Тілік Ұлы жүздің ысты тайпасынан тарайтын ру. Н.Аристовтың Диқанбай батырдан жазып алған шежіресінде ысты ойық, тілік болып екі тармаққа бөлінеді. А.Нұрбеков шежіресінде ыстыдан Жауатар. Одан ойық, тілік, көкшекөз, ауызүсіген, сәтек. Жазба деректерде тілік орта ғасырдан белгілі ру. Фахреддин Мубарәкшаһтың Тарихында Қазақстан жерін мекендеген көптеген тайпалар ішінде тілік те аталады. Бұл 13 ғасырдағы дерек. Тілікпен қаңлының таңбасына (көсеу) қарай М.Тынышбаев, Аристов, С.Аманжолов тілікті 13 ғасырдағы Қаңлы одағындағы ру деген пікір айтады. Бірақ бұлардан өзге көптеген зерттеушілер әрі шежіре деректері ойықтың таңбасына қарап (ОО көз таңба) дулатпен туыстығын анықтайды. Қазан төңкерісіне дейін тілік ұрпақтары Іле бойын, Верный, Әулие-ата уездерін мекендеген. Ұраны Жауатар, таңбасы (көсеу).
Подписаться
0 Комментарии
Старые