...

Жалған сезімдер… махаббат хикаясы

Ал, Әселге деген сағыныш өз алдына бір бөлек. «Жаным-ау, соңғы хатында: «Сені асыға күтуші, жаның Әсел» – деп аяқтапты. Өткен бір жылымның әр күнін сені ойлаумен өткіздім ғой. Өзіңе деген сағынышты айтсаңшы. Неге ғанÐ ° саған келетін күнімді айтпадым екен, мен де қыялимын, өзімше «сюрприз» болғым келген түрім ғой. Құшақ гүлмен мені көргенде қандай сезімде болар екенсің?» Ой жетегінде, арман елімде осының бәрін өзімше көзіме елестетіп келемін. Ертең мына «темір есектен» де түсемін…

Туған жерімнің ауасын еркін жұтып келемін. Тіпті құмарым қанар емес. Жұта бер, жұта бер… Көше бойын жағалап орталық базарға да келдім. Іні-қарындастарыма, ата-анама сыйлықтарымды алып, базардан шыға берістен гүл сататын дүңгіршектен қалған ақшамның бәріне Әселге деп гүл сатып алдым. Ойымдағыдай құшақ болмаса да бес-алты раушанның басын біріктіріп әдемі етіп орап берді. Әйтеуір беруге әдемі. Алған сыйлықтарыма көңілім тоқ. «Бірінші кімнен бастасам екен, бірден үйге ма барсам ба, жоқ жол бойындағы Қанатқа соқсам ба? Ол үйінде ме екен, менің келтінімді өз үй ішімдегілерден басқа ешкім білмейді және білмесін деп қатаң ескерткен едім бәріне. Жарайды, соқсам соғайын, жол бойында ғой, ештеңем кетпес, не дегенмен бір партада он бір жыл бірге отырған досым ғой.» – деген оймен біздің көшенің басында тұратын досыма қарай тарттым. Мені қызықтыратыны: «Мені алғаш көргенде барлығы қандай күйде болады екен, келер уақытымды ойша топшаласа да, дәл бүгін келерімді кім біліпті? Оның үстіне кеш те батып барады».
Күн ұясына батып қараңғылық даланы сәл тұмшалаған. Күн батқанға дейін үйге қанша үлгерем десем де жете алмадым. Досыма да соға кетуді жөн санаған соң, шешінген судан тайынбас.
Асыға Қанаттың үйіне кіріп бардым. Алдымнан күле қарсы алған анасы мені көріп қуанып жатыр. Алма-кезек бетімнен сүйіп, амандығымды да сұрап, әсерлік өмірімді сұрап тоқтар емес. Ойым да, өзім де асығыспын. Тез-тез, қысқа қайыра жауап бере салдым. Қанатты сұрадым. Ол да үйінен шығып кеткен екен. Мен де үйге қайта берейін деп ойладым. Қанаттың анасымен жылы қоштасып үйге қарай аяңдай бердім. Ауыл түнін еске алып жан-жағыма елеңдеп келе жатырмын. Көшеде бұрынғыдай екпін жоқ, тіпті бір жыл болса да өзгерген секілді. Әлде сағынғандікі ма екен? Кү н басқан соң салқыны алып қараңғылық басады. Сұқтана келіп денеңе тиген самал жел де денеңді бір сілкіндіреді.
Жан-жағыма жалпаңдап келе жатып кенет дүкен артында өскен қалың ағаштар жақтан шыққан жауысқа елең ете қалдым. Тынас дауыс. Тіпті екі дауыс шығып жатыр. Ер баланың да, қыз баланың да дауысы анық естіліп тұр. Бірі Әселдің, екеншісі қателеспесем Қанаттың дауысы… Өз құлағыма өзім сенбей жай басып соларға қарай аяңдадым. Көше жақтан екі қара сұлба болып көрінгенмен, жақындай келе бейнелер айқындала түсті. Бірақ олар мені байқар емес. Енді бәріне сенімдімін, бұлар мен ойлаған екеуі, Қанат және Әсел.
Қызық, кеш батқанда екеуі не істеп жүр? Құлағымды түріп әңгімелерін әрі қарай естідім…
– Қанат, енді не істейміз?
– Нені айтасың «жаным»?
– Бір жыл өтті ғой, Серік әскерден әне-міне келеді.
– Білмеймін, мүмкін бізге бар шындықты айту керек шығар. Қашанғы осылай жасырынып жүрмекпіз?
– Жоқ мен сені емес, Серікті сүйемін!
– Солай де, сүйгенменен не істейсің, «арыңды» не деп түсіндіресің?
– Мені «арымнан» алдап-сулап айырған сенсің?
– Немене, енді ол сөзіңнің жаны бар дейсің бе? Әлде Серікке «Мені Қанат удай мас қылып зорлады» дейсің бе? Жарайды айт, бірақ ол сенеді деп ойлайсың ба?
– Білмеймін Қанат, осыған барарда сен емес па едің «бір жолын тауып беремін» дегенің, енді таппайсың ба? Уақыт болса алқымнан алады, тіпті ертең келіп қалуы да ғажап емес, мен не бетімді айтамын?
Әңгәменің барысын еді ғана түсінгендеймін. Бірақ миым шатасып не ойларымды да білмеймін. Шақшадай басым шарадай болып барады. Атылып кетпей қалай тұрмын? Менің ойларыммен олар да қабаттаса сөйлеп жатыр.
– Мен жолын тауып тұрмын, көнбей отырған өзіңсің.
– Сонда саған тұрмысқа шығуым керек па? Мен саған не айтып тұрмын? Мен сені емес Серікті сүйемін! Менің соған тұрмысқа шыққым келеді. Саған тұрмысқа шығатын болсам жолын сұрап нем бар сенен?
– Онда атаңның басына менімен төсектес болдың?
– Сен мені алдаған, мені алдып кешке алып бардың, алдып ішкіздің, дәрменсіздігімді пайдаланып төсекке жықтың… Бәріне кінәлә сенсің?
– Басың істесе менімен жатып нең бар, мен де мас болатынмын?! Маған бәлеңді жаба берме. Екі ғана жолың бар, бірі менімен өмір бойы бір төсекте боласың, болмаса Серікке бар шындықты айтасың. Бірақ Серіктен мейірімділік күтпей-ақ қой. Ал Серікке айтқан соң маған қайтіп келмесең де болады. Саған ынтық болып бара жатқан мен жоқ, тек істеген ісімді жуып-шыйғым келеді.
– Оңбаған, оңбағансың сен…
Ары қарай еңкілдеп жылаған Әселдің дауысы ғана естілді. Үйеңкіге жармасып мен тұрмын. Мең-зең күйдемін. «Мына айтылған сөздер өтірік па, шын ба? Қалайша, қалайша маған қиянат жасадың Әсел? Бар жазығам сүйгенім ба? Бар жызығым сені ойлаумен әр күнімді атарып, сол күнімді сені ойлаумен батырғаным ба? Сағына күткендегі айтпағың осы ма? Мұны естігенше неге керең болмадым, тіпті өліп кетсемші мына ауыр сөздерді естігенше? Әсел, Әсел…». Жан дүнием алай-дүлей, у-шу, көзім қарауытып, құлағым шымырлап кетті. Мына өмір неткен қатал десеңші. Бұрындағы «махаббат бар» деп басқалармен сөз таластыратын едім. Тіпті, «өздерің қадамайсыңдар, қаласаңдар, күтсеңдер махаббаттарың өзі келеді» деп жеңістік бермейтін едім. Сондағы мен қорғаған махаббаттың сыйқы осы ма? Ей жүрегім, жүрексізді сүйгенше тас болып неге жаралмадың? Сен жүректің жолында неше қыздар қолы жетпей кеткенде, сен болсаң кілтіңді тек Әселге берген едің, енді не болды? Ол сенің аманат еткен кілтіңді жоғалтып алды, енді қалай ашылмақсың? Неткен лассың махаббат? Неткен қаталсың? Неге менімен ойнадың сен? Нелікетен олай етті ң? «Мұның бәрі өтірік, біз жай сенің келетініңді біліп әзілдедік» – деші Әсел. Ия, осылай айтшы, сонда мен сенермедім. Бірақ сенің жанарыңда, қатқан жүрегімді жібітер қауқар қалған жоқ. Сен мен үшін жоқсың Әсел, сен мен сүйген Әсел емес, мен жиіркене қарайтын Әселсің! Мен үшін «дос» деген де, «махаббат» деген де ұғым жоқ. Ия, сендер мен ойлағаннан әлдеқайда жиіркеніштісіңдер… Жиіркеніштісіңдер екеуің де… Жиіркенішті…
Көшенің қақ ортасында аяңдай басқан адамның қара сұлбасы кетіп барады. Ол Серіктің жаңа өмірге деген асықпай басқан қадамы ма екен, әлде өмірге деген құлшынысы азайып, әрі қарай басуға дәті жетпей бара жатқан қадамы ма екен?!…

жалган сезим,казакша,махаббат,хикаялары,қазақша,жайлы,ангимелер,романтикалык,романтикалық,гашыктар,ангимеси,жылататын
5 2 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх