...

Жүктілік және әйел жасының ерекшеліктері

Сәби – шаңырақтың шаттығы. Дүниеге дені сау сәби әкелу үшін ананың денсаулығы да мықты болу керек. Дәрігерлер отбасын құрмақ ниеті бар қыздарға алдын ала тексеруден өтуді ұсынады. Сәбидің дүниеге сау болып келуіне ананың жасы да біршама әсер етеді.

Қай жасқа келгенде дүниеге сәби әкелген дұрыс деген сауал кеше-бүгін пайда болған жоқ. Жас аналардың денсаулығы үлкен жастағы әйелдердің ағзасымен салыстырғанда мықты, ұрық жасушалары қоршаған ортаның зиянды заттары ағзаларына сіңіп үлгермеген. Ал екінші жағынан қарасақ, жыл өткен сайын әйелдер некеге біршама кеш тұрып жатады. Басты назарларын мансап пен саяхатқа салып, жастық шақтың қызығына жұмсайды.

Бірнеше жыл бұрын тұңғышын кеш босанған аналарға 25-26 жастағы әйелдерді жатқызатын. Болашақ аналар үшін ең қолайлы уақыт 20 мен 27-нің арасы деп танылған.

Медицина саласында аналарды жас ерекшелігі бойынша 3 топқа бөліп қарастырады. Олар: 20 жасқа дейін , 20- 25 және 25 жастан кейін тұңғышын дүниеге әкелетіндер.

20 жасқа дейінгі әйелдер көп жағдайда жүктілікті жоспарламайды. Соның ішінде 17 жасқа дейінгі жүктілік жас ананың өміріне қауіп төндіреді. Босану барысында да күш-қауқары жетпей қалуы мүмкін. Әйел баласының ағзасы 17 жасқа толған кезде дүниеге сәби әкелуге дайын болады . Бір жағынан 20 жасқа дейінгі жас аналардың өздері балалығынан арыла қоймаған болып саналады. Ал денсаулығы жағынан бала көтеруге ағзалары бейім келеді. Баласын 20 жасқа дейін босанған әйелдер өз баласына жақсы дос бола алады және бала да өз бетінше өмір сүруге ерте бейімделеді.

20 мен 25 жас. Аталған жас әйелдерге тұңғышын дүниеге әкелу үшін таптырмайтын уақыт. Алайда бұл жастағы әйелдер психологиялық және материалды жағынан оған дайын бола бермейді. Жеке баспана мен тұрақты жұмыстың жоқтығы немесе ЖОО орнын аяқтамау, мансап қуып, өзі үшін өмір сүру сынды сан түрлі сылтау салдарынан бұл жастағы нәзік жандылар ана болуға өздерін дайын емеспіз деп санайды.

25-30 жастағы әйелдер. Әйелдер аталған жасқа келгенде балалы болу жайлы, сәбиді дүниеге әкелу жайында толыққанды шешімге келіп жатады. Әйел ол жасқа дейін жан-жақты дамыған, материалды жағынан да баланы асырауға мүмкіндігі бар , психологиялық тұрғыдан да дайын келеді. Бұл жастағы әйелдердің денсаулығы да сәбиді дүниеге әкелуге жарамды. Алайда 25 жастан асқан әйелдер дәрігердің қатаң бақылауында болып, барлық керекті анализдерді тапсыруы керек.

30- 40 жас аралығындағы әйелдер. Қауіпті ме, жоқ па? 30 жастан асқан әйелдер қоғамдық ортада өзіндік орны бар, қалыптасқан тұлға. Психологиялық, моральдық жағынан ана атануға дайын келеді. Өзіне де, болашақ сәбиіне де тиісті күтім жасай алатынына сенімді болады. Алайда бұл жастағы әйелдерде басқа мәселе туындайды: ішкі ағзалары 22-25 жастағымен салыстыранда баяу жұмыс істейді және сәби көтеруде біршама қиындықтар тудырады.

Әлемдегі соңғы зерттеулер әйелдерге тұңғышын босануға 34 жас өте қолайлы деп көрсеткен. Техас (АҚШ) университетінің докторы Джон Мировскидің айтуы бойынша, 34 жаста әйелдің ағзасы бала көтеруге бейім келеді. Жас кезде әйелдің бойында түрлі аурулар болып, босану барысында қиындық тудырады. Бұл теорияның дұрыстығын жергілікті психолог мамандар да қолдаған екен. 30 жаста әйелдер өзінің серігімен салмақты, тұрақты қарым-қатынаста болады. Өмірлік тәжірибесі де бар, әрі өз-өздерін қаржыландыра алатын жағдайда. Оның себебін барлығы ананың бойына біткен балаға әсер етеді деп түсіндірді.

Әйел адамның тұңғышын дүниеге әкелген жасы оның қартайған кездегі денсаулығына әсер етеді. Тұңғышын 25 жастан кейін дүниеге әкелген әйелдердің қартайған шағындағы денсаулығы жастайынан ана болғандарға қарағанда, біршама жақсы болады. Бұндай қорытындыға Огайо (АҚШ) штатындағы университет ғалымдары зерттеу барысында келген.

Жүктілік үшін ең тиімді әрі қолайлы деп бір уақытты нақты айту өте қиын. Оның себебі, әркімнің ағзасы әртүрлі дамыған. Біреу ауылдық жерде өссе, біреу қаланың тез әзірленетін тағамдарымен өскен болуы мүмкін. Біреу толыққанды отбасыда сәбиін дүниеге әкеледі, енді бір әйелдер тұрмысқа кеш шығады немесе 30 жастан асқанда баланың керек екенін түсінеді.

20 жасқа дейінгі жүктілік: Ауылда өскен қыз

Барлығымызға белгілі ауылдық жерде барлығы таза өнім: сүт , айран, т.б. Одан бөлек ет өнімдерінің өзі ешқандай химиялық қоспасыз қолданылады. Физикалық еңбектің арқасында ауылда өскен қыз біршама күш-қуатты. Осындай жағдайда өскен қыздар үшін ерте тұрмыс құрып, алғашқы сәбиін 19-21 жасында дүниеге әкелу, денсаулығына еш зиян келтірмейді.

20 жасқа дейінгі жүктілік: Қалалық жерде өскен қыз

Қаланың күйбең тіршілігінде өскен қыз ауыр жұмыстарды атқармайды. Күн сайын кесек-кесек ет жемейтіні де белгілі, дүкен сөрелеріндегі қораптағы сүт өнімдерін қолданатыны айдан анық. Ал осындай жағдайда өскен қыз балаларға 20 жасқа дейін сәби босану біршама қиындықтар алып келеді. Босану барысында да ауырсынулар кездеседі.

25 жас немесе 30-дан кейінгі жүктілік

Еуропада 32-34 жас ең қолайлысы деп танылып жатады. Ал біздің елімізде 24-29 жас тұңғыш сәбиді дүниеге әкелу үшін ең тиімді кезең. Белгілі бір мамандық иесі атанып, материалды жағынан да тұрақты табысы бар әйелдер үшін ана атануға нағыз уақыт. Бұл жағдайды да екіге бөліп қарастырайық:

1.Толыққанды отбасы

Егер екі жас отбасын құрып, сәби сүюге ниетті болса, сонымен қоса басында баспанасы немесе тұрақты жұмысы болса 29 жасқа дейін тұңғышын дүниеге әкелгені дұрыс.

2.Кеш құрылған неке немесе жалғызбасты әйел

Көп жағдайда 30 жастан кейін тұңғышын дүниеге әкелетіндер – некеге кеш отырғандар. Өмірде өз орнын тауып, отбасын құруды кеш жоспарлағандар. Әрине, ештен кеш жақсы деген аталы сөз бар. Және екіншісі жалғызбасты аналар. Олар қартайғанда жалғыз қалмас үшін 30 жастан кейін ана атанғылары келеді, балаға деген сезімдері оянады. 30-дан асқан әйелдерге де сәби сүюге болады. Ол үшін үнемі дәрігердің қаралымында жүруі керек -, дейді С.Рахимқызы

Әйелдер үшін нақты бір жасқа келгенде босану керек деген дұрыс емес. Біреудің жағдайы болмайды, біреудің денсаулығы жарамайды. Ал бір жағдайда жоспарсыз, некесіз сәби көтеріп қою көптеп кездеседі. Ондай жағдайда алғаш құрсаққа біткен сәбиден жасанды түсік жасату арқылы арылу дұрыс емес, ол ананың өміріне қауіпті, әрі екінші рет ана болу бақыты бұйырмай қалуы мүмкін.

Егер сіз расымен де ана атанғыңыз келсе, мансап үшін арманыңыздан бас тартудың қажеті жоқ. Баланы дүниеге әкелгеннен кейін де жұмысыңызды жалғасытырып, барлық істі дөңгелетіп отырған тұлға атануыңызға болады. Бастысы денсаулығыңызды күтіп, ұрпақ жалғастыруға асығыңыздар!

айел жасынын ерекшеликтери, ,, сурак жауап, жуктиликти жоспарлау,жукти болу,жуктилик пен босану,калай босанады,босанган киын ба,жукти болу калай,,
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх