Көптеген аяттарда: «Менi көп зiкiр етiңдер» және «Иза жәа» сүресiнде «Маған истиғфар етiңдер. Дұғаларыңды қабыл етемiн, күнәләріңді кешiремiн»- делiнген. Аллаһу та’алаға көп истиғфар етудi әмiр еткендiгi осыдан көрiнiп тұр. Сондықтан Мухаммед Масум хазреттерi екiншi том, сексенiншi хатында:
«Бұл әмірге ұйып, әр намаздан соң 3 рет истиғфар дұғасын оқимын және 67 рет «Әстағфируллаһ» айтамын. Истиғфар дұғасы мынадай: Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи ла илаһа илла хууәл һайял қайюма уа әтубу иләйһ. Сiздер де осыны оқыңыздар! Әрбiр айтқанда «Менi кешiре гөр Аллаһым» деп мағынасын ойлап айту керек. Оқығандарды және жанындағыларды дерттерiнен, қиыншылықтарынан құтқарады. Көптеген кiсi оқып пайдасын көп көрдi. Ұйықтарда «Иа Аллаһ, иа Аллаһ» және 3-рет «Әстағфируллаһ мин кулли мә карихаллаһ» – деп айтып, ұйықтағанға дейiн қайталау керек.
х.536, м.1142 жылы қайтыс болган Шайхул ислам Ахмед Намиқи Жами «Мифтахун нәжат» кiтабында былай деген: «Бiр кiсi тәубе және истиғфар етiп, шарттарын орындаса әр жүрген жолы және әр отырған орны онымен ифтихар (мақтанады) етедi. Ай, күн, жұлдыздар ол кiсi үшiн дұға етедi. Қабірi жәннат бағы болады. Мұндай тәубе нәсiп болмаған кiсi, осылай тәубе еткендермен бiрге болуы керек. Хадис шәрифте: «Ғибадаттардың ең қадiрлiсi әулиенi сүю»- делiнген. Тағы бiр хадис шәрифте: «Тәубе және истиғфар еткеннiң барлық күнәсі кешiрiледi»- делiнген. Тәубе көңiлмен болады. Истиғфар тiлмен болады.
Рахмет мен осы истихфарды
Кашан.калай окылуын издеп едим сиздерге Алла разы болсын