Дабыл қағылса – жау алдында бедел артады;
Дала – береке;
Дала гүлдеріне рахаттанып тұрсу – “інісі бардың тынысы бар, ағасы бардың жағасы бар”;
Даладағы көк майса – береке, ырыс, несібе;
Дамба (тоғанда) шомылу – бақыт, даңқтың артуы;
Дарбыз – күтпеген хабар;
Дастархан – баршылық молшылық;
Дария жанынан құдық қазып, су шығарсаң – молшылық;
Даналарды көрсең – жақсылық белгісі;
Дәнді біреу сеуіп жүрсе – “еккен емес, орған алады” дегенді ұмытпаңыз;
Дауыл – түсіңізде дауыл үйіңіздің төбесін жұлып кетсе – сүйіктіңізден алыстайсыз;
Дауыл – кедергі, бір қалыпты – тазарасыз, жеңіс сіздікі, жұқалап соқса – жақындарыңыздан жаңалық естисіз, теңіздегі – алыстан сізге көмекші келеді;
Дәрігер – кедергі, көпшілікпен кездесу – сәттілік, жағдайыңыз жақсарады.
Дәрі – басыңыз ауырғанда дәрі қолдансаңыз қоныс аударасыз. Егерде түсіңізде сау кісіге дәрі беріп тұрсаңыз – таң қалар өкінішке тап боласыз. Ал ауру кісіге дәрі берсеңіз істеп жүрген еңбегіңізде шыдамдылық көрсетіңіз.
Дене – жанұялық сәттілік; семіз – байлыққа; арық – біреу арқылы сәтсіздік; қайсар – алдану; біреудікі – қауіптен сәтті құтыласыз;
Дене мүшесінен қан аққанын көрсе – алға қойған мақсаты орындалып, қуанышқа бөленбек;
Депутат – уайымның белгісі;
Дихан – байлық, молшылық, денсаулығыңыз зор болады;
Дихан егістік үшін дән сұраса – қолы ашықтың, жолы ашық;
Диханшы жерін мақтаса – Асыр бар – аяқтан аттама
Диірмен – мол байлық;
Дуал (қорған) – қауіпсіздік белгісі;