...

Кетпе/Ketpe

Добро пожаловать на развлекательный портал Кетпе

Жүкті әйелдің тамақтану тәртібі

Әйел жүкті болысымен-ақ оған бұрын есте болмаған әр түрлі ойлар келеді. Әсіресе, тар құрсағын кеңітіп, тұңғышын күтіп жүрген кезде. Осы жайды ескере отырып, біз жүкті әйел қалай күтініп, қалай тамақтануы керектігі жөнінде әңгімелемекпіз.
Екіқабат әйелдің ағзасы ақуызды көп қажет етеді. Өйткені, ақуыз (белок) бұл сәби тәнін өсіруші басты нәрсе. Сондықтан, болашақ ана ішіп-жейтін тағам ішінде айран, сүт, ақ ірімшік және жұмыртқа, балық, ет, сонымен қатар белокқа бай азық түліктер: үрмебұршақ (фасоль), атбұршақ (горох), көкбұршақ немесе жасымық (маш) болуға тиіс. Етті қуырмай, асып жеуге тура келеді. Әйел екіқабат болғанына төрт-бес ай толғанда аптасына кемінде екі-үш рет ет жеуі тиіс. Майлардан тез сіңетін сары май, балық майы мен өсімдік майын пайдаланған дұрыс. Қойдың құйрық майының сіңуі қиын, сондықтан оны асқа араластырмай-ақ қойған жөн.
Жүкті әйелдің тамағында көкөністердің көбірек болуына дәрігерлер үлкен мән береді. Өйткені, бұлардың құрамында іштегі баланың сүйегі түзіліп, қаны көбейуіне керекті тұздар да, дәрумендер де жеткілікті.
С витамині негізінде өсімдік тағамдарында (орамжапырақ, қызанақ, көк пияз, ас көк) болады, аздап болса да картопта кездеседі. Егер оны көбірек жесе, ағзаға керекті С дәруменін картоп та жетістіреді. Әлбетте, картопты қуырып немесе «картофель фри» түрінде емес, қайнатып, буға, немесе қабығымен пешке пісіріп жеген жағдайда ғана. Аса бағалы С витамині әсіресе итмұрын жемісінде, қарақатта, қарлығанда, шиебүлдіргенде, алманың солтүстік сорттарында және цитрусты жемістерде (лимон, апельсин, мандарин) өте көп. С витамині үйде дайындалған томат шырыны мен томат пастасында да аз емес. Ал, дүкеннен алынған томат пастасынан еш пайда жоқ, себебі оның құрамында дәруменге қарағанда консерванттар басым. Сондай-ақ, шетелдік цитрусты жемістерді де абайлап жеңіз. Көбіне оларды дәрімен өсіріп, көктей үзеді және біздің жаққа жеткенше шіріп кетпеуі үшін зиянды қоспалармен өңдейді. С дәрумені ағзаға өте қажет. Оның босанған кезде қан кетуін тоқтатуға, қан қысымын қалпында сақтауға себепші болатыны анықталған.
В1 дәрумені қара нанда, бауырда, сиыр және құс еттерінде, сұлы, арпа және қарақұмық жармаларында көп болады. Әйелдердің бір көңіл бөлетін мәселесі: ағзада В1 витамині жетіспеген жағдайда жыныстық сезім төмендеп кетеді, ал бала көтерген кезде В1витамині ағзаны толғаққа әзірлеп, ауруды бәсеңдетеді. В2 дәруменінің де маңызы кем емес, ол емшек ұшының жарылуының алдын алады және оны емдейтін дәрі де боп есептеледі. Болашақ ана үшін күнде таңертеңгілік жарма ботқа жеудің маңыздылығы осыдан.
Д витамині балық майында, жұмыртқаның сарысында, уылдырықта және сүт тағамдарында кездеседі. Д дәруменінің аз мөлшері бактерицидтік әсерге ие, ол қан ұюына көмектеседі. Бұл әсіресе босанған кезде қажет.
А дәрумені – сары майда, жұмыртқаның сарысында, бауыр мен балық майында. А витамині нәрестенің бойы бірқалыпты өсуі үшін керек.
Е витамині өсімдік майларында, көкөністер мен әртүрлі дәнді дақылдарда және жұмыртқаның сарысында көп болады. Е дәрумені (токоферол) ұрықтану қабілеті мен емшек сүтінің жиналуын арттырады. Сондықтан оны дәрігерлер бедеулікке және әйелдің етеккірден тоқталған кезіндегі өзгерістерге қарсы ұсынады.
Ішіп-жеген тамағында В және Е дәрумендері болмаса, түсік тастайтынын немесе баланы шала туатынын әйелдер жақсы білуі тиіс. С және Д дәрумендері болмаса, баланың сүйегі жақсы жетілмейді де, тістерінде кемшілік болады, ал анасы қан аздыққа ұшырайды. А және Д дәрумендері жетіспесе, босанғаннан кейін де созылмалы аурулар қозып кетуі мүмкін. Ұрықтың алғашқы өсе бастаған кезінде анасында В1, В2, С, Е дәрумендері жеткіліксіз болса, тұқымдық ұрықтың өліп кететіні зерттеу жұмыстарында анықталған. Дәрумендер жетіспеген әйелдер арасында жақсы тамақтанатындармен салыстырғанда шала туатындар екі жарым есе, баланың өлі туылуы төрт есе көп кездеседі екен. Сондықтан, ауру – астан екенін ескере отырып, жүкті әйелдің дұрыс тамақтануына нәрестенің әкесі, басқа да туыстары аса мән беруі қажет.
Әйел ағзасында кейбір витаминдердің жетіспегендігі оның босанған кезінде де байқалады. Толғақ ауырлап, ұзаққа созылады, әйел кешігіп босанады. Осындай зардаптарды болдырмау үшін дәрігерлер жүкті әйелдерге алғашқы үш айда және соңғы үш айда дәрумендер қабылдауды міндеттейді. Жас көкөніс, жеміс аз болатын қыс, көктем айларында жасанды витаминдер қабылдау қажет. Ерекше тоқталатын жайт: қазіргі уақытта әсіресе жас аналар аса құмар фаст-фуд өнімдері: гамбургер, чипсы, кириешки, картофель-фри, қуырылған тауық, газдалған сусындар, кола, т.б. ағзаны дәруменмен байытудың орнына, оларды жоятынын ескеріңіз.
Ең бастысы, ананың ішкен-жегенінің бәрі құрсақтағы балаға «жолдасы» арқылы баратынын ұмытпаңыз. Болашақ сәбиіңіздің денсаулығы сіздің қолыңызда.

жукти айелдин тамактану тартиби, ,, сурак жауап, жуктиликти жоспарлау,жукти болу,жуктилик пен босану,калай босанады,босанган киын ба,жукти болу калай,,
4 3 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.