...

ҚАРЫНДАСТАРҒА ТІЛЕК

Сызылып, гүлдей бұралып,

Қыз өссе елдің көркі ғой.

Түлемес құс та, бұл анық,

Қанатын көкте серпімей.

Несібең бөтен шаңырақта,

Қыз бала бағы басқа үйде.

Салмақты болған әр уақта,

Қалмайсың ерке жас күйде.

Сүйкімді сынық мінезбен,

Озбағын иба, әдептен.

Аялап сені кез келген,

Қорғайды қамқор қанатпен.

Қылығың түзде, ұқ, қалқам,

Келтірме кірді атыңа.

Көзіне қыздың шық толған,

Сүрініп кетсе қапыда.

Отырсың бүгін бой жетіп,

Желікті қума, сөзге ерме.

Жүректі ғана сөйлетіп,

Ақылмен бәрін безбенде.

Тамсанып айтсын “Ару -ай!”

Көзіңде тұрсын күліп күн.

Әжеңе тартқын жаны бай,

Ардағы болғын жігіттің!

қарындас, карындас, тилек, тілек, асаба,тамада,сози,текст,сойлеу,тилектер,тосттар,айту
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх