Ойын-сауық порталы

ОҚУҒА ТҮСКЕН ЖІГІТКЕ

Егемен елдің ұлысың,

Талапты ерге жол даңғыл.

Үміт ақтағанның бірісің,

Намысты бермей қолдан бір.

Студент жігіт атандың,

Шәкірт ең сен де кешегі.

Беремін, балам батамды,

Еңбегің жанды еселі.

Көзіңнің майын тауысып,

Шұқшидың күн-түн кітапқа.

Құрбымен қатар жарысып,

Озып та шықтың бұл шақта.

Қара үзіп жеттің бәйгіден,

Сүрінбей өттің сындардан.

Жүйрікке ғана тән кілең

Алдыңнан шықса нұрлы арман.

Шақырып білім әлемі,

Талпындың ғылым білмекке.

Мектептің берген мәйегі,

Дарабоз етті дүрмекте.

Қанатың, балам, талмасын,

Сен шығар шыңдар әлі алда.

Жарқырай түссін алмасың

Тәуелсіз біздің қоғамда.

асаба, тамада, мектеп бітіру, мектеп битиру, түлек, тулек, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments