...

ҚЫРҒЫЗ РУЫ

Қырғыз руы – қазақ халқының құрамындағы ру. Орта жуздің жерінде мекендейді, бірақ жүзге кірмейді. Шығу тегі қырғыз халқынан 18 ғ. Көкшетау, Қарқаралы өңірерін мекен етеді.

Бай қырғыз, Жанңа қырғыз, Құсшы қырғыз, Сары қырғыз, Жүнді қырғыз және тб.

Ш. Уәлиханов Абылай ханның тұтқын қырғыздарды Атығайдың арасына қоныстандырған соң олар Атығайға Байқырғыз, Жаңақырғыз, Сару, Құсшы қырғыз атасы болып сіңісіп кеткенін жазады.

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының Темірші тауының бөктерінде және Ақтоғай ауданының Қызыларай, Ақсораң аймағында қалың Қаракесектің ішінде, өздерін қырғыз атайтын жұрт мекен етеді. Әлкей Марғұлан, Ежелгі жыр-аңыздар атты кітабында бұл қырғыздың Абылай заманындағы қырғыздар емес, қазаққа сіңген ескі қырғыздар екенін дәлелдеп жазады. Манас батыр жырын талдап жазған Әлкей Марғұлан, Манас Арқаға келгенде, Бегазы тауының бөктерін жайлағанын дәлелдейді. Әрі аңыз бойынша Бегазы тауының басында Манас батырдың Аққұла тұлпарының тас ақыры болған екен. Оған қоса ғалым, Ақтоғай өңірінде мекен ететін Манас, Танас руларының осы Манас батырға қатысы бар деген деректі де келтіре кетеді. Ақтоғай ауданының Жидебай селолық округіндегі ескі тарихи орындардың бірі Көрпетай тауының бөктеріндегі, Отыз жеті батыр қорымы. Кейінгі ғылыми әдебиеттерде Отыз жеті батыр деп жазылғанымен, дұрысы Отыз жеті шора. Әлкей Марғұлан жазатын қазақтың ескі аңызында Манастың Арқаға қырық шорамен келгені баяндалады. Манастың соңына ерген қырықтың үшеуі тірі қалған дейді аңыз тағы да. Көрпетай етегіндегі 37 батырдың қорымы Манастың серіктері емес пе екен? Ал өздерін Қырғыз руынанбыз деп жүрген жұрт, сол тірі қалған үш шораның ұрпағы емес пе?

Қырғыз руының келесі бір қалың шоғыры Ақмола, Көкшетау аймағында қоныстанған. Бұл қырғыздар мен Қарқаралы, Ақтоғай Қырғыздарының арасында туыстақ байланыс жоқ. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бауырлас екі елдің арасында қақтығыстар орын алады. Аблай бастаған Қазақ қолы,Қырғыздарды кері шегіндіріп тастап, қолға түскен тұтқындарды құл есебінде қазақ даласына алып келіп, Ақмола өңіріне қоныстандырған екен. Өздерін қырғыз санайтын рулар солардан тараса керек.

Кенесары ханды өлтірген Қырғыз манаптары Қазақтардың кек қуалауынан қорқып,қазақ сұлтандарына құн төлейді. Сол құн арасында жүз ақсүйек жігітті құлдыққа қосып берген екен. Бұлар да Көкшетау, Ақмола өңіріне қоныстандырылып, Қазаққа сіңіп кеткен.

кыргыз руы, жузден тыс рулар, киши жуз, үйсін, уйсин, ұлы жүз, улы жуз, уйсиндер, ,
3.9 8 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
2 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Нурлан
Нурлан
4 лет назад

Меным ултым кыргыз брак меным руым естек кыргыздарда осы ру коппа алде азба соны блгым келеды

Эржан
Эржан
2 лет назад

Я казах но мировая история гласит что кыргызы существовали 3 веке до нашей эры Первые письменные слова о них были написаны 129 в 520 годах они жили в Алтае потом в 800-820 захватили уйгурский каганат а после наступление монголов их пересилили мой друг с Кыргызстан историк учился в Англии и там история про Кыргызстан написано так:кыргызы это племя варваров я не когда не видел таких людей они могут убить человека просто так и за того что он не кыргыз (K.lionfon) Мне говорили что Кыргызский ру был разделен на 5 части Кыргызской,андижанский,алтайской,китайской и так же монгольской и какой ещё 18 век… Подробнее »

Прокрутить вверх