...

ТАҒЫ ДА КЕЛІНГЕ

Бөтен жан жоқ бұл жерде,

Қызады думан дүркіреп.

Айтылар үйленгендерге

Айшықты бата, нұр тілек.

Сызылған жібек мінезі,

Көңілін жұрттың ырза ғып.

Табысып тәтті тілегі,

Бақыттан жүзі тұр жанып.

Құтты болсын қадамы,

Ағайынның бәрі мәз.

Ашық екен ажары,

Жайма-шуақ, жаны -жаз.

Періштедей қыз екен,

Құдай берген пейілге.

Тілекке жетік тілеген,

Нұр жаусын аппақ келінге.

Жан екен өзі түсі игі,

Айналдым бапанымнан.

Аялап бақыт құсыңды,

Түсірме алақаныңнан!

келин, келін, тилек, тілек, асаба,тамада,сози,текст,сойлеу,тилектер,тосттар,айту
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх