Келдіңбе он сегізге,
Елік құрбым,
Көзіңнен күн сәулесін көріп тұрмын.
Тамсанам аппак айдай ажарыңа,
Суретін сұлулықтың сен ұқтырдың.
Он сегіз-сезім шоғы,
Таңдай қақтым,
Он сегіз-от, алау боп қанды ойнаттың.
Айнаға қайта-қайта қарай бердің,
Ұйқыңды ұрлаған ба бал қаймақ тұя
Жарасып өн бойыңа асқақ қылық,
Қаласын сәл томсарып…
Сақ-сақ күліп.
Таңданам, бір-ақ күнде бой жетіпсің,
Арманнын асқарына бастапты үміт.
Он сегіз!
Гүл дәуреннің таңы ма екен,
Жоқ әлде,
Жастық шақтың бағы ма екен?
Сән бар ма,
Он сегіздің сәніне тең!
Күлкің де,
Көйлегің де – бәрі әдемі,
Он сегіз –
Өртеп кетер жалын екен!
Мейлі ғой сенбесеңіз, сенсеңіз де,
Еркіңіз көнбесеңіз, көнсеңіз де,
Арулар қартаймайды ешқашана,
Бәрібір қыздың жасы – он сегізде.
Ақ тілек айтып қалсын кенен көмей,
Арулар болған емес өлеңге өгей.
Я Қыздардың жасын қазақ сұрамайды,
Тұрады ол он сегізден “төмендемей”
Айналған махаббаттың базарына,
Білесің жастық дәурен озарына.
Арудың нағыз жасы он сегіз жас,
Ешқашан көтерілмес жоғарыға.