Ойын-сауық порталы

ЖОЛ ЖҮРУГЕ КАТЫСТЫ

– Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды. Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады.
– Жолда кездескен адамнан “қайда барасың? – деп сұрамайды, “жол оң болсын!” деу керек.
– Аттылы жолаушы келсе, атын қазыққа байлап, содан соң ғана киіз үйдің алдына келіп, үй иелерімен сөйлеседі. Егер асыққан жолаушы болса, аттан түспестен, киіз үйдің сыртынан сөйлеседі.
– Жүкпен жолға шыққанда, үйден тұз алмайды.
– Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды. Ол құдайға астамшылық, күпірлік болады. Жол жүретін адам “Алла жазса”, “Алла жол берсе”, “Құдай қаласа”,

– Барар жердің дәмі тартса, Жол бойындағы әруақтар қолдап, Алла оңдаса – деп тілек тілегенде, жол бойындағы кедергілердің бәрі аластатылады.
– Жұма күні қөшуге болмайды. Жұма – қасиетті күн. Бұл күні ата-баба әруақтары шаңыраққа келіп, дұға дәметеді.
– Егер жолаушы жол бойында тұмсығы өзіне қарап жатқан аттың немесе түйенің басын кездестірсе, бұл жақсы ырым, ал керісінше болса, онда жолы болмайды.
– Жолаушының алдынан қара мысық кесіп өтсе, жолы болмайды. Егер ит кесіп өтсе, жолы болады.
– Жолаушыға түзге отырған әйел кездессе, жолы болады.
– Алыс жолға шыққан адамдар қара шаңырақтан немесе үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады.

жол жүруге қатысты, жол журуге катысты,ырым, тыйым, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments