– Қарғалар тобымен шуылдасып ұшса, қыста күн суытады, ал жазда жамандық белгісін білдіреді.
– Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа-райы өзгеріп, жаңбыр жауады; жер бауырлап ұшса, күн бұзылады.
– Көкектің даусы оң жағыңнан естілсе, бай боласың; сол жағыңнан естілсе, сәтсіздікке ұшырайсың; алдыңнан естілсе, көп жыл ауырмайсың, денсаулығың жақсы болады.
– Үкі түнде ауыддың сыртынан шақырса, ауылда көп кешікпей өрт, болмаса қайғылы жағдай болады; үкісін жұлып алып, бойтұмар етіп сақтаған адам қатерге ұшырамайды.
– Егер тауық ұясына ерте қонақтаса, ертеңіне жауын-шашын болады; бір аяғын бауырына алып, ұзақ тұрса, күн суытады.
– Егер тырналар дыбыс шығармай тым жоғары ұшса, күн жылы болады.
– Үйдің төбесіне қарлығаш не көгершін ұя салса, жақсылық болады, өйткені бұл құстар – Алланың сүйіктісі.
– Тауықтың мезгілсіз шақырғаны – жаман ырым.
Подписаться
0 Комментарии
Старые