— Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан — дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады. Жерде жатқан нан болса, алып, адам баспайтын жерге қою керек.
— Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. «Асығыспын, нан ауыз тиейін», «Ең құрыса, нан ауыз ти» деген сөздер бекер айтылмаған.
— Нанды төңкеріп қоюға болмайды. Нан — қасиетті дәм. Онымен ойнауға болмайды. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен сындырады.
— Нанды басып Құранды алуға болмайды, ал аяқтың астына Құранды қойып нанды алуға болады.

