Алшын қазақ халқының құрамындағы ірі ұлыс, Кіші жүздегі Әлімұлы, Байұлы және Жетіру тайпалық бірлестіктерінің жиынтық атауы. Оның этимологиясы, түп мағынасы жөнінде отандық және шетелдік ғалымдар әр алуан, бір-біріне қайшы пікірлер айтып келеді. Соңғы кездері алшын атауының шығу тегін алаш сөзімен байланыстырып, оның көпше түрде тұлғалану нұсқасы ретінде қарастыратын жорамал пайда болды. Меселен, парсы тіліндегі ан (он) кептік жалғауы тіркеліп, алашан (алаштар) болып түрленген. Уақыт өте келе дыбыстық өзгеріске үшырау әсерінен Алшын сөзі тілдік нормаға енген. Кейбір зерттеушілер осы пікірін нақтылай түсу мақсатында тарихи жазбалардағы тілдік құралдар мен морфологиялық ерекшеліктерге сүйене отырып, ала түбірінен шыққан алаш, алаша атауларының этимолсына талдау жасайды. Көне түркілердің тілінде ала атауы екі, қос, жұп деген мағынаны білдірген. Тіпті, қазір де ақ және қара не қызыл түк аралас, теңбілдене өскен малдың түсін ала дейміз. Яғни оның екі, жүп түсті жануар екенін ұғамыз. Ендеше, ала этнониміне түз (М. Қашқари сөздігінде ол тек, тайпа, ел) қосылуы арқылы қос ел, одақтас тайпа мағынасы шыққан. Соңғы морфема тілдің ыңғайына, сингармониялық болмысына қарай дз, дж, ч (ш) аффрикат дыбыстарын түзген. Аффрикат дыбыстардың бірге-бірте ыдырауы нәтижесінде алатүз (алажүз) сөзі ададз, аладж, алач тұлғауылыларына көшіп, соның нәтижесінде алаш атауы қалыптасқан. Кіші жүздегі алаша руының атауы да осылай түзілген. Мысалы, көне қытай жазбаларындагы Хэла пицзя кэхань иероглифінің түркілік реконструкңиясы Ала білге қаған (А.Г. Малявкин, Танские хроники о государствах Центральной Азии, Новосибирск, 1989) екендігін ескере отырып, алаша атауының бастапқы кезде ұлыс-тайпа немесе ел билеушісінің лауазымы болғандығын дәйектейді. Яғни ала этноним десек, ажа айқындаушы білгенің (ұлы, үлкен) шағатай тіліндегі баламасы регінде алынған. Демек, Ала + ажа + қаған (Алашахан) екі елдің немесе одақтас тайпалардың билеушісі деген мағынаны білдіреді. Алшынның құрамындағы алаша руы көне замандардағы ала (хэлэ, халадж, калач) тайпасын билеген еулет ұрпағынан тараған қауым болуы мүмкін. Бұл жорамалды ғылыми тұрғыдан делелдеу қиын. Әйтсе де, халықтық шежірелерде, кейбір тарихшы ғалымдардың еңбектерінде алапес болып туған елдебір Алаша хан атына байланыстыратын әр түрлі әпсаналар мен хронологиялық жүйелілік аясына сыймайтын қиынсыздықтан ой арылтып, орта ғасырлардағы тарихи уақиғалар шындығын саралауға мейлінше жақындай түсеміз. Солардың бірі Ноғай ордасының ыдырауы, соның нәтижесінде түбі бір, тегі ортақ ноғай жұрты мен ежелден алшын атанған Кіші жүз тайпаларының бөлінуі тарихқа ел айрылған атпен енген, осы уақиғаны Мұрат, т. б. ақын жыраулар трагедиялық сарынмен, күйзеле жырлағаны белгілі. Алшын құрамындағы ру-тайпалардың аттары, Байұлы (Байырку, Байегу) этнонимдері көне қытай жазбаларында (5 ғ.), Орхон-Енисей ескеркіштерінде (8 ғ.) жиі кездеседі. Мысалы, қытай жылнамашылары Байұлы бірлестігі Канганьхэ (ш. Селенганың жоғары сағасы) өзенінің бойын мекендеғенін айта келіп, бәрі де ауқатты, 60 мың адамы бар, 10 000 әскер шығара алады деп жазады. Орта ғасырлық авторлар алшын ру-тайпаларының Еуразия кеңістігінде салтанат құрған алғашқы түркі мемлекеттері Батыс Түрік қағанатын, Хазар хандығын, Ноғай ордасын, Астрахан, Қазан хандығы мен Қазақ ордасын құруға белсене қатысқанын жазады. Алшын ұлысы қазақ халқының тарихында жауынгерлігімен даңқы шыққан. Халық аузындағы … Кіші жүзді найза бер де, жауға қой деген темсіл алшынның тарихи-этно-мәдени, геосаяси сипатын, менталдық болмысын аңғартады. Қазақ елінің бірлігіне, жерінің тұтастығына қауіп бұлты төнген шақта Әбілқайыр баһадүр бас қолбасшысы сайланып, Жалаңтөс батыр қол бастап келгені белгілі. Сөз атасы Майқы би Бектен туған Алшынды, Біз үшін қанға малшынды, Іргеңе жауың келгенде, Сілтейтін найза қамшыңды дейді. Атақты ақын-жырау Сүйінбай Аронұлы…Алшын ата баласы Сұлтансиық, Бақсиық, Хан қызы екен анасы, Қаннан кеуіп көрген жоқ, Найзасының сағасы, 12 ата Байұлы, 7 аталы Жетіру, Әлім менен Шөмекей, Халқымның еді жағасы деп толғаған. Алшын тайпаларының атамекені Алтай баурайы екендігі, 10 ғ-да олардың Арал (Кердері) және Каспий теңіздеріне қарай ойысқандығы айтылады. Бір бөлігі Батыс Еуропаға (Атилла, 400-453) жорыққа шығып, Мысырға дейін барған. Мысалы, орта ғасырлық Египетке мәмлүктер үстемдігін орнатқан әскери әрі мемлекеттік қайраткер Бейбарыс алшын құрамындағы беріш руының ұланы. Сондай-ақ найзаның ұшы, қылыштың жүзімен ел шетін жаудан қорғауда шешуші рөл атқарған алшындар әр кезеңде әскери жорықтарға шығып, Еуразия мен Еуропа кеңістігінің саяси-этникалық бедерін өзгертуге есер еткені белгілі. Алшын ұрпақтары қазір башқұрт, татар, тыва және т.б. түркі халықтарының құрамында бар.
Подписаться
0 Комментарии
Старые