...

ШӨМЕКЕЙ (ШӨМЕН)

Ұраны Дөйт.
Шөмекей руының да тарихы едәуір ертеден келеді деп санау керек. Н. Аристов пен Г. ГруммГржимайло шығыс деректемелері негізінде оларды VI ғасырда Барлық пен ТяньШань арасында мекендеген, шу тайпаларына жатқан чумугуны тайпасының ұрпақтары деп санайды. Өкінішке қарай, бізде бұл рудың тарихы жөнінде қандай да болсын басқа бір деректер жоқ, сондықтан Н. А. Аристовтың болжамын қабылдаймыз. Шөмекей руы туралы алғашқы анық мәліметтер орыс деректемелерінде бар және XVIII ғасырдың Шөмекей руы туралы келесі мағлұмат П. И. Бычковта бар, ол бұларды осы ордадағы аса атақтылар деп санаған.
Чумугун тайпасының дулаттардың (Ұлы жүз) ата бабасы болған дулу тайпалар одағына кіргені мәлім, алайда шөмекей руының таңба белгілері де, ұраны да олардың туыстығын дәлелдемейді. Сонымен бірге шөмекейлердің негізгі таңбасы ( ) (Аманжолов бойынша) немесе(Гродеков пен Тынышбаев бойынша) жалпы алшындардың таңбасына (әсіресе біріншісі) ұқсас. Бұл шөмекей руының алшындар құрамына ерте кезден енгенін дәлелдейді. Осыған байланысты бұл рудың шыққан тегі туралы А. Левшиннің біршама аңғал түсінігі ықылас қоярлық. Ол былай деп жазады: Кіші орданың шөмекей руы бұрын қырғыз қазақтарға жатпаған… өз атауын олар Шыңғыспен жауласқан кезде одан бөлініп шығып, өзін жақтаушылармен бірге қазір Орта орда алып жатқан жерге келген өз ханы Шөмекейден алған деп санайды. Оның ұрпағы АюСырым Сарысу өзенінің төңірегіне ие болып алып, өзінің жалғыз мұрагер қызын Әлімнің (Әлімұлы ұрпағының бабасы) ұлына күйеуге берген, содан барып оның бодандары қырғыз қазақтармен біріккен.
Шөмекей руының басқа бір таңбасы (И.Мемер мен Аманжолов бойынша), біздің төменде көретініміздегі, Кіші жүздің Қаракесек руының таңбасына жақын. Шөмекей руының ұраны Дейт (Гродеков, Тынышбаев және Аманжолов бойынша).
М. Тынышбаев жазып алған шежіре мен ел арасынан жиналған мәліметтердің деректері бойынша, Шөмекей руының көнек, тоқа, аспан және бозғұл деген төрт тармағы бар. Т. А. Жданко келтірген аңыздарға қарағанда, біз қарақалпақтар арасынан Шөмекей руынан шыққан, аша, құйын, әйтеке және шеруші руларының бабасы болған Тәңке есімді көсемінің бар екенін көреміз.
Жоғарыда біз шөмекей рулары таңбаларының бірі, атап айтқанда, таңбасы қаракесек руының таңбасына ұқсас дедік. Бізге белгілі тарихи әдебиеттерде Кіші жүзге кіретін Қаракесек руы туралы мәліметтер жоқ. Сонымен бірге Орта жүзде аса ірі тайпалардың бірі (арғын) құрамында Қаракесек руы бар. Кіші жүздің Қаракесек руының өкілдері Орта жүздің қаракесектеріне туыс деп жорамалдауға болады. Кезінде Н. А. Аристов та осындай пікір айтқан.

Шөмекей руының ұрпағы жіберген мәліметтерден
Қазақ халқының құрамындағы рулар бірлестігі. Шежіре деректеріне қарағанда, Кіші жүз құрамына кіреді. Одан көнек, тоқа, аспан, бозғыл рулары тарайды.. Қытай жылнамасындағы дерек бойынша 654 жылы қытайлар Шу бойындағы Чумугунь тайпасы өмір сүрген.. Кейінірек Шөмекейлер бөлініп, Алтай тауынан асып қазіргі Қазақстан жеріне көшкен. Олардың Дулат тайпасының құрамында болуы да шындыққа жанасады, бірақ тайпалық таңбасы бөлек . Естуімізше Дөйт Шөменнің (Шөмекейдің) бауыры болған артынан ерген ұрпағы болмаған соң, аты ұмытылмасын деп ұранға айналдырған. Таңба жағынан олар Кіші жүздегі алшын және қаракесек руларының таңбасына ұқсас (И.Мейер, С.Аманжолов). 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Шөмекейлер Қазалы у-н (Қармақшы ауданы), Сырдың төм. сағасын, Перовск у-нің солтүстік-шығыс жағын Ақтөбе бекінісін, Ырғыз бекінісінің барлық аймағын мекендейді. Басқа да көшпенділерге ұқсас мал шаруашылығымен айналысқан.
Шөмекей (Шөмен)
Ұраны Дөйт
Шөмекей тайпасынан 4 ру Тоқа , Көнек, аспан, Бозғыл.
Тоқадан
1. Кескем
2. Қармыс
3. Есқара
Көнектен
1. Ағысай
2. Бегісай
3. Меңісай
Аспаннан
Есімбет Баршы
1. Боғанай 1. Боқай (Бақашы)
2. Тоғымбет 2. Бақты
3. Жантін (Төбет) 3. Мәмбет

үйсін, уйсин, ұлы жүз, улы жуз, уйсиндер, ,
4 25 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
4 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Еркебулан
Еркебулан
4 лет назад

Жері атамды білгім келеді

Еркебулан
Еркебулан
4 лет назад

Руым Шөмекей.мен білетін Әкемменен қосқанда үш Атамды білем арғы аталарымды білмейді екен соны қалай қайдан табуға болады

Марлен
Марлен
4 лет назад

Руым Балжан Сырым аспаннан тарайды әкемді қосқанда төрт атамды білемін толығырақ қайдан іздесем болады

Санат
Санат
3 лет назад
Ответ  Марлен

Қай жақтан боласыз ғой
87059197603

Прокрутить вверх