Абайламай біреуді қағып кетсеңіз – шығын болғалы тұр;
Абақтыға қамалу – ісіңізде сәттілікке тап боласыз;
Абжылан – қасиеттің қонуы; айбат шегіп тұрса – сізді жаманшылықтан сақтандыруы; беліңізге оралып қалса -тылсым сырдың қасиетін білетін кісі боласыз;
Ағаш аяқ енсе – сіздің достарға деген сеніміңіздің жоқтығын айғақтайды. Ақсақал таяқты беріп тұрса – игіліктің ерте-кеші жоқ;
Ағаш – табыс, кесіндісі -мұра;
Ағаш басында сарнап отырған қара торғайды көру – дәулет;
Ағашты тақтай етіп тілгенін көрсе – өлім хабары;
Ағаш жару – өсектен азат болу;
Адам: жас бала – қуаныш, танымайтын – дұшпан, ересек адамды жас бала кейпінде – сенімсіздік, өзіңіз танымайтын жас жігіт – біреудің өкініші, келіншек – байлық, қызықшылық, ақсақал – тоқтық, жас жігіт қартайса – көңіл көтеріледі;
Ажалдың аузында жату – жақсы бір адымды ренжіткеніңіз;
Азу тістеріңді құрт жесе – қиындық;
Айбат шегіп тұрған арыстанға тап келу – сәтсіздік;
Ай мүйізді ешкі көрсең – есіктен кіріп, төр менікі деме;
Ай – ұлы, қызы бар кісі, құдалыққа барысар;
Айды бұлт жапса – өлім туралы хабар;
Ақ атқа мінгенін көрсе – үйіріне тап болмақ абыройдың, байлықтың;
Аққу – сыйлық, байлық, мұра; өлсе – сәттілік;
Ақ киімді ақ сақалды көрсе – аброй беделге кенелмек;
Акула – түсіңізде акулаға тап болып, қорқып судан қашып шықсаңыз, қыздармен құмар басып қуанасыз;
Ара – ұтыс;
Ара шақса – өтті-кетті қызықты күн;
Арыстанның өліп жатқанын көрсеңіз – асылмұраға тап боласыз, даңқыңыз артады;
Арап – егер түсіңізде ұлты арап адам сөйлесе – жақсы. Бұл түс барлық кедергіден, қиыншылықтан сақтап, сәттілік пен бақытқа апарады. Түсіңізде арап теріс айналып кетсе – сізге кедергі жасамақ адамдар болса, сондан құтыласыз әрі сізге сақ, айналаңызға мейірімді болуды ескертеді;
Артист – күтпеген жағдай, егер сахнада тұрсаңыз – өтіріктің ортасында қаласыз;
Артист – сахнадаойнаптұрған артистке басқабіреукедергіжасаса – отбасыңыздаүлкен дау болуымүмкін. Абайламасаңыз, ажырасуыңызғажапемес. Күтпеген, ойламағанжердегіөкініш. Түсіңізде артист масболыптұрса – сіздің істеріңіз ақшалай шығынға ұрындырады;
Артист күліпкеліп, бар дауысымен бас салса – сенімдегі достарыңыз сізді алдап жүр. Абройыңыз айрандай төгіліп, көпке мазақ болауыңыз мүмкін, сақ жүріңіз;
Арақ – құйсаң, қуаныш, тойсаң – сәтсіздік, сатсаң – ұрыс-керіс, түсіңізде арақты төгіп алсаңыз, уайымға батырар;
Арқан – егерде түсіңізде байлаулы арқанды шешіп алсаңыз, көрген-білгеніңіз бен түйгеніңізді айтып, мақтанасыз. Түсіңізде тұзақ етіп қойған жуан арқан көрсеңіз – қулық пен күнк өріп жүрсіз. Олай болмайды;
Артезиан құдығын көрсеңіз – молшылық, береке, табыс;
Археология қазба жұмыстарын жүргізсеңіз – абыройыңыз артып, сән-салтанатқа кенелесіз;
Арық – таза: жағдайыңыз жақсарады; қатты ақса қуаныш; терең: достасасыз; су алып ішсеңіз көңіліңіз тоқ; ағыс: бақытқа жолығасыз;
Арайлы таңды көре алсаңыз – істейін деп жүрген мақсатыңыз айқын, сәттілік тілейміз;
Аруақты көрсеңіз – сізге арнаулы қазына бар екенін ескертуде. Оған адамгершілік пен сабырлық арқылы ие боласыз;
Аспан – ашық: сәттілік, береке, ақшаңқай бұлт: қиыншылықты жеңу;
Аспан – түсіңізде аспанда ұшып жүрсеңіз ғұмырыңыз ұзақ болады, дәулетіңіз тасып, байлыққа кенелесіз, қуанасыз. Егерде аспаннан тесік көрсеңіз отбасыңызда ұрыс-керістің болуы мүмкін;
Аспандағы айды толық күйінде көрген адам – бір сұлуға кезігіп, махаббаты ашылмақ;
Аспандағы жарқырап тұрған жұлдызды көрсе – үлкен бақытқа кенелмек;
Ат үстінде құрық ұстап келе жатқанын көрсе – бұл да күтпеген сәттілік белгісі, малы көбейіп, тұрмысы жақсарады;
Ата – түсіңізде есігіңізді ашып, үйіңізге ақ сақалды ата кіріп тұрса, сізге бақ-дәулеттің қонғаны;
Абысын – байсалдылыққа, сөйлесе – әулетке бірлікті шақыруы, күлсе – рақымшылықты тілеу, жыласа – қажыр қайраты баяу, өкпелесе – қымсынбай әрекет етуді көрсетіп тұр .
Алма – күдіктену; жинау – жеңіс;
Алтын – көрімдік алатын болыпсың;
Алтын көрсе – асқан байлыққа тап болмақ;
Апельсин – тыныштық , қуаныш, барлық ісіңіз берекелі;
Аяқ киім – сапар; жаңа – жеңіс; ескі – байлық, мұра; жамау – сәтсіздік; таза – береке.
Аяғыңызға шұлық кисеңіз – көп ақшаға тап болмақсыз; сапарға шығасыз;
Аялдамада жалғыз тұрсаңыз – өкініш. Көпшілікпен – өз ісіне өкінбеу;
Аят оқысаңыз – Мекеге барасыз; аят оқып тұрғанды естісеңіз – діни қызметкер боласыз;