Бұйығы тартқан қалпым бар,
Болған соң саған шан ғашық.
Сен барда – жаным жарқылдар,
Жоқ болсаң -қалар мұң басып.
Сұрама оның себебін,
Сыры бар жұмбақ, астарлы.
Жарқырап тұрар әдемі,
Жұлдызы сенсің аспанның,
Жетпек боп қолды созамын,
Алыстай берер шоқ жұлдыз.
Жүрекпен жырды жазамын,
“Бақытың – дейді- сол бір қыз”.
Ойларға батқан кезімде,
Үздігем қара көзіңе.
Бөлейтін іңкәр сезімге,
Бақыттың кілті өзіңде!