылға құяр сағасында, Ойылдың ағысы мен оның салалары Қарағандысай, Келбатыр, Қайыңды, Құмжарғап, Бабатай жәтте басқалары бойында) руларының қожалықтары орнықты. Бұл қожалықтардың күзгі көктемгі және жазғы жайылымдары қыстауларға жақын орналасты. Халық жайлауға әрі дегенде 2030 шақырым өзендердің жоғарғы ағыстарына, сайларға және жақын маңайдағы далаға көшіп қонатын. Бұрын жайлау жері болған Қазыбек болысын XIX ғасырдың аяғында Алаша (Жақсыбай, Лайсай өзендерінің жоғарғы ағысы бойында, Бүйрек құмында) және Кете рулары қыстау етіп алды. Кетелердің қыстаулары Ойыл өзенінің оң жағасын бойлай, даладағы көптеген көлдердің (Қамыскөл, Қаракөл, Соркөл) айналасында және ішінара Тайсойған құмының солтүстік жиегінде орналасты. Қазыбек болысының қожалықтары жаздыгүні қыстауларынан 1020 шақырым алыстап кетіп, өз болысы шегінде қалды. Алаша руының қыстаулары арасында Қамыскөл көлінен солтүстікке таман жатқан құмда Шеркеш руының азынаулақ қожалықтары мекендеді. Жамансай бойында және Тайсойған құмының жиегінде Ысық руының қазақтары қыстады.
Ойыл өзенінің жоғарғы ағысында (Құмдыойыл және Қалмаққырған болыстары) Шекті, Кете, Кердері руларының қыстаулары жатты. Шекті руының қожалықтары Ойылдың салалары Шағырлының, Талдысайдың жоғарғы ағысында және Темір өзенінің жоғарғы ағысында қыстап жүрді.
Кете руы шектілердің оңтүстік жағында, Ойылдың жоғарғы жағында қыстады. Одан да оңтүстікте, Шиелі өзенінің бойында (Ойылдың саласы) Кердері руының қыстаулары орналасты. Ал олардың шығысына қарай, Темір өзенінің ағысы бойында Шекті руының қыстаулары болды. Бұл қыстаулар Темір өзенінің екі жағасымен, оның Жем өзеніне құятын сағасына дейін, Аққұм, Көкжиде, Құмжарған құмдарында және одан әрі шығысқа қарай, уездің шекарасына дейін, Жемнің көптеген салалары бойында, оның жоғарғы ағысында (Әулие, Құндызды т. б.) және уездің солтүстік шығыс түкпіріндегі құмды алқапта (Қалмаққырған, ТемірҰрқаш, ЖемТемір және Жем болыстары) созылып жатты. Тасбұлақ сайынан оңтүстікке қарай Батпақкөл, Қайыршөптікөл көлдерінің жағалауынан және Жемнің көптеген сол жақ салаларынан (Атжақсы, Көкпекті, Ащысай) бастап, Мұғалжар тауларының батыс сілемдерін де Шекті руларының қыстаулары алып жатты.
Шектілердің қыстауларынан оңтүстікке қарай, Ақшолақ, Атжанды, Жайынды, Жиделі, Мәшкесай, Талдысай өзендерінің бойында, Ащыкөл көлінің және Намазтау, Сарыбаймола, Бақыртау тауларының төңірегінде, одан әрі батысқа қарай Шатырлысай бойында, Шырқала тауларында және Жемнің сол жағасын бойлай АйтамОймағұт алқабына дейін қаракесек руының қыстаулары жатты. Бұл ру қауымдарының едәуір тобы Жемнің оң жағасын бойлай, Ақжарсайдан (Жемнің оң жақ саласы) оңтүстікке қарай Ақбота тауларына дейін де қыстады, ал он да Жемнің оң жағасын бойлай Терексай жырасына дейін созылып жатқан жайлау болды. Бұл жерден тағы да өзеннің оң жағасымен Гурьев уезімен шекараға дейін созылып жатқан қаракесектердің қыстаулары басталады. Оймағұт алқабына дейін Қаракесек руының қыстауларының оңтүстік шығыс жартысы мен Терексай және Ащысай жыраларының жоғарғы жағын Шекті руының қыстаулары алып жатты. Ал осы таулардың солтүстік батыс бөлігі мен көрші жыралар және Ноғайты өзенінің бас жағы қаракесек руына қарады.
Бүкіл ЖиделіСағыз болысында Кете руының қазақтары қоныстанды. Олардың қыстаулары Сағыз өзенінің жоғарғы ағысы мен оның салалары Ноғайты, Құрдеке, Дауылды, Топырақшашты, Жыланды, Қарауылкелді бойында, Аққұмсағыз құмында шашырап жатты. Осы құмның солтүстік жиегінде шекті руының да аздаған қожалықтары мекендеді. Шектілердің Жарлы өзенінің бойында, Ащыойыл өзенінің жоғарғы ағысында және жақын маңайдағы құмдарда едәуір көп бөлігі қыстап жүрді. Ойылдың сол жағалауы Ащыойыл саласының құяр саласынан бастап солтүстікке қарай қалың құм алып жатыр, онда шектілердің қыстаулары болды. Олардың арасында Ойыл кентінен біршама солтүстікте орналасқан таз руының азынаулақ қыстаулары болды. Одан әрі солтүстікке қарай Ойылды, содан соң Қиылды бойлай, жоғарыда айтылғанындай, шектілердің, сондай-ақ кетелердің қыстаулары жатты.
Жемнің сол жағалауындағы даланың көп бөлігі (ДоңызтауАққалқа, Ұлысам, Самматай болыстары) сусыз жусанды дала болып табылады. Құдықтар санының аз болуы, мал жайылымына жарамсыз жерлер (Сам, Самматай, Сарықұм құмдары мен Үстірттің солтүстік ұшын қоспағанда) болғандықтан, бұл болыстар қыстауға жарамсыздау болды. Қыстаулар жоғарыда келтірілген құмдарда және Үстірттің солтүстік жары маңында ғана орналасты. Сондықтан бұл болыстардың адайлары мен табындары даланы ол арқылы көктемде уездің орта және солтүстік бөлігіндегі жайлауға, ал күзде оңтүстікке, құм ішінде немесе Маңғыстау уезінің шегінде орналасқан қыстауларға өтіп, көктемгі күзгі жайылым ретінде ғана пайдаланды. Жалпы пайдаланылатын жайлаудың негізгі көпшілігі Сағыз өзенінің солтүстік жағында, Жем өзенінің орта ағысында, Темір уезінің солтүстік болыстары өңірінде болды. Жоғарыда атап көрсетілгеніндей, солтүстік болыстар қожалықтарының негізгі көпшілігі ішінара егіншілікке, шөп шабуға және жартылай отырықшы тұрмыс салтына көшіп, көшу радиусын, әдетте, өз болысы аймағында 1030 шақырымға дейін қысқартты. Бұл қожалықтардың басым көпшілігінің күзгі көктемгі және жазғы жайылымдары қыстауларынан қашық болмады. Сондықтан уездің солтүстік бөлігіндегі жекелеген жайылымдарды осында оңтүстіктен көшіп келетін адайлар мен табындар пайдаланды. Адайлар мен табындар қожалықтарының едәуір тобы Қалмаққырған, ҚұмдыОйыл және ТемірҰрқаш болыстарына жайлауға келіп, Аққұм құмының шығыс жағындағы далада, Темір және Жем өзендерінің аралығында көшіп жүрді. Жалпы пайдаланылатын жайлаудың басқа бір үлкен алқабы Аққұмсағыз құмының шығыс жағындағы дала, көптеген дала көлдерінің (Сарыкөл, Ақкөл) төңірегі мен сайлардың бойы (Ақжарсай, Қияқтысағыз және басқалар) болды.
Жайлаудың тағы бір үлкен алқабы Ойыл, Жекендісай өзендерінің су айырығы Ойыл мен Сағыз аралығында, ал уездің шығысында Жемнің жоғарғы ағысы мен Мүғалжардың оңтүстік шетіне орналасты. Мәселен, Қазыбек болысының оңтүстік аймағында (Ойыл өзенінің сол жағасы бойында) адайлар жайлады. Жем болысы аймағына (Жемнің сол жағасы) жаздыгүні ДоңызтауАққолқа болысынан едәуір табындар көшіп келді. ЖиделіСағыз, ОймағұтЖелтау болысында адайлар жайлап қалды. Жемнің сол жағасын бойлай, Оймағұт құмының солтүстік жағында, Шырқала тауларына дейін нақ сол жайлауда орналасты.
Гурьев уезі
Гурьев уезі облыстың қиыр түстігінде жатты. Ол батысында Ішкі ордамен (Бөкей ордасымен). солтүстігінде Ілбішін уезімен, солтүстік шығысы мен шығысында Темір уезімен, ал оңтүстігінде Маңғыстау уезімен шектесетін. Уездің оңтүстік және батыс шекарасы Каспий теңізінің жағалауы болды.
Әкімшілік жағынан Гурьев уезі он жеті болысқа: Бестөбе, Ақжал, Қарашағыр, ЖемАтырау, Ақбас, Жем, Жаршық, Қарабайлы, Бұлақ, Қаратөбе, Гурьев, Сіңбірті, Есбол, Қарабау, Қармақас, Қызылқоға, Тайсойған болыстарына бөлінді.
Гурьев қаласында тұратын 9322 адамды есептемегенде, уезд халқының жалпы саны 86 758 адам болды. Уезд халқының негізгі көпшілігі қазақтардан құралды 70 921 адам, одан соң орыстар 14667 адам және татарлар 973 адам. Бұл цифрлардың уезд халқының саны туралы шамамен, жобамен алынған деректер екені айқын, өйткені көпшелі тұрмыс жағдайында дәл есеп алу мүмкіндігі сирек кездеседі. Бұл түсінікті де: Гурьев уезі қазақтарының едәуір бөлігі, біздің бұдан былай көретініміздей, өз уезінен тыс жазғы және қысқы жайылымдарға көшіп кетіп отырған. Сонымен бірге басқа уездер қазақтарының бір бөлігі Гурьев уезінің шегіне көшіп келетін еді.
Уездің топырақ климат жағдайлары егіншілікпен айналысуға мүмкіндік бермеді деуге болады, сондықтан жергілікті қазақтар шаруашылығының негізгі саласы көшпелі мал шаруашылығы болды. Жайық өзенінің жағалары бойындағы диқаншылық үшін қолайлы жерлер мен тамаша суармалы шабындықтар көршілес уездегі сияқты Орал казактарының қолында болды. Тек Жем және Сағыз өзендерінің бойында ғана қазақтар егіс еккен бірталай алаптар болды. Қалған аумақ шексіз шексіз шөл жазық болатын, олардың көп бөлігін сорлар мен ақ шағыл құмдар алып жатты. Уездің ең солтүстік шығысында Тайсойған құмы, оңтүстігінде Қарақұм құмы, уездің ең солтүстік батыс бұрышы ҚамысСамарға ұласатын үлкен құм төбелер болды.
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында уезд халқының негізгі көпшілігі Кіші жүздің Байұлы және Әлімұлы бірлестіктерінің қазақтарынан құралды. Мұнда Байұлының сегіз руының (Адай, Беріш, Есентемір, Ысық, Таз, Тана, Шеркеш, Қызылқұрт) өкілдері мекендеді, үш ру ғана (Кете, Қаракесек және Шекті) Әлімұлына жататын. Уезд халқының негізгі кәсібі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болуына байланысты, сондай-ақ уездің қашықта жатқандығы мен облыстың өзге аумағымен оның сауда экономикалық байланыстарының нашар болуы себепті, мұнда XX ғасырдың басына қарай бұрынғы рулық қатынастардың сарқыншақтары едәуір дәрежеде сақталып қала берді. Көшіп қону жолдары қатаң межеленіп, жайылымдарды, суаттарды пайдаланатын жер қауымдары да сақталды. Табиғи жайылымдардың мардымсыз болуы гурьевтік қазақтар қожалықтарының орташа мөлшерін, сондай-ақ олардың ауылдарының көлемінде шектеді.
Көшпелі қауымның жер пайдалануында жерді қауымдасып иеленудің бұрынғы нысандарының сарқышпақтары едәуір дәрежеде сақталып қалды. Қысқы жайылымдар ауылдар бойынша қандай да бір шекаралар белгіленбеуі рулық қауымның пайдалануында болды. Жазғы және күзгі көктемгі өрістерді тұтас рулық топтар пайдаланды. Егіншілік дамыған өңірлерде (Жем, Сағыз өзендерінің аңғарлары) істің жайы біршама басқаша еді. Мұнда шаруашылық ауылдарының көлемі едәуір үлкен және отырықшы немесе жартылай отырықшы болатын. Қыстау маңындағы аумақтар жекелеген шаруашылық ауылдарының қолына қарады. Алайда, мұнда да қыстау маңындағы учаскелерді пайдалану олардың жекелеген қожалықтарға бөлінуіне дейін жеткен жоқ. Егістік және шабындық жерлерді ауыл қауымы аратұра қайта бөле отырып пайдаланды. Бірақ XX ғасырдың басына қарай мұнда да бұрынғы жер пайдалану нысандарында бірсыпыра өзгерістер орын алды. Жекелеген бай қожалықтарының ең жақсы жайылымдық алаптарды, сондай-ақ егістік және шабындық учаскелерін одан әрі тартып алуы жалғаса береді. Мұның өзі бірқатар рулық топтарды өз жерінен ығыстырып шығаруға, көшіқон аумағының қысқаруына әкеп соқпай қоймайтын еді.
Мал шаруашылығы үшін қысқы жайылымдардың мейлінше құнды болғаны мәлім. Гурьев уезінде Каспийдің (Атыраудың) қамыс мол өскен солтүстік жағалауы, Қарақұм, Тайсойған, ДүйсеҚұдықШағыл құмдары және Жайықтың, Жем мен Сағыздың аңғарлары осындай жерлер болатын. Уездегі қазақ халқының сол жерлерде қыстауға шоғырланғаны табиғи нәрсе. Каспий теңізінің бүкіл солтүстік (Бөкей ордасымен шекарадан бастап) және солтүстік шығыс жағалауында қысқы жайылымдар қаптап жатты. Ішкі ордамен шекарадан бастап, Гурьевке дейінгі жағалау қамыстары Таз руының қыстаулары болды. Одан әрі (бірақ енді Жайықтың сол жағалауында) Гурьевтен бастап теңіз жағалауын бойлай Шеркеш руының қыстаулары, ал олардың шығыс жағында, Шоңқа алқабында тағы да Таз руының қыстаулары жатты.
Одан да шығысқа қарай Кете руының қауымдары қыстады. Теңіз жағалауының бойымен Таз руының қыстауларына Тама және Ысық, Шекті және Адай руларының қыстаулары ұласатын. Соңғы екі рудың іс жүзінде Жемнің сағасында, оның оң жағасы бойында қыстаулары болды.
Жем өзенінің сол жағасын бойлай, оның теңізге құйылысында Шеркеш руының қыстаулары жатты. Гурьев уезінің шегінде Жемді бойлай жатқан жағалаудағы жерде Қаракесек, Ысық және Адай руларының қыстаулары орналасты. Қаракесек руының қауымдары Шекті руына жалғасып, Жемнің екі жағасын бойлай қыстады. Жемнің ағысының бойымен жоғарырақта Ысық руының қыстаулары басталды. Олардың қыстауларының негізгі көпшілігі оң жағасын бойлай орналасты. Ал одан әріде, Темір уезімен шекараға дейін адайлардың қыстаулары жатты, олар да негізінен оң жаға бойында болатын. Жемнің солтүстік жағы, Қайнар өзенінің бойы Таз руының қыстаулары еді.
Сағыз өзенінің бойында көптеген қыстаулар шашырап жатты. Оның нақ сағасы маңында Қаракесек руының қауымдары қыстады. Өзен жағаларында Соркөл және Ермек көлдері қамыстарының ішінде шекті руының қыстаулары орналасты. Өзен бойымен одан да жоғарыда және жағалау маңы құмдарында Ысық руының, ал олардан солтүстікке қарай Адай руының қысқы жайылымдары жатты. Тайсойған құмындағы қыстауларда рулардың мейлінше алақұла орналасқаны аңғарылды. Бұл құмның шығыс шетінде адайлар орналасып, олардың батыс жағы Ысық және Кете руларының қыстауларына ұласты. Қарабақ, Ұлқұнаш және Жаманаш өзеншелерінің бойында Беріш руының ауылдары, ал Соркөл алқабы мен маңайындағы көлдердің қамыстары арасында Есентемір руының ауылдары қыстады.
Жайықтың оң және сол жағаларында, Гурьевтің солтүстік жағында Беріш руының көптеген қыстаулары орналасып, олар Орловский форпостысына дейін дерлік созылып жатты. Уездің солтүстік батыс бұрышында, Бағырдай өзенінің бойында және Түкбай, ДүйсеҚұдықШағыл алқабындағы құм ішінде Қызылқұрт және Тана руларының ауылдары қыстады.
Жем, Сағыз және Жайық бойында қыстап шыққан рулардың отырықшы және жартылай отырықшы қауымдары жаз кезінде алыстап көшпейтін. Олардың көктемгі күзгі және жазғы жайылымдары қыстауларына жақын, маңайдағы далаларда болатын. Адайлардың, Шектілердің, Қаракесектер мен басқа да рулардың көшпелі ауылдары көбінесе өз уездерінің шегінен тыс жерлерге, Торғай облысының Ақтөбе уезіне, Орал облысының Темір және Орал уездеріне жайлауға кететін.
Жалпы алғанда Орал облысы аумағында рулардың орналасу сипаты осындай. Оны тәнтіштеп қарау, Қазақстанның барлық жерлеріндегі сияқты, мұнда да қоныстану жер пайдаланудың сипатына тығыз байланысты болған, ал ол өз кезегінде қазақ ауылы экономикасының ерекшеліктеріне тәуелді болған деген қорытындыға келуге мүмкіндік берді. Шаруашылықта егіншілік пен шөп шабу елеулі орын алған жерлерде қыстау маңындағы және шабындық алаптар бекітіліп алынды, көктемгі күзгі және жазғы жайылымдарға көшу көлемі қысқарды, олар енді қыстауларға жақын орналасты. Ал көшпелі тұрмыс салтын сақтап қалған шаруашылықтарда қыстау маңындағы алаптардың бекітіліп алынуы нашар болды, көшіпқону маңы әлі де едәуір күйінде қалды, ал көктемгі күзгі жайылымдар мен жайлауларды қауымдар немесе тіпті рулар тобы жалпы пайдаланып жүрді.

XVIII ЖӘНЕ XIX ҒАСЫРДА ОРТА ЖҮЗ РУ-ТАЙПАЛАРЫ, он сегізінші ғасыр, ,, оң тоғызыншы ғасыр, орта жуз, орта жүз, ру, тайпа, шежире туралы, шежіре, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 голоса
Рейтинг поста
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.