Кетпе/Ketpe

Развлекательный портал

ЫСТЫ

Ұраны «Жауатар», таңбасы:
 тумар, шылбыр

Ыстылардың ежелгі этникалық тарихы, оның үстіпе әтногенезі жайында айтудың жөні келмейді. Өйткені, көне деректерде ол туралы ештеңе жоқ. Тек Фахреддин Мүбәракшахтың «Тарихында» XIII ғасырда қазіргі Қазақстанның жерінде басқа рулармен көшіп-қонып жүргеп Ысты руының Тілік тұқымы туралы сілтеме бар. Сол мәліметке сүйеніп, В. Востров «Ысты рулары Шу мен Талас өзендерінің арасын мекендеп, XV ғасырда Қазақ хандығының құрамына еніп, ал сонан соң басқа рулар мен аталарға еріп, шығысқа жылысып, Іленің сол жағасына қоныс тепті» деп атап өтеді.
Ысты руы туралы орыс деректерінде алғашқы мәліметтер А. И. Тевкелевтің Ұлы жүз руларын санамалаған еңбектерінде, сонымен қатар Ұлы жүзді Ресей боданына алу туралы Ұлы жүз сұлтандары мен билерінің қол қойған өтінішінің тізімінде еске алынады, онда Ысты Ойық және Тілік деп екіге бөлінеді.
Әйтсе де бұл мәліметтерді В. Востров өз зерттеуінде келтіреді. Ыстының түп-негізі туралы бергі әдеби деректер де бар. Оған ең алдымен қырғыздардағы жер пайдалану туралы Н. Аристов, М. Тынышбаев және В. Востровтың жарияланымдарын жатқызуға болады. Осылардың бәрін есептей келіп, әдеби деректерді біздің зерттеуімізбен салыстыра отырып, Ысты руының толық тегін жасауға мүмкіндік туды (№ 7 қосымшаны қараңыз).
Ең білікті мәлімет берушілеріміз: Жамбыл облысы, Талас ауданының тұрғыны 1909 жылы туған (Ойық) Жаңабай Балтабаев; Жамбыл облысы, Сарысу ауданының турғыны 1895 жылы туған (Ысты) Орынбай Турысбеков; Алматы облысы, Жарсу кеңшарының тұрғыны 1928 жылы туған (Шапырашты) Қожахмет Кәрібаев; Алматы облысы, Жарсу кеңшарының тұрғыны 1905 жылы туған (Шапырашты) Ыдырыс Сүлейменов; Шымкент облысы, Төрткүл ауылының тұрғыны 1888 жылы туған (Қарақойлы) Қожатай Төлеков және басқалар.
Сонымен, қазақ шежіресінде қатталғандай, Ысты Бәйдібекке немере, ал Бәйдібектің өзі Үйсінге шөбере болып келеді. Соған сәйкес Бәйдібек Ұлы жүздегі жеті рудың (Сарыүйсін, Дулат, Албан, Суан, Ысты, Ошақты және Шапырашты) атасы. Аңызға қарағанда Ысты Жәлменденің екінші әйелі Сландыдан (бұрынғы күң) туады.
Шежіре бойынша Ысты екі ата: Ойық пен Тілікке тарайды. Ойықтан төрт тармақ: Есім, Малай, Таз, Құланшы. Есімнен Алакөз атасы шығады. Малайдан Бәйтік, Сүйіндік, Қалжан, Қара мен Жантүгел; Таздан Әлмамбет, Байменбет мен Сарыкемпір; Құланшыдан Амантай мен Жамантай. Тілік руы бірнеше тармақ: Тазша, Таздар, Асанқараған, Сексен, Байқараған, Қоңыр, Жырымсыз бен Ақмолда. Қоңырдан Ахметей, Құралай мен Қамыс. Ахметейдің үш ұлы бар: Қожамқұл, Сүйші. Қозықырған. Қожамқұлдың жеті ұлы болды: Өтес, Бойша (Тойбай), Шөтен, Сартақ, Айдарбек, Қолсадақ (Алай, Байшехан), Қожансүгір.
Құралайдан екі ұл: Аққойлы, Қарақойлы. Соңғыдан Төбе би, одан Қарақораз бен Жайлау, соңғыдан Көглей (Рүстем) мен Көгдімбет (Әжі, Наурызбай, Томай).
Ақмолда атасы беске бөлінеді: Есеншора, Ожырай, Боқмұрын, Итаяқ, Сүлгетай. Соңғыдан Бекбауыл, Төртсары, Итемген, Көзтаңбалы (№7 қосымшаны қараңыз).
Үрім-бұтақтың кестесінде көрінгендей, көптеген аталар, тармақтар мен ұрпақтарға келгенде, деректер жетпегендіктен көп жайды таратып бере алмадық. Соған қарамастан, біз ұсынып отырған ата-тек тарату Ысты рулары, оның рулық құрылымы жайында недәуір толық түсінік береді.
Ыстының рулық жауынгерлік ұраны «Жауатар», ал таңбасы | (көсеу). Бұл ұран мен таңбаны бізге белгілі бүкіл әдеби деректер бір ауыздан мақұлдайды.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Ысты рулары үш уезде: Верный (Жетісу), Әулиеата мен Шымкентте (Сырдария) қоныстанды. Н. Аристовтың көрсетуінше, бұл уақытта Верный мен Әулиеата уездерінде 1500 шаңырақ, ал Шымкентте 3500 шаңырақ, М. Тынышбаевтың мәліметі бойынша 1917 жылы Ыстылар Верный уезінде 10 мың жан, Әулиеатада 20 мың, Шымкентте 20 мың жан болса, бұл өлкеде барлығы 50 мың жан Ысты түтін түтетіп отырды.
Бұл мәліметтер, әрине, бұлтартпайтын дәлел болмаса да, үш уездегі олардың қоныстануы туралы біршама түсінік бере алады.
Мәселен, Верный мен Әулиеата уездерінде Ойық руының көптеген өкілдері қоныс тепсе, ал Шымкент өңірінде Ысты руының Ойық та, Тілік те аталары қанаттас өмір сүріп жатты. Демек, бұл Ойық руы сан жағынан Тілік руынан басым түсіп жатқанын көрсетеді.
Верный уезінде тұратын Ойықтың әр түрлі қауымы негізінен үш жерге топтасты. Бірінші топ Іленің төменгі ағысында Жалайыр руының Байшегір атасымен араласып құраласып, Астау, Қара, Көкібай құмында, Маңдай, Құдық, Қарағайқұдық шатқалында, Топар мен Көкталдың Ілеге құятын тармағында, Көкшекпен, Киікбай, Байтайлақ, Бескемпір мен Шоғырлы қойнауында тұрып жатты.
Ойық руының қауымдастығының екінші тобының Аңырақай тауының етегі, Жыңғылды, Еспе, Ашқұдық пен Қопалы өзені аңғарындағы Айтақсай, Райсай, Құрмансай, Қарасай шатқалдарында қыстаулары болды.
Ойық руының қауымдастығының үшінші тобы уездің ең қиыр оңтүстігінде Кіші Алматы, Тереңқарасу мен Исатайқарасу өңірінде қыстады. Күзеу мен көктеулері Қарой шатқалының маңайында болды. Бұл топтың көптеген малшылары жайлауда тауға кетіп, баз біреулері қыстаудың қасын төңіректеп қалды.
Бұл топтардың қауымдастығы қай жерде болса да, олардың әрқайсысы жалпылай ортақтасып пайдаланатын жайылымы мен шағын жері болды. Мал өсіріп, егін салды.
Әулиеата уезіндегі Ойық руы қауымдастығының тобы, негізінен екі жерде тұрақтады.
Бір тобы Шу өзенінің төменгі жағында, сол жағалауды Шымкент уезінің шекарасына дейін жайлап, төлеңгіттер және дулаттармен қанаттас қоныстанды.
Мейлінше шоғырланған екінші тобы Талас өзені ағысының ортасында екі жағалауда: Ащыкөл мен Ақкөл көлдерінің атырабында, сонымен қатар Әулиеата айналасында өмір сүрді. Ойық руының бұл қауымдастығының топтары суармалы жерді баптап, оған қоса төрт түлік өсіріп, отырықшы және жартылай отырықшы күн кешті. Дәулетті шаруашылықтар жайлауы алыстағы Қаратау қойнауына немесе Алатау аясына еніп кететін. Дәнді дақылдар егіп, бау- бақшамен айналысты.
Шымкент уезінің жерінде Ысты руының Ойық және Тілік аталары кең тараған. Егер Верный мен Әулиеата уездерінде тек Ойықтар тұрса. Шымкент уезінде Ойықтан басқа Тіліктер де қоныстанды. Айта кету керек, бұндағы Ойықтар саны аз болса, Тіліктер Ысты жұртының шамамен үштен төрт бөлігін құрады.
Ойық қауымдастығының шағын тобы Шымкенттің батыс жағында Арыс өзенінің сол жағасында, Сырдарияның оң жағасында қыстайтын Жаныс қыстауларына дейін барып жүрді. Ысты руы қауымдастығы Тілік атасының үлкен екінші тобы Әулиеата уезінің шығыс шекарасына дейінгі орасан үлкен алқаптағы Боралдай, Бөген, Шаян, Мыңбұлаң, Арыстанды, Шалдыөзек пен Қарабас өзендерінің бойында орналасты. Бұнда Қызылжар, Ақтас, Қайнар, Майбұлақ шатқалдары бар еді. Бұл осы өлкені жайлаған Ысты руы Тілік аталарының ең саны көп, шоғырланып отырған тобы болатын.
Ысты руының Тілік атасы қауымдастығының шағын тобы Шу өзенінің сол жағалауында солтүстік шекарага дейін көшіп-қонып жүрді. Тіліктердің қыстаулары Шу өзені мен батыста Мойынқұм құмының шегіне дейін жетіп, шығыста солтүстік-шығыс бұрыштағы Төлеңгіттермен қоңсы қонды.
Ысты руының бұл қауымдастарының тобы өз ағайындары сияқты отырықшы және жартылай отырықшы болып күн кешіп, мал өргізіп, суармалы жерлерді игерді. Егістік қыстау қасындағы өзендер жағасында, күзеулер мен көктеулер де алысқа кетпей, Мойынқұм маңайында болатын. Жазғы жайлау Қаратаудың теріскейі мен күнгейінде Қазығұрт беткейінде орналасты.
Сонымен, Іле, Шу, Талас, Арыс және өзге де оңтүстік өзендерінің жағасын жайлаған Ысты руының қазақтары қысқа қарай түндігі ашық бірнеше қанатты шошала тігетін. Оларды қамыстан, тас пен шикі кірпіштен тұрғызатын. Бұл үйлер орталықтағы ошақпен немесе бұрыштағы қазандықпен жылынатын. Жылытатын пешті ілуде біреу болмаса, көпшілігі білген жоқ. «Жатақ» аталатын жарлыжақыбайлар, көбінесе, жеркепелерде тұрды. Ысты руының малы көп ірі байлары Қызылқұм мен Мойынқұм құмдарын жиі қоныс аударып мекендеді, жазда да, қыста да ыңғайлы киіз үй тұтынды.

ысты, үйсін, уйсин, ұлы жүз, улы жуз, XVIII ЖӘНЕ XIX ҒАСЫРДА ОРТА ЖҮЗ РУ-ТАЙПАЛАРЫ, он сегізінші ғасыр, ,, оң тоғызыншы ғасыр, орта жуз, орта жүз, ру, тайпа, шежире туралы, шежіре, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
5 3 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
1 Комментарий
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Джамбул
Джамбул
3 лет назад

Ассалаумағалейкум

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.