...

ҚОЖА

ҚОЖА

Таңбасы:
Қожалар (парсыша: «хваджа» خواجه – қожайын, мырза, ие‎) — Орталық Азияда ислам дінін таратуда белсенділік танытқан әулеттер. Қожалар арғы тегі бойынша Мұхаммед пайғамбардан кейінгі халифалар Әбу Бәкр ас Сыдық (632 – 634), Омар (634 – 644), Оспан (644 – 656) және Әли Әбу Талиб (656 – 661) ұрпағы болып есептеледі. 13 ғасырдың 1-жартысында Маулана Сафи ад-дин Орын Қойлақи жазып қалдырған “Насабнама” шежіресінде дін таратушы Ысқақ Баб (Баб Ата), Әбдіжәлил Баб (Абд ал Жалил, Хорасан Ата), Әбдірахим Бабтардың (Абд-ар-Рахим) Орталық Азия аумағына 766 жылы келгендігі айтылады. Түркі даласына келген қожалар орта ғасырларда түрлі сопылық ағымдарды ұстанды. Әли Әбу Талибтің арабтың халифа тайпасынан алған әйелі Хауладан туылған имам Мұхаммед ибн ал-Ханафиядан тарайтын қожалар әулеті Қожа Ахмет Иасауи тариқатының өкілдері болып табылады. Осы тариқаттағы қожалар Алтын Орда мемлекеті дәуірінен бастап, қазақ халқының рулық, тайпалық, жүздік құрылымдарының пірлеріне айналды. Қожа – парсы тілінен енген бұл сөзбен Орталық Азияда төмендегі топтарды атаған.

Мұхаммед пайғамбардың және төрт халифасынан тараған ұрпақтар.
Жергілікті халыққа Ислам дінін уағыздаған, дін жолында білім берген тұлғалар және олардың ұрпақтары.
Атақты Нақшбанди сопы ұстазы Ахмад Касанидің (1461-1542) ұрпақтары аталады. Қожалар Шынжаңдағы ұйғыр әлеуметінің арасында жетекшілік атқарып келген. Махдум-и-азам (ұлы ие) деген жанама атпен де белгілі Ахмад Касанидің өзі шығыс Түркістанда ешқашан болмаса да, оның «махдумзадалар» деп аталып, «қожа» атағына ие ұрпақтары 17-19 ғасырларда сол аймақтың саясатында маңызды роль атқарған.
Дәстүрлі қазақ шежіресінде қожалар келесіге бөлінген:

Пайғамбардың ұрпағы деп саналатын әулеттер
Әзреті Әлидің екі ұлы, Хусейннің ұрпағы – Сейт қожалар, Хасанның ұрпағы – Ховандық қожалар (Ташкент қаласында біраз үй бар).
Хазреті Алидің Рум патшасының қызы Ханафиядан туған ұлы, Мұхаммад Ханафияның ұрпағы Абдул Жаппар – Абдул Фаттах – Абдул Қаххар – Абд ар Рахман, Абд – Рахым. Абд Ар Рахман – Исхақ баб пен Абд ул Жалил баб, Абд ул-Жалил бабтан тарайтын Хорасан қожалар, Дуана қожалар және Нияз қожа балалары.
Исхақ бабтың ұрпақтары Аққорғандық қожалар мен Бахшайыш қожалар.
Абд Рахым Бабтың ұрпағы – Қарахандық қожалар. Бұл әулет Қарахандық, Қуланбастық, Ақ көлдік және Зергер қожалар.
Әбу Бәкр Сыддықтың ұрпағы, Сунақ қожалар (алты сыйық) және Шәмші қожалар мен Қылауыз қожалар.
Хазреті Омардың әулеті, Қырық садақ қожалар, Шайхантауыр қожалар және Бабайлық қожалар.
Жергілікті халықтан шыққан Ислами білім алған, халыққа «илм хикмет» – дін жолын үйреткен тұлғалар және олардың ұрпақтары. Олар: Керейт, Түрікпен қожалар.

Шежіре бойынша қазақ халқының «асыл текті» болып саналатын бөлігі төрелерден (Шыңғыс ханның ұрпағы) және қожалардан тұрады және үш жүзге енбейді. Қожа руының таңбасы — « ﺁ » (әлиф – әрпі), ұраны — «Алла», «Қожа Ахмет».

Қожа-молдалар совет үкіметі орныққанға дейін, халық арасында дінді уағыздаумен қатар, неке қию, сүндетке отырғызу, жаназа шығару, зікір салып емдеу және т.б. рәсімдерін атқарып отырған. Қазақ халқының рулық, тайпалық, жүздік құрылымдарының пірлеріне айналды. Аққорғандық қожалар Ұлы жүз рулары мен Орта жүздің бір бөлігінің, Хорасан қожалар Орта жүздің бір бөлігі мен тұтас Кіші жүз руларының, сонымен қатар Жошы ханның Шибаннан тараған ұрпақтарының пірі болып саналды. Дуана қожаларды Орта жүз бен Ұлы жүздің кей рулары, сондай-ақ, Орда Ежен ұрпақтары, кейіннен қазақ хандары пір тұтты. Қарахан қожалар – Ұлы жүздің кейбір руларының және өзбек халқы мен қырғыз халқына сіңіп кеткен ру, тайпалардың пірі болды. Иасауи тариқатындағы қожалар әулеті қазақ халқының рухани-мәдени, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлік бірлігін қамтамасыз етуде, қазақ мемлекеттігінің қалыптасуында маңызды рөл атқарды. қожалар әулетіндегі Қылышты және Сабылт қожалар нақшбандийа тариқатын ұстанды. қожаларға қазақ хандығында жоғары құрмет көрсетіліп, ерекше құқықтық артықшылықтар берілді (қ. Жеті Жарғы). Қазіргі уақытта қожалар Орталық Азия елдеріндегі этностардың тарихи құрамдас бір бөлігі болып қалыптасқан. Отбасылық әдет-ғұрыптарында кейбір этномәдени ерекшеліктері сақталғанымен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жергілікті халықтармен астасып кеткен. Өмір сүрген ортасына қарай шартты түрде “өзбек қожа”, “түрікмен қожа”, “татар қожа”, тағыда басқа болып аталады. Қазақстанда қожалар көп шоғырланған жерлер Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары.
Ахмад Касанидің ұрпақтары
Исхақилер («қара тағлықтар»)

Ахмад Касанидің екінші ұлы Мұхаммад Исхақ Уәли Шығыс Түркістанда бірнеше жыл болған. Оның ізбасарлары «қара тағлықтар», яғни қара тауда тұратындар деп аталды. Олардың ықпалы негізінен Ярканд қаласына жүріп тұратын.
Афақилер («ақ тағлықтар»)

Қожалардың тағы бір тармағы Ахмад Касанидің үлкен ұлы Мұхаммад Әминнен бастау алады. Ол тағы «ишон-и калон» деген атпен белгілі. Олардың Шығыс Түркістанға келгендерінің алғашқысы — Мұхаммад Әминнің ұлы Қожа Жүсіп. Махдумзадалардың бұл тармағы Қашқарда қоныс теуіп, олар Қожа Һидаятулланың Қожа Афақ деген атымен «афақилер» деп аталып кетті. Олар «ақ тағлықтар», яғни ақ тауда тұратындар деген атпен де белгілі.

жузден тыс рулар, кожа, кожалар, үйсін, уйсин, ұлы жүз, улы жуз, уйсиндер, ,
5 2 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх