Ойын-сауық порталы

КИІМГЕ КАТЫСТЫ

– Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
– Киімді желбегей жамылмайды, өйткені екі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылып жүреді.
– Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді тастау -жаман ырым. Егер адам оны кигісі келмесе, біреуге сыйлау керек.
– Кір киімді киюге болмайды. Киімді әрқашан таза және ұқыпты ұстаған жөн.
– Көпшіліктің алдында жалаңаш-жалпы жүруге болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады.
– Өте ұзын немесе қысқа киім киюге болмайды. Бұлай киіну адам жұмыс істеген кезде қолайсыздық тудырады.
– Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан улы жәндіктер болса ұшып түседі.
– Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Ер баланың киімін кию жаман ырым саналады.
– Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киетін болған.
– Киімнің жағасын басуға болмайды. Киім жағасын басу жаман ырым саналады.
– Жастық орнына шалбарды жастамайды. Шалбарды жастану настықтың белгісі болып саналады.
– Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады, сондықтан да бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.
– Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Өйтсе, адамның жолы болмайды, жаманшылыққа ұшырайды.
– Қыз басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі болып саналады.
– Бөтен адамға бас киім бермейді және айырбастамайды. Адам басы кемиді деп санайды.
– Садақаға киім берсе, оның түймесін қиып алады.

киимге катысты, киімге қатысты, ырым, тыйым, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments