...

Құрман

Құрман ұлы жүздің Албан тайпасы құрамындағы рулар бірлестігі. Шежіре бойынша, Құрман Әлмерек абыздың ұрпағы болып есептеледі. Құрманнан Қара, Үмбет және Мәмбет тарайды. Олардан Орынтай, Елемес, Малыбай, Киікбай, Елшібай, Беснайза, Майлыбалта сияқты аталар өрбіген. Н.Аристовтың Дихамбай батырдан жазып алған шежіресінде Құрман Бозыммен қатар ру бірлестігі ретінде көрсетілген.

Алатау округінің 1865 ж. тізімі бойынша, Құрман 300 отбасы, 1913 ж. санақта 900 отбасы болған. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ерлігімен көзге түскен Саурық батыр, 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс басшылары Жәмеңке, Ұзақ батырлар, домбырашы, ақын Шалтабай, күйші Қожеке, Түменбай, Қаба би, т.б. Құрманнан шыққан. Құрмандардың қазіргі ұрпақтары Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Райымбек, Талғар, Іле, Жамбыл, т.б. аудандарын, ҚХ -дың Іле аймағын, т.б. мекендейді. Құрманның жауынгерлік ұраны айымбек, таңбасы (дөңгелек).

курман, улы жуз, ,, орта жуз, шежире, шежире туралы, киши жуз, дастур, текст создери
4.1 7 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх