...

Кыдырәлі Болман – Сүгірдің термесі ТЕКСТ

Кыдырәлі Болман – Сүгірдің термесі
Әні мен сөзі: Сүгір Бегендікұлы

1. Ауылға Сүгір келді-деп,
Ордасын да талай сайлаған.
Сары самаурын, ақ құман ей,
Кең дастархан жайнаған.
Ағалар, енді аман бол!
Келді ме деп жыршылар,
Ботадай көздері жайнаған.
Тал шыбықтай бұралған,
Маржандай тістері құралған,
Мырза қайным келді деп,
Шыға да алмаған құмардан.

2. Келіндерімде бар еді,
Қайынаға келді дегенде.
Реңін қалай көрем деп,
Сығалап талай қимаған.
Құрбыларым да бар еді,
Қона кетші құрдас деп.
Талай жанды қимаған,
Сызылып талай сыйлаған.
Інілерім де бар еді,
Сүгірдей ағам келді деп.
Ат шаптырып айқайлап,
Хабар да салған еліме.

3. Таратқан менің даңқымды,
Мәжілісте байтақ жеріме.
Біз жүре беріппіз жігіттер,
Адайдың берген желіне.
Қыздарым да бар еді,
Шай құйып беріп атамның.
Батихасын алам деп,
Саусақтары майысқан.
Алты қанат-ай ақ орда!
Біздерде кеттік – ай аман бол!
Айырылып қалып-ай барасың,
Шабысы жүйрік арыстан.

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, ,, кыдырали болман, сугирдин термеси
4.1 46 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх