...

Кетпе/Ketpe

Добро пожаловать на развлекательный портал Кетпе

Желтоқсан арулары

Желтоқсан көтерілісі біз үшін қайғысы да қасіреті де ауыр трагедия. Мүмкін жастар қатысқандықтан ба әлде көзбен көрмесек те біз өмір сүрген кезеңде болған соң ба. Мүмкін жарасы жазылмай, шындығы ашылмағандықтан болар… Назарларыңызға желтоқсан көтерілісіне қатысқан арулардың әр жылдары әртүрлі баспасөз беттерінде жарияланған естеліктерін ұсынамыз

Жұмагүл Бекентаева
1986 жылдың желтоқсанында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіні бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың орнына есімі қазақ жұртына бейсмәлім Г.Колбин отырғызылды. Басшылықтың ауысуы халықтың ашу-ызасын тудырды.
Орталық Компартияның шешіміне наразылық білдірген жастап 17 желтоқсан күні таңертеңнен алаңға жиналды. Олардың ішінде ҚАЗПИ-ң 2-ші курс студенті Жұмагүл Бейсентаева да бар еді. Жастар алаңға көп жиналды. Қолдарында плакаттары бар, кетіңдер деген басшылықтың сөзін назарға алар емес. Кезек-кезек жарыса сөйлеп жатыр. Желтоқсан айы болған соң ба, қыстың ызғары білінеді.
Кенет алаң шетінде бес қаруы бойында, сапер күректері қолында, қасқыр иттерін жанында ұстап тұрған солдаттар жастарға қарай лап қойды. Айқай-шу, жер-көкті дүрбелеңге салған топалаң басталып кетті.
Қолға түскендердің бәрін машинаға тиеп жатыр. Әскерилер ешкімді аяр емес, жап-жас қыздарды шаштарынан сүйреп, тепкінің астына алған. Осы сәтте жанұшыра жүгіріп келе жатқан Жұмагүл де қолға түсіп, екі солдат оны қос бүйірден тепкілей бастады. Көз алды тұманданып кетті. Арғысы есінде жоқ.
Сүт пісірім уақыттан соң, есін жиып қараса, өзіне қарсы зулап келе жатқан мәшинені көрді. Қанша бұлқынса да, орнынан тұра алар емес. Өмірмен біржола қош айтысар сәт жақындағандай. Санаулы секундтарда көз алдына ата-анасы бауырлары елестеп, іштей қош айтысты. Кенет бір қазақ солдаты оны жерден көтеріп алып, ары қарай лақтырып жіберді. Содан соң «Қаш! Тезірек!» деді бұйырып…
Жұмагүл курстасы Шаттыгүл Ерғожинамен қол ұстасып, алаңнан ұзай бастаған. Бірақ оларды екі милиция ұстап алып, кісендеп ішкі істер бөліміне апарады. Содан күнде тергеу, күнде сұрақ…әбден есін шығарады. Кейіннен құрбысы екеуін 15 күнге түрмеге жабу туралы шешім шығады.
Хабарды естіген Арқалықтағы туған-туысы Алматыға келгенімен, Жұмагүл босатылғанша онымен кездесуге рұқсат ала алмаған. Жұмагүл қамаудан шыққанда, олар көз жасқа ерік бермеу мүмкін емес еді. Бет-аузынан сау тамтық қалмаған. Денесі көкала қойдай. Ұрып-соққан. Қинаған. Сол жерден Жұмагүлмен бірге 700-ге жуық студент, жұмысшы жастарды шығарады. Олармен жылап қауышқан ата-ананың аңыраған дауысынан құлақ тұнады. Жұмагүл келесі күні институттан шығарылып, амалсыз үйіне қайтарылады. Қаулы бойынша ол тек қара жұмысқа ғана қабылданатын болды. Осы ескерту бойынша Жұмагүл сауыншы болып еңбек етті. Қамау кезінде қос бүйірінен қатты соққы алған қызға мұндай жұмыс қиынға соғады. Жиі-жиі ауруханаға түседі. Әкесінің өтінішімен мектеп-интернатқа тәрбиеші болып орналасқанымен, бір апта өтер-өтпестен совхоз директоры «үкімет басшысына қарсы шыққан адамды ұрпақ тәрбиесіне араластыруға болмайды» деген уәжбен жұмыстан шығарады.
Тек арада жеті жыл өткеннен кейін ғана Жұмагүл Ескендірқызы ҚазПИ-дегі оқуын сырттай жалғастыруға мүмкіндік алады. Өмір қиыншылығына мойымаған Жұмагүл бүгінде туған жері Жангелдин ауданындағы Шеген ауылында жоғары дәрежелі мұғалім. Аудандық ұстаздар байқауының бірнеше мәрте жеңімпазы және мектеп оқушылары, ауыл, аудан халқы тарапынан құрметке ие.
(«Нұр Астана» Республикалық жастар апталығы, 17.12.2009 ж.)

Жансая Сәбитова
1948 жылы Балқаш ауданында дүниеге келдім. Орыс мектебін өте жақсы бітіріп, жағдай болмай ауыл мектебінде мұғалім болып істедім. 1966 жылы ҚазПИ-ге оқуға түсіп, Алматыда қызмет бабымен қалып оқыдым. 31 жасымда тұрмыс құрып, қызды болдым.
Кеңес дәуіріндегі идеологиямен іштей күрестім, сол себепті озат мұғалім ретінде КПСС қатарына өтуге мектеп тарапынан мүмкіндік бергенде, өз еркіммен бас тарттым. Сөйтіп өзіммен өзім арпалысып жүргенде желтоқсан оқиғасы бұрқ ете қалды.
Өрімдей жастар итпен таласып, соққыға жығылып жатқанда мен қалай үйде баламды құшақтап отырамын, алаңға шығып кеттім. Үнпарақтар таратқаным да, соққыға жығылған жастарға араша түскенім де рас. Мұның арты – тергеу, түрме, сенімсіздік көзқарастар 1987 жылы қаңтардың 5-і күні 3-ақ күнге созылған тергеуден соң бес жылға қатаң тәртіпті жазамен сотталып кете бардым. Үш ай бойы менің өлі не тірі екенімді жақындарым біле алмаған. Бұл кезде көрмеген қорлығым жоқ. Алматы облысы, Іле ауданындағы әйелдер түрмесіндегі, КГБ-ның түрмесіндегі, Қарағанды түрмесіндегі азапты күндерді дұшпаныма да тілемеймін. Ақыры әділдік орнап, 1989 жылы 2 ақпанда мерзімінен бұрын түрмеден босатылып шықтым. Әлі талай шындық ашылып, желтоқсан көтерілісіне әділ баға берілеп деп ойлаймын.
( «Түркі әлемі» газеті, №11-12 қараша, қаңтар (82-83) 2008 жыл)

Ақгүл Үсенова
Ол кезде ҚАЗМУ-дің журналистика факультетінің 1-курс студенті болдық. Бұл күні бір студенттер «жүріңдер алаңға барамыз. Колбинді таққа сайлап жатқанда, тыныш қарап отырамыз ба, қазақ болып» деді. Осы сөз қамшы болды ма, бәріміз бір кісідей келген автобус, троллейбустарға жүгіріп міндік. Келсек, алаңда адамдар жиналып жатыр. Театр институтының жігіттері «Менің Қазақстаным» әнін шырқап тұр. Жұрт ығы-жығы, жалынды сөздер айтып, патриоттық әндер орындалып жатыр. Бойымызды патриоттық рух кернеді, не үшін келгенімізді түсінгендейміз. Әнге қосыла кеттік. Жасы үлкен ағалар бізге риза болып жатыр, «енді үйлеріңе қайтыңдар» деп жатыр. Бірақ біз билік тарапының жауабын естігіміз келді. Сағат кешкі 6 болды. Сақырлаған аяз. Ал біз қайтпаймыз. Түнге қарай алаңнан қайта қоймаған жастарға күш көрсетіле бастады. Өрт сөндіргіш мәшинелермен үстімізге ыстық су шашты. Қасымдағы Бәтес құрбым екеуміздің үсті-басымыз малмандай су. Сол күні аяздың буы ересен еді. Үстіміздегі малшынған киімдеріміз суықтан қатып, сіресіп қалды. Милициялар келіп, жастарды алаңнан қуа бастады. Қолына іліккендерін көлікке тоғытып жатыр. Әлдеқайда алып кетіп жатты. Гүлнәр Әшімова сынды студенттің қайрауымен жауап ретінде «қазақ басшы, қазақ басшы», «Колбин тақтан түссін» деп қосыла айқайлаймыз. Жатақханаға келсек, оқытушылар жүр. Бәрінің өңдері қашып кеткен. Бұл күні жиналыс болған жоқ.
17 күні тағы бардық алаңға. Кешегідей емес, милицияның екпіні қатты. Бірнеше адамды алып кетті. Біз тағы қалыр қойдық. Үстіміз су, күн аяз. Театр институтының студенттері жиналған жерде милициямен арада қақтығыс болды. Биліктегілер шығып: «Жастар тараңдар, қазір мұның арты не болатыны белгілі» дегендей сөз айтты.
Сол күні талай жас солақай саясаттың құрбаны болып, қыршын кете барды. Күнәсіз жастардың басы жарылып, көзі шықты. Қыздарды шаштарынан сүйреп, сабады. Іштен аямай тепкіледі. Қардың үсті қып-қызыл. Қан. Әр жерде түсіп қалған тақия. Жұлынып қалған етік. Бір сыңар биялай.
Бізді оқудан шығармақшы болды. Желтоқсаннан басталған тергеу наурызға дейін созылды. Нақ бір халық жауындай кірісті. Алаңға барған бесеумізді соттамақ болды. Стипендиядан қағылдық. Ұстап әкеткен топтағы ұлдарды ел білмейтін жерде екі күн ұстапты. Кейін ұлдар: «Қыздар, қолға түспегендерің дұрыс болды, ол жерде қыздарды аяған жоқ» деп, күрсіне жылап отырып айтатын.

желтоксан арулары, кенес, сулулык,кенестер,казакша кенестер,қазақша кеңестер,лайф хактар,пайдалы кенестер,пайдалы заттар,кыздарга кенестер,кыздарга комек
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.