...

КАРУ-ЖАРАҚКА БАЙЛАНЫСТЫ

– Батырлар өз қаруларын қасиетті санап, сыйынған, оларды қастерлеп, әрқайсысына жеке ат қойған (мысалы: ақберен, наркескен т.б.)
– Садақ пен қылыш – белге, найза қолдың қарына ілінген, айбалта ердің қасына байланып, шоқпар тақымға қыстырылған.
– Соғысқа кірер алдында батырлар қаруларына мадақ айтып, серттескен.

– Ерте кезде қаруда батырдың жаны болады деген сенім болған.
– Батырдың қаруын мұрагері өскенше сақтап, әкеден балаға мирас еткен.
– Батырдың қаруын ешқашан қадірсіз іске қолданбаған.
– Батырларға арналған қарулар сәнді де қымбат тұрған. Сондықтан қылыш, айбалта, шоқпар тәрізді қаруларды елшіліктерге барғанда, лауазым дәрежесін бергеңде, т.б. жайларда бағалы зат ретінде сыйға тартқан.
– Жорық кезінде демалуға тоқтағанда, түнегенде, күзетте тұрғанда батырлар найзаларын жерге шаншып, басқа қаруларын соған іліп қоятын болған.
– Жорыққа шықпаған кезде садақ, қылыш, айбалта, шоқпар үйдің керегесінде ілулі тұрған, ал найза, сүңгі үйдің сыртындағы белдеуге қыстырылған. Соған қарап батырдың үйде екенін білген.

кару жарак, қару, жарақ, ырым, тыйым, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх