Әбдіре ( сандық) – байлық;
Әбігерге түсу – өкінішті күндердің артта қалуы; біреуді әбігерге түсіру еңбегіңіздің жанғаны;
Әдеби мұраға иеләк ету – болашақта үлкен ғалым болу;
Әдемі гүл шоғы – ісіңізде кедергілерден құтылу, табыс;
Әдеміше келген кісімен танысу – жаңа жұмыс көзін ашасыз;
Әже – бұл түс сіздің қиыншылықты жеңгеніңізді паш етеді; Арық ұзын әже – жақын арада жақсы кісілермен танысасыз. Бойы кішкентай әже – барлық істе есеп беруіңізді қалайды;
Әжеңді көрсең – бір нәрседе жолыңыз болады;
Әжетханада дәрет сындырып отырғанды көру – алтын мен ақшаның белгісі;
Әжетханаға оң аяғыңызбен кірсеңіз – пайдалы іс дегеніңіз алдайды;
Әжіміңізге өкінсеңіз – өткен ғұмырыңызға ырзашылық;
Әздекпен (жылауықпен) жүрсеңіз – бақытқа бөлену;
Әзірейілді көрсеңіз – ғұмырыңыз ұзақ болады;
Әйнекші терезеге шыны салып жатса – тез арада мақсатыңыз орындалады;
Әйел адамның басы ашық жүрсе – бойына қарай – қарай көзің талған ба ?
Әйел кісіні арқасынан көру – ақша жоғалтып өкіну;
Әйеліңізбен ажырассаңыз – ауыр бейнеттен құтылу;
Әйнектің сынғаны – аттыға еріп, жаяудың бұты айрылыпты деген мағына;
Әйел – түсіңізде әйеліңіз өліп қалса, сіз жақын арада көптеген кездеспеген қыз жолдастарыңызбен кездесесіз, сырласасыз;
Әйеліңіз тәнін көрсететін жұқа көйлек кисе – өсекке қалу;
Әйел – ісіңізге береке, жүкті – қуаныш, сұлу – мол ақша табу, баламен – жанұя бақытты, әдемі – барлық ісіңіз жүреді, қуанасыз;
Әке – қуаныш
Әке – сөйлесе тез арада бақытқа кезігесіз;
Әке – түсіңізге өкініп кірсе – сіз ұнамды аяулы құшаққа зәрусіз. Ал түсіңізде әкеңіз сөйлемей теріс айналса – сіздің барлық ісіңізге реніш білдіргені;
Әкеңіз толы шелекпен су алып, үйге келсе – еңбегіңіз жанып, бақыт құшағына кенелесіз, байлық;
Әкеңіздің үстінде үлкен тон, белін буып тұрса – қажырлы еңбек ете беріңіз. Еңбегіңіздің жанғаны;
Әкіммен бірге жүру – берекелі өмір, қол алыссаңыз – сәттілік, құшақтасаң – жаңа қызыметке ауысасың;
Әнші кісімен амандассаңыз – тастаған шоқпар сорлыға тиеді;
Әнші – түсіңізде әнші ән айтып тұрып жоғалып кетсе, бұл түс алдағы келе жатқан бей-берекет мезгіл хабаршысы. Әнші өлең айтып тұрып, жыласа – сіз жақын, туыс қызды ренжіткенсіз, тезірек кешірім сұраңыз.
Әнші әйел – шығын; ән айтса – сізде көңілсіздік;
Әріп көрсеңіз – ұтыс;
Әскери киімдегі кексе кісіні көрсеңіз – бұл сіздің өткендегі істеріңіздің дәлелденгендігі;
Әсем қалаға тап болсаңыз – жақсылық;
Әскер көрсеңіз – жеңіс, әкери ант қабылдау – өкінбейсіз;
Әтір – “жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан”. Әрекетте берекет бар.
Әткеншек тебу – бақытыңның бал қаймағы бес елі;
Әулие қарттар батасын берсе – “бақ келді деп тасыма, жау келсе де саспа”;
Әуедегі ұшақты көру – “адамның күні адаммен” деген бар, ескерерсіз;
Әуітте балық жүрсе – алыс сапардан табысты ораласыз;
Әшекейлі үйге кіру – береке, шығу – ұтылыс, сырттай көру – күтпеген жерден көмек келеді;