Қосай Адай елінің ірі ұлысы. Адай геноцидінен кейін бұл ұлыс та күрт азайған. Қосайдан Әйтей, Бегей, Байбол, Тіней, Бәли, Сүйіндік (Жаман Адай). Олар өскен ауыл адай шежіресінде Алты Қосай болып аталады. Әйтейдің анасы түрікмен қызы болғандықтан олар ел арасында Түрікмен адай деп те аталады. Әйтей мен Бегей өспеген, әкесінің қарғысына ұшырап, аз болған. Сондықтан бүлар Байболмен еншілес болып қалады. Қосайлар туралы ноғай, қазақ, қарақалпақ елдерінде сан түрлі аңыздар сақталған. Ноғай халқында ежелден сақталған Қосай жыры бар. Түркі халықтарының ішіде Қосайды қайтпайтын мінезі мен қасарысса қан қалатын қағидасы үшін сұр қасқырға теңейді. Қосайдың ұраны -Телеген.
Подписаться
0 Комментарии
Старые