...

АБЗАЛ АҒА

Шақырып асқақ арман, дулы дүрмек,

Жүресіз жүректерден жылу іздеп.

Алатау – арқа сүйер ағамызсыз,

Жалғайтын жолыңызды ініңіз көп.

Ізетті қалпынан еш өзгермеген,

Инабатты, көлденең сөзге ермеген.

Жақсылық жасадым деп дандайсымас,

Бәрінде парасатпен безбендеген.

Мәрт жүрек әспеттеген сырласын әр,

Қозғалмас тау қозғалса тұлғасы бар.

Өзіндей көріп жұрттың барлығын да,

Жасауға бір жақсылық күнде асығар.

Дауырығып бостан босқа ісінбеген,

Өзгеге көлеңкесін түсірмеген.

Адамсыз шен-шекпеген қызықпаған,

Әр сөзің дәлелденген ісіңменен.

Бүкіл жұрт мәрттігіңді қылған аңыз,

Алтынмен жазылыпты жылнамаңыз.

Құрметтеп, хан көтеріп төбемізге,

Ағажан, өзіңізден үлгі аламыз.

абзал ага, абзал аға, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх