Тутаңбалы Ұлы жүз бірлестігіне енетін рулардың түп атасы. Шежіреші Батыршаның деректері бойынша майқыдан бақтияр, одан ойсыл, үйсін. Ойсылдың 30 ұлы болған. Содан тараған үрім-бұтақтары: Тутаңбалы (өтеп), байлы, бораш. Байлыдан сіргелі руы, ал бораштан қайшылы руы тарайды. Аз тараған Тутаңбалы атасы сіргелімен еншілес болып, сіргелі атанып кеткен. узбеханның Михманнама-и Бұхара атты шығармасындағы дерекке қарағанда 15, 16 ғасырларда Ташкент пен Сыр бойында тұрған ноғайлы елінде үштаңбалы, төрттаңбалы, Тутаңбалы аталған рулар болған. Қазан төңкерісіне дейін Тутаңбалы сіргелі, қатаған, қайшылы, құрама ру-тайпаларымен араласып, Ташкентті мекендеген.
Подписаться
0 Комментарии
Старые